Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwbq 46-мақала
  • Шайтан Ібіліс шынымен бар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шайтан Ібіліс шынымен бар ма?
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың жауабы
  • Шайтан туралы тағы бір жаңсақ пікір
  • Ібіліс — жай ғана ырымшылдық емес
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол безіп кетеді
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Дүние шын мәнінде кімнің билігінде?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
ijwbq 46-мақала

Шайтан Ібіліс шынымен бар ма?

Киелі кітаптың жауабы

Иә, Шайтан Ібіліс шынымен бар. Ол — зұлым болып, Құдайға қарсы шыққан періште және “осы дүниенің билеушісі” (Жохан 14:30; Ефестіктерге 6:11, 12). Киелі кітап оның қандай екенін мына атау-сипаттармен көрсетеді:

  • Шайтан. Бұл “қарсылас” дегенді білдіреді (Әйүп 1:6).

  • Ібіліс. Бұл “жалақор” дегенді білдіреді (Аян 12:9).

  • Жылан. Киелі кітапта бұл сөз кейде “алдаушы” дегенді білдіреді (Қорынттықтарға 2-хат 11:3).

  • Азғырушы, не Әзәзіл (Матай 4:3).

  • Өтірікші (Жохан 8:44).

Шайтан жай ғана жамандық емес

Кейбіреулер Шайтан Ібілісті адамдардың бойындағы жамандық деп ойлайды. Бірақ Киелі кітаптан бұл олай емес екенін көреміз. Онда Құдайдың Шайтанмен сөйлескені жазылған. Құдай Тағала мінсіз әрі кемелді, сондықтан ол өз бойындағы жамандықпен сөйлесті деу ақылға қонымсыз (Мұсаның 5-жазбасы 32:4; Әйүп 2:1—6). Сонымен қатар Киелі кітапта Шайтанның күнәдан пәк таза болған Иса пайғамбарды азғырғаны жазылған (Матай 4:8—10; Жоханның 1-хаты 3:5). Демек, Шайтан шынымен бар, әрі ол — жай ғана жамандықтың бейнесі емес.

Көп адамдар Шайтан Ібілістің бар екеніне сенбей жатады. Бұған таңғалмау керек, себебі Киелі кітапта Шайтан өз мақсатына жету үшін алдамшылықты қолданатыны айтылған (Салоникалықтарға 2-хат 2:9, 10). Оның адамдарды адастыру үшін қолданатын ең күшті қулығының бірі — өзінің жоқ екеніне сендіру (Қорынттықтарға 2-хат 4:4).

Шайтан туралы тағы бір жаңсақ пікір

Жаңсақ пікір: Шайтан Құдайға қызмет қылады. Құдай оны адамдарды сынап, соттау үшін қолданады.

Шындық: Шайтан — Құдайдың қызметшісі емес, қайта, дұшпаны. Ол Құдайға қызмет ететін адамдарға қарсылық көрсетіп, жала жабады (Петірдің 1-хаты 5:8; Аян 12:10).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу