Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 23-мақала
  • Біреу мен жайлы өсек айтса, не істеймін?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Біреу мен жайлы өсек айтса, не істеймін?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Өсек неге ауыр тиеді?
  • Қолыңнан келмейтіні: ел аузына қақпақ бола алмайсың
  • Қолыңнан келетіні: өсектің шырмауынан шыға аласың
Жастардың сауалдары
ijwyp 23-мақала

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Біреу мен жайлы өсек айтса, не істеймін?

  • Тест

  • Өсек неге ауыр тиеді?

  • Қолыңнан келмейтіні: ел аузына қақпақ бола алмайсың

  • Қолыңнан келетіні: өсектің шырмауынан шыға аласың

Тест

  1. Досыңның сен жайлы өсек таратқанын естідің. Бұған мән бермей, көз жұма аласың ба?

    • Әрине

    • Бұлай ету қиын

    • Мүмкін емес

  2. Досыңның сен жайлы өсек таратқанын естідің. Досыңа барып, мәселені (сабырмен) талқылай аласың ба?

    • Әрине

    • Бұлай ету қиын

    • Мүмкін емес

  3. Досыңның сен жайлы өсек таратқанын естідің және сенің де ол жайлы айтарың бар. Одан өш алмау саған оңай ма?

    • Әрине

    • Бұлай ету қиын

    • Мүмкін емес

Егер осы сұрақтардың біреуіне “бұлай ету қиын” не “мүмкін емес” деп жауап берген болсаң, бұл мақаладағы ойлар саған көмек болады.

Өсек неге ауыр тиеді?

Өзгелер біздің абыройымызды төгу үшін әдейі өсек-өтірік таратса, бұл бізге ауыр тиеді. Ол тіпті анау айтқандай өсек болмаса да, сыртымыздан айтылған сөздер біздің жанымызға батады, әсіресе оны жақын адамымыз айтқан болса (Зәбүр 55:12—14).

“Бір құрбым мен жайлы “өзгелерді мүлдем ойламайды” деп айтып жүр екен. Бұны естігенде жаман болдым! Не үшін олай айтқанын түсіне алмадым” (Эшли).

Шындық: Өсек таратқан адам досымыз болсын, не басқа біреу болсын — артымыздан айтылған сөз ешқайсысымызға да ұнамайды.

Қолыңнан келмейтіні: ел аузына қақпақ бола алмайсың

Адамдар түрлі себептермен өсек айтады, мысалы:

Адамдарға бір-бірінің өмірі қызық. Адамдар табиғатынан бір-бірімен араласқанды жақсы көреді. Сондықтан біреумен сөйлескенде, өзіміз жайлы (өзгелер жайлы) әңгіме айту — кәдімгі нәрсе. Киелі кітап та бізді өзгелерге жеке қызығушылық танытуға шақырады (Філіпіліктерге 2:4).

“Адамдар жайлы әңгіме айту — ең қызықты тақырып!” (Бианка).

“Шынымды айтсам, адамдардың өмірінде не болып жатқанын біліп, ол туралы өзгелерге айтқым кеп тұрады. Неге екенін білмеймін, бірақ бұл маған ұнайды” (Кати).

Іш пысқаннан айтады. Киелі кітап заманында “бос уақыттарын жаңалық айтумен я тыңдаумен ғана өткізетін” адамдар болған (Елшілердің істері 17:21). Бүгінде де дәл солай.

“Кейде адамдар өмірлері қызықсыз болып, айтуға әңгіме таппағанда, “қызықты оқиғаларды” өздері ойдан шығара бастайды” (Джоанна).

Өз-өзіне деген сенімсіздік. Киелі кітап өзімізді өзгелермен салыстырмауға шақырады (Ғалаттықтарға 6:4). Бұл бекер емес. Өйткені өкінішке қарай, кейбір адамдар өзінің сенімсіздігін жеңу үшін басқалар жайлы өсек айтады.

“Адамның өсек айтқанынан оның қандай екенін көруге болады. Көп жағдайда ондай адам өзі өсектеп жатқан адамға қызғанышпен қарайды. Өзгелер жайлы өсек таратып, өзін “мен олардан жақсырақпын” дегенге сендіргісі келеді” (Фил).

Шындық: бізге ұнасын, ұнамасын — адамдар өзгелерді әңгіме қылады, оның ішінде біз де бармыз.

Қолыңнан келетіні: өсектің шырмауынан шыға аласың

Жұрттың сен жайлы не айтатынын қадағалай алмайтын шығарсың, бірақ сондай кезде өзіңді қалай ұстайтының өз қолыңда. Мұндайда не істесең болады? Кем дегенде мына екі әрекетті істей аласың.

1. Мән берме. Көбінесе ең жақсы шешім — елемеу, әсіресе өсек мән беруге тұрмайтын болса. Киелі кітапта: “Ренжуге асықпа”,— деген кеңес бар (Уағыздаушы 7:9).

“Мен жайлы “бір жігітпен кездесіп жүр” деген өсек тарапты, ал ол жігітті мен ешқашан көрген емеспін! Бұған әбден күлкім келіп, мән бермей-ақ қоя салдым” (Элис).

“Өсекке қарсы ең күшті құрал — жақсы репутация. Адамдар біздің жүріс-тұрысымыздың жақсы екенін көрсе, біз жайлы қаншалықты жаман әңгімелер тарамасын, бұған сене қоймайды. Біз жайлы шындық өтірік әңгімелерді жеңіп шығады” (Алисон).

Кеңес: 1) сен туралы не айтқанын жаз, 2) бұл саған қалай әсер еткенін жаз. “Ойланып-толғанған” соң, бұған мән берудің қажеті жоқ екенін түсінерсің (Зәбүр 4:4).

2. Өсек таратқан адаммен сөйлес. Кейде адам сен жайлы көз жұмуға болмайтын өсек таратуы мүмкін, мұндайда онымен сөйлесу керек болады.

“Өсек таратқан адаммен сөйлессең, ол айтқан өсегі күндердің-күнінде сол адамға жететінін түсінеді. Сондай-ақ сөйлескеннің арқасында мән-жайдың басын ашып, мәселені шеше аласың” (Элис).

Сен жайлы өсек таратқан адаммен сөйлеспес бұрын Киелі кітап принциптерін қарастырып, мына сұрақтар жайлы ойлан:

  • “Мән-жайды тыңдамай жатып жауап қайтару — Ақымақтық” (Нақыл сөздер 18:13). “Мән-жайды толық білемін бе? Мен жайлы өсек айтқан адам естігенін дұрыс түсінбей қалмаған ба екен?”

  • “Әркім тыңдауға жүйрік, сөйлеуге және ашулануға баяу болсын” (Жақып 1:19). “Қазір сөйлесуге қолайлы уақыт па? Мәселеге жан-жақты баға беріп жатырмын ба? Кішкене күтіп, ашуым басылғанда сөйлескенім дұрыс па?”

  • “Басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер” (Матай 7:12). “Егер мен оның орнында болсам, менімен қалай сөйлескенін қалар едім? Қандай жағдайда сөйлескенін қалар едім? Қандай сөздер айтқанын, қандай мәнерде сөйлегенін қалар едім?”

Кеңес: Өсек шығарған адаммен сөйлеспес бұрын, оған не айтатыныңды жазып қой. Кейін бір не екі апта күтіп, жазғандарыңды қайта оқып шық, қандай өзгерістер енгізуге болатыны туралы ойлан. Не айтатының жайлы ата-анаңмен не толысқан досыңмен талқыла, кеңес сұра.

Шындық: Өмірде біз көп нәрселерге әсер ете алмаймыз, соның бірі — өсек сөздер. Бірақ өсектің шырмауына берілмеу өз қолымызда!

ҚҰРДАСТАРЫҢ НЕ ДЕЙДІ?

“Кейбір өсектер мән беруге тұрмайды, ал кейбіреулері атымызға кір келтіреді. Мұндайда өсек таратқан адаммен сөйлесу керек” (Брианна).

“Біреу сен туралы өсек айтса, өш алу үшін ол туралы да өсек таратпа. Әйтпесе өзің де сол адаммен бірдей боласың” (Оливия).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу