Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwfq 38-мақала
  • Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?
  • Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба куәгерлері отбасын берік етуге қалай үлес қосады?
  • Басқа дінге өту отбасының шырқын кетіре ме?
  • Неге Ехоба куәгерлері өз дініндегі адаммен ғана неке құру керек деп есептейді?
  • Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Неке — сүйіспеншілікке толы Құдайдың сыйы
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Мәсіхшілік некеңіз баянды болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
Көбірек мәлімет
Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
ijwfq 38-мақала
Ерлі-зайыпты кішкентай ұлдарын ата-әжесіне алып келді

Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?

Біз, Ехоба куәгерлері, өзіміздің де, өзгелердің де отбасыларының іргесін берік етуге тырысамыз. Біз отбасына бастама берген Құдайды қастерлейміз (Мұсаның 1-жазбасы 2:21—24; Ефестіктерге 3:14, 15). Құдай өз Сөзі — Киелі кітапта отбасына қатысты көптеген жақсы кеңестер берген. Олар дүниенің төрт тарабындағы адамдарға некелерін баянды да берік етуге көмектескен.

Ехоба куәгерлері отбасын берік етуге қалай үлес қосады?

Киелі кітаптағы кеңестер бізге жақсы күйеу, аяулы жар, тәрбиелі бала болуға көмектесетіндіктен, оларға құлақ асуға барынша тырысамыз (Нақыл сөздер 31:10—31; Ефестіктерге 5:22—6:4; Тімөтеге 1-хат 5:8). Киелі кітаптағы дана сөздер тіпті екі түрлі дінді ұстанатын отбасыларын да берік етуге септігін тигізеді (Петірдің 1-хаты 3:1, 2). Жұбайлары кейіннен Ехоба куәгері болған кісілердің сөздеріне назар аударыңызшы:

  • “Отасқаннан кейінгі алты жылымыз ұрыс-керіс пен ашу-ызаға толы болды. Бірақ әйелім Ивити Ехоба куәгері болғаннан кейін, анағұрлым мейірімді әрі сабырлы бола бастады. Оның жақсы жаққа өзгергенінің арқасында шаңырағымыз шайқалмай, аман қалды”. (Клауер, Бразилия).

  • “Күйеуім Ханза Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттей бастағанда, қарсы болдым, өйткені олар отбасымызды ойран етеді деп ойладым. Бірақ байқағаным — Киелі кітап, керісінше, отбасымызға жақсы әсер етті”. (Агнес, Замбия).

Біз адамдарға Киелі кітаптағы кеңестердің мынадай өмірлік мәселелерде пайдалы екенін көрсетеміз:

  • жарды дұрыс таңдай білу;

  • некенің алғашқы жылдарынан сүрінбей өту;

  • ата-енемен жақсы қарым-қатынаста болу;

  • ақшаны ұқсата білу;

  • ұрыс-керісті болдырмау;

  • кешіре білу;

  • бала тәрбиелеу.

Басқа дінге өту отбасының шырқын кетіре ме?

Рас, кейде бұл солай болып жатады. Мысалы, “Софрис” зерттеу компаниясының мәлімдемесіне сай, жұбайлардың бірі Куәгер болуды шешкен 20 некенің 1-інде қиындықтар туындаған екен.

Иса пайғамбар оның өсиеттерін ұстанған адам кейде отбасы жағынан қарсылық көретінін айтып кеткен (Матай 10:32—36). Тарихшы Уилл Дюранттың айтуынша, Рим империясының тұсында “мәсіхшілерге отбасын бұзады деген айып тағылған”a. Бүгінде де кейбір Ехоба куәгерлеріне сондай айып тағылып жатады. Алайда отбасындағы кикілжіңге Куәгерлер себепші ме?

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Соттың (АҚЕС) ғимараты

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот Ехоба куәгерлері отбасын бұзады деп тағылған айыпты қарастырғанда, отбасындағы ұрыс-керісті көбінесе Куәгер емес отбасы мүшелері бастайтынын айтқан болатын. Соттың айтуынша, олар “туысының діни бостандығын құрметтемейді және өз сеніміне сай жүріп-тұруына мүмкіндік бергілері келмейді... Мұндай жағдай әртүрлі дінді ұстанатын отбасыларында кең тараған, Ехоба куәгерлері де бұдан шет қалмайды”b. Ехоба куәгерлері діни төзбеушілікке кезіккенде де, Киелі кітаптағы мына кеңеске сай әрекет етуге тырысады: “Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар... Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар” (Римдіктерге 12:17, 18).

Неге Ехоба куәгерлері өз дініндегі адаммен ғана неке құру керек деп есептейді?

Куәгерлер Киелі кітаптағы “тек Иеміздің ізбасарына (яғни өз дініндегі адамға) шығу керек” деген нұсқауға құлақ асады (Қорынттықтарға 1-хат 7:39). Бұл нұсқау Құдай Сөзіне негізделген әрі пайдалы. Мысалы, 2010 жылы “Неке мен отбасы” журналында (“Journal of Marriage and Family”) жарық көрген бір мақалада “бір дінді ұстанатын, өмір салты мен нанымдары бірдей ерлі-зайыптылардың” қарым-қатынасы әлдеқайда берік болып келетіні сөз етілгенc.

Алайда Куәгерлер бір сенімдегі бауырластарын өздерінің Куәгер емес жұбайларынан ажырауға шақырмайды. Киелі кітапта былай делінген: “Егер бауырластың әйелі өзімен бір сенімде болмаса, бірақ онымен тұруға келіссе, әйелін тастамасын. Сол сияқты, әйел де күйеуі бір сенімде болмағанмен, бірге тұруға келіссе, оны тастамасын” (Қорынттықтарға 1-хат 7:12, 13). Ехоба куәгерлері осы бұйрыққа құлақ асады.

a “Цезарь және Мәсіх” (“Caesar and Christ”, 647-б.).

b “Мәскеу қаласындағы Ехоба куәгерлерінің діни қауымы Ресей Федерациясына қарсы” іс (26, 27-б., 111-абз.).

c “Неке мен отбасы” журналы (“Journal of Marriage and Family”, №4, 2010 жыл, тамыз, 72-том, 963-б.).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу