Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwhf 1-мақала
  • Ашу-ызаны қалай тізгіндеуге болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ашу-ызаны қалай тізгіндеуге болады?
  • Отбасыңыз берекелі болсын
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мұны білген жөн
  • Сіз не істей аласыз?
  • “Терең түсінік адамды ашуға баяу етер”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жан саулығы
    Ояныңдар! 2019
Отбасыңыз берекелі болсын
ijwhf 1-мақала
Ыдыс-аяқ жуып жатқан әйел күйеуінің теледидар көріп жатқанына ашулы

ОТБАСЫҢЫЗ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН

Ашу-ызаны қалай тізгіндеуге болады?

Жұбайыңыздың қандай да бір сөзі не әрекеті сіздің ашуыңызға тиеді делік. Осы кезде сіз іштей ашуыңызды басуға тырысасыз. Бірақ жұбайыңыз бір нәрсенің болғанын сезіп, сізді сұрақ астына ала бастайды. Бұнысы одан бетер қитығыңызға тиеді. Осындай жағдайларда қалай ашуды тізгіндеуге болады?

  • Мұны білген жөн

  • Сіз не істей аласыз?

Мұны білген жөн

  • Ашу-ыза денсаулыққа зиян. Бір зерттеуге сай, ашуды тізгіндемейтін болсақ, бұл қан қысымының жоғарылауына, жүрек ауруына, депрессияға және асқорыту мүшелерінің ауруларына әкеп соғады. Қала берсе, ұйқысыздыққа, сарыуайымға, тері ауруларына, тіпті инсультке шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан да Киелі кітапта: “Ашуланба, қаһарланба”,— делінген (Зәбүр 37:8).

  • Ашуды іште сақтап жүру де зиян. Мұны адамды ішінен құртатын ауруға теңеуге болады. Мысалы, мұндай адам сынап-мінегіш болып кетуі мүмкін. Соның кесірінен некеде үлкен қиындықтар туады.

Сіз не істей аласыз?

  • Жұбайыңыздың жақсы қасиеттерін байқай біліңіз. Жұбайыңыздың сізге ұнайтын үш қасиетін жазып қойыңыз. Келесі жолы жарыңыздың бір ісіне ашуланған кезде, жазып қойған сол қасиеттер туралы ойланыңыз. Бұл сізге ашуыңызды тізгіндеуге көмектеседі.

    Киелі кітап кеңесі: “Әрдайым алғыс білдіріңдер” (Қолостықтарға 3:15).

    Ыдыс-аяқ жуып жатқан әйел күйеуінің үй тірлігіне көмектесетінін, мұқият тыңдайтынын және ауырып қалғанда, қамқорлайтыны жайлы ойланып тұр
  • Кешірімді болуды үйреніңіз. Болған жағдайға жұбайыңыздың көзқарасымен қарауға тырысыңыз. Бұл сізге жанашырлық танытуға көмектеседі. Киелі кітап мұны “қайғыға ортақтас болу” деп атайды (Петірдің 1-хаты 3:8). Сосын өзіңізден былай деп сұрап көріңіз: Мені ашуландырған жағдай жұбайымды кешіре алмайтындай сонша ауыр ма?

    Киелі кітап кеңесі: “Кінәні кешіргені тартымды етер” (Нақыл сөздер 19:11).

  • Сезімдеріңізді мейірімділік пен ілтипаттылық таныта отырып жеткізіңіз. “Мен” деген есімдікті қолданыңыз. Мысалы, “Сен неге телефон шалып, қай жерде жүргеніңді айтып ескертпейсің?” деп айтудың орнына, “Білесің бе, кеш болып қалған кезде қай жерде жүргеніңді білмесем, мен сені ойлап уайымдаймын” десеңіз болады. Ойыңызды жұмсақтықпен жеткізе білсеңіз, бұл ашуды тізгіндеуге көмектеседі.

    Киелі кітап кеңесі: “Сөздерің әрқашан жағымды да дәмді болсын” (Қолостықтарға 4:6).

  • Құрметпен тыңдай біліңіз. Ойыңызды айтып болғаннан кейін, жұбайыңызға сөз беріп, оны бөлмей тыңдаңыз. Жұбайыңыз сөзін аяқтағаннан кейін, оны дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу үшін, оның айтқандарын өз сөзіңізбен қайталап айтып көріңіз. Осылай жай ғана тыңдай білгеніңіз ашуды тізгіндеуде зор көмегін тигізеді.

    Киелі кітап кеңесі: “Тыңдауға жүйрік, сөйлеуге... баяу болсын” (Жақып 1:19).

Тим мен Дженнифер

“Егер ашуды жай ғана іште сақтай берсеңіз, бір күні болмаса бір күні проблема қайта туындағанда, ашудан жарыласыз. Оданша қиындықтарды бір-біріңізге құрмет таныта отырып шешіңіздер. Күйеуім екеуміз бір мәселені талқылап болған соң бір-бірімізге: “Қайтадан достасайықшы”,— деп айтамыз” (Дженнифер мен Тим).

Джейд пен Кори

“Күйеуім мені әрдайым тыңдайды және уайымымды жақсы түсінеді. Оның сол қасиетіне қатты ризамын. Тіпті менімен келіспеген жағдайда да көзқарасымды ескереді. Ол ешқашан менің сезімімді мазақ етіп, қадірімді түсірген емес” (Джейд пен Кори).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу