Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwbq 114-мақала
  • “Жеті ажалды күнә” деген бар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Жеті ажалды күнә” деген бар ма?
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың жауабы
  • Күнә деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • ‘Кешіруге дайын’ Құдай
    Ехобаға жақында
  • Құдай мені кешіре ме?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Ехоба кешірсе, толықтай кешіреді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
ijwbq 114-мақала
Мұңайып отырған ер адам

“Жеті ажалды күнә” деген бар ма?

Киелі кітаптың жауабы

Киелі кітапта “жеті ажалды күнә” жайында нақты айтылмаған. Алайда онда ауыр күнәға батқан адам құтқарылуға деген үмітінен айырылып қалуы мүмкін екені жазылған. Ондай ауыр күнәларға жыныстық азғындық, пұтқа табынушылық, бақсы-балгерлік, ашу-ызаға берілу, маскүнемдік секілді “тәннің істері” жатады. Киелі кітапта: “Осындаймен айналысатындар Құдай Патшалығын мұра етпейді”,— делінген (Ғалаттықтарға 5:19—21)a.

Киелі кітапта Құдай “жетеуді жаны мүлдем жаратпайды” делінген емес пе?

Иә, олай делінгені рас. Нақыл сөздер 6:16-да: “Жаратқан Ие мына алтауды жақтырмайды, Тіпті жетеуді жаны мүлдем жаратпайды”,— делінген (“Жаңа өмір” баспасы). Бірақ Нақыл сөздер 6:17—19 тармақтарда айтылған күнәлардың тізімі мұнымен бітпейді. Бұл тармақтарда жамандық атаулымен, соның ішінде оймен, сөзбен және іс-әрекетпен, байланысты күнәлардың негізгі түрлері айтылғанb.

“Өлімге апаратын күнә” деген не?

Киелі кітаптан көрінетіндей, кез келген күнә өлімге жетелейді. Әйткенмен біз Иса Мәсіхтің төлем құрбандығының арқасында күнә мен өлімнен құтқарыла аламыз (Римдіктерге 5:12; 6:23). Ендеше “өлімге апаратын күнәға” Мәсіхтің құрбандығы жаба алмайтын күнә жатады (Жоханның 1-хаты 5:16). Осындай күнә жасайтын адамның оған құнығып кеткені сонша — көзқарасын да, жүріс-тұрысын да ешқашан өзгертпейді. Киелі кітапта мұндай күнә “кешірілмейтін” күнә деп те айтылған (Матай 12:31; Лұқа 12:10).

“Жеті ажалды күнә” деген түсінік қайдан шыққан?

“Жеті ажалды күнә” деген түсінік кезінде зұлымдық деп есептелген сегіз жаман нәрседен шыққан. Сегіз күнә тізімін б. з. IV ғасырында мистик Евагрий Понтийский жасаған. Ал оның еңбегі монах әрі тақуа Иоанн Кассианға өз жазбаларын жасауға серпін берген. VI ғасырда Рим папасы I Григорий әлгі Кассиан жасаған сегіз зұлым істің тізімін өзгертіп, өлімге апаратын негізгі жеті күнәнің тізімін жасады. Рим-католик шіркеуінің іліміне сай, бұл күнәларға өркөкіректік, ашкөздік, нәпсіқұмарлық, іштарлық, мешкейлік, ашу-ыза мен жалқаулық жатады. I Григорийдің бұларды негізгі күнә деп айтуының себебі — басқа күнәлардың көбісі осылардан келіп шығады.

a Ғалаттықтарға 5:19—21 тармақтарда ауыр күнәнің 15 түрі тізіліп шыққан. Бірақ бұл тізім осымен шектелмейді. Өйткені 21-тармақта “және осы сияқтылар” деген сөз бар. Осылайша оқырман “осы сияқтылар” дегенге не жататынын өзі ойлануға шақырылады.

b Нақыл сөздер 6:16-да көне еврей тіліндегі идиома қолданылған. Бұл жердегі бірінші сан екінші санның маңыздылығына баса назар аудару үшін қойылған. Мұндай көркемдік тәсіл Киелі жазбаларда жиі қолданылады (Әйүп 5:19; Нақыл сөздер 30:15, 18, 21).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу