Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwfq 19-мақала
  • Сендер неге Пасханы тойламайсыңдар?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сендер неге Пасханы тойламайсыңдар?
  • Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Көп тараған жаңсақ пікірлер
  • Ехоба куәгерлері не себепті Пасханы тойламайды?
  • Пасха мейрамын Киелі кітап құптай ма?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайға жақпайтын діни нанымдар мен әдет-ғұрыптар
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Біз мейрамдарды тойлауымыз керек пе?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
ijwfq 19-мақала

Сендер неге Пасханы тойламайсыңдар?

Көп тараған жаңсақ пікірлер

Жаңсақ пікір: Ехоба куәгерлерінің Пасханы тойламайтындарының себебі — олар мәсіхшілер емес.

Шындық: Біз Иса Мәсіхке құтқарушымыз деп сенеміз және “оның ізімен тура жүру” үшін барымызды саламыз (Петірдің 1-хаты 2:21; Лұқа 2:11).

Жаңсақ пікір: Сендер Исаның қайта тірілгеніне сенбейсіңдер.

Шындық: Біз Исаның қайта тірілгеніне сенеміз. Исаның қайта тірілуі — мәсіхшілердің сенімінің негізі және біз өзгелерге уағыздағанда осы жайлы айтамыз (Қорынттықтарға 1-хат 15:3, 4, 12—15).

Жаңсақ пікір: Сендер балаларыңа Пасханы тойлатпай, оларды қуаныштан айырасыңдар.

Шындық: Біз балаларымызды жақсы көреміз, оларға жақсы тәрбие беру үшін әрі олар бақытты болу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз (Титке 2:4).

Ехоба куәгерлері не себепті Пасханы тойламайды?

  • Пасха мейрамы Киелі кітапқа негізделмеген.

  • Иса бізге оның қайта тірілгенін емес, өлімін еске алып тұруды бұйырған. Киелі кітаптың ай күнтізбесіне сай, біз жыл сайын оның өлімін еске алып тұрамыз (Лұқа 22:19, 20).

  • Біз Пасханың әдет-ғұрыптары ежелгі құнарлылық салт-жораларынан бастау алған деп сенеміз. Сондықтан да бұл мейрам Құдайға ұнамсыз. Құдай бізден оған “қалтқысыз берілгенімізді” талап етеді және ғибадатымызда оған ұнамайтын әдет-ғұрыптардың болғаны оны қорлайды (Мұсаның 2-жазбасы 20:5; Патшалар 1-жазба 18:21).

Біздің Пасханы тойламауымыздың себептері Киелі кітапқа негізделген. Киелі кітап бізді жай ғана салт-дәстүрлерге ермей, “даналық пен саналылық” танытуға шақырады (Нақыл сөздер 3:21; Матай 15:3). Егер әлдебіреу бізден Пасха жайлы ойымызды сұраса, біз көзқарасымызды ашық айтамыз. Алайда әр адамның бұл мәселеде қабылдайтын шешімін құрметтейміз (Петірдің 1-хаты 3:15).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу