Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 75-мақала
  • Досым ренжітсе не істеймін?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Досым ренжітсе не істеймін?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мұны білген жөн
  • Былай істеп көр
  • Кешірімді болу деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • “Осы кішілерді” сүріндірмеңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • 4 Кешірімшілдік
    Ояныңдар! 2018
  • Шын көңілден кешір
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Жастардың сауалдары
ijwyp 75-мақала
Бір қызға ауыр сөздер айтып тұрған қыз

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Досым ренжітсе не істеймін?

  • Мұны білген жөн

  • Былай істеп көр

  • Құрдастарыңның ой-пікірі

Мұны білген жөн

  • Қиындықсыз қарым-қатынас жоқ. Досым, тіпті жан досым деп жүрген адамың да кемелсіз болғандықтан, көңіліңе тиетін бір нәрсе айтып не істеп қоюы мүмкін. Рас, қателеспейтін адам жоқ. Өзіңнің де біреуді ренжітіп қойған кезің болған шығар (Жақ. 3:2).

  • Ғаламтор ренжуге себеп бола алады. Давид есімді жасөспірім былай дейді: “Ғаламтордан досыңның отырыста түскен суреттерін көргенде, бірден “Мені неге шақырмаған?!” деген ой келеді. Содан көңілің түсіп, өзіңді сатып кеткендей сезінесің”.

  • Келіспеушілікті шешу қолыңнан келеді.

Былай істеп көр

Өзіңді тексер. Киелі кітапта: “Ренжуге асықпа, себебі реніш — ақымақтықтың белгісі”,— делінген (Уағыздаушы 7:9, сілтеме).

“Кейде болмайтын нәрсеге ренжігеніңді кейін ғана түсініп жатасың” (Алиса).

Ойланып көр: түймедей нәрсені түйедей қылып жіберуге бейімсің бе? Басқаның кемшіліктеріне төзіммен қарауға тырысып көргің келе ме? (Уағыздаушы 7:21, 22).

Кешірудің пайдасы жайлы ойлан. “Кінәні кешіргені [адамды] тартымды етер”,— делінген Киелі кітапта (Нақыл сөздер 19:11).

“Тіпті ренжуге себебің болса да, кешіргенің дұрыс. Бұл оның қателігін есіне қайта-қайта салып, кешірім сұрата бермеуді білдіреді. Кешіргенде, біржолата кешіру керек” (Мэлори).

Былай деп ойланып көр: бұл ренжитіндей үлкен мәселе ме? Татулық сақтау үшін кешіре аласың ба? (Қолостықтарға 3:13).

Жылы бөлмеге суық ауа кіргізу

Досыңа ренжіген әр жағдайды айта беру аязды күні есік аша беріп, жылы үйге суық ауа кіргізумен бірдей

Досыңның да ойын ескер. Киелі кітапта: “Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар”,— деп айтылған (Філіпіліктерге 2:4).

“Бір-бірін жақсы көріп, құрметтейтін достар келіспеушілікті тез шешуге тырысады. Себебі осы уақытқа дейін достықтарын нығайтып келді, енді оны бұзып алғылары келмейді” (Николь).

Мына жайлы ойланып көр: досыңның айтқандарының ең болмағанда бір-екеуі дұрыс болуы мүмкін бе? (Філіпіліктерге 2:3).

Ойтүйін. Реніш сақтамауды үйренгенің ересек өміріңде аса қажет болады. Ендеше, неге мұны қазірден бастап үйренбеске?!

Құрдастарыңның ой-пікірі

Киана

“Болған әр жағдайды талқыға салудың қажеті жоқ. Іштей кешіре алсам, қателікке көз жұмып, ұмыта саламын. Сонда майда-шүйде әрбір нәрсені көтеріп, татулықты бұзбаймын” (Киана).

Трей

“Досыммен келіспей қалған әр жағдайда “Осыған бола арамызды суытудың қажеті бар ма?” деп ойланамын. Көбіне “қажеті жоқ” деген тоқтамға келемін” (Трей).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу