Дін атаулымен не болмақ? Киелі кітаптың айтары бар
Бүгінде көп адамның діннен көңілі қалған я тіпті оны суқаны сүймейді. Кейбір қауымдастықтар мен жекелеген адамдарға діннің жақсы жағынан әсер еткені рас. Алайда оның пайдасынан зияны көп болып келді. Бір энциклопедияда айтылғандай, “тарихтағы ең жойқын соғыстардың біразына діни алауыздық мұрындық болған” (“Encyclopedia of Religion and War”). Көп жағдайда дінбасылары ғибадатты емес, саяси мақсаттарын алға тартып отырған. Бұған қоса, қаржылық қылмыс пен жыныстық зорлық сияқты сорақы істерін жасырып баққан діни жетекшілер де баршылық.
Осының бәрін біліп, қарныңыз аша ма? Ал Алла Тағала бұған қалай қарайды? Оның Сөзі Киелі кітаптан (пайғамбарлардың жазбалары) біраз жайтты білуге болады. Мысалы, Құдай діндердің көбісін зұлым істері үшін айыпты санайды. Сондықтан да жуырда оларға қатысты бір қатаң шара қолданып, дін атаулының тағдырын біржолата шешпек. Киелі кітапта бұл шара астарлы мағынасы бар аян арқылы сипатталған.
Діндердің болашағына қатысты Киелі кітапта не айтылған?
Аян: Пайғамбарға берілген аянда Ұлы Бабыл деп аталатын жезөкше әйел сипатталады. Бұл әйел ал қызыл жыртқыш аңның үстінде отыр. Бірақ кейіннен жыртқыш аң әйелге тап беріп, оны мерт қылады (Аян 17:3, 5, 16).
Астарлы мағынасы: Ұлы Бабыл есімді жезөкше әйел күллі жалған діндердің бейнесі болып табылады. Алла Тағала бұл діндерді мақұл көрмейдіa. Ал қызыл жыртқыш аң Біріккен Ұлттар Ұйымын бейнелейді (БҰҰ)b. Жезөкше әйелдің ал қызыл жыртқыш аңның үстінде отырғанына қарап, жалған діндердің билік иелеріне әсер етіп, тіпті оларға әмірін жүргізгісі келетінін білеміз. Ал жыртқыш аңның жезөкшені мерт қылғанына қарап, БҰҰ-ның барлық жалған діндерге тап беріп, оларды жоқ қылатынын түсінуге болады. Осылайша дін атаулының тамырына білжолата балта шабылмақ.
Жалған діндер қалай жойылмақ?
Аян: “Өзің көрген он мүйіз бен жыртқыш аң жезөкшені жек көріп кетеді, оны талан-тараж етіп... түгелдей өртеп жібереді. Себебі Құдай олардың жүректеріне [жержүзіндегі билік иелерінің жүректеріне] өз ойын салып, жүзеге асыртады... Патшалық биліктерін жыртқыш аңға бергізу арқылы оларға ортақ ойларын жүзеге асыртады. Ол бір күннің ішінде пәлеге — өлім, қайғы-қасірет пен аштыққа — ұшырап, түгі қалмай отқа өртеніп кетеді, себебі оны соттаушы Ехобаc Құдай құдіретті” (Аян 17:16, 17; 18:8).
Астарлы мағынасы: Құдай Тағала жержүзіндегі билік иелерінің жүректеріне “өз ойын” салады. Нәтижесінде, олар “патшалық биліктерін”, яки саяси биліктерін, БҰҰ-ға табыстайды. Күшейіп алған БҰҰ, өз кезегінде, әлемдегі барлық жалған діндерді құрдымға жібереді. Бұл таңғаларлық оқиға “бір күннің ішінде” болғандай көрінеді. Демек, ол тез әрі күтпеген сәтте орын алып, көп адамның жағасын ұстатады (Аян 18:21).
Жалған діндер не себепті жойылмақ?
Аян: “Күнәлары көбейіп көкке жеткендіктен, Құдай оның әділетсіз істерін еске алды” (Аян 18:5).
Астарлы мағынасы: Жалған діндер ғасырлар бойы күнәға белшесінен батып келді. Құдайдың қаҺарын шақырған оның кейбір күнәлары келесідей:
Саясатқа араласу. Иса пайғамбар ізбасарларына саясатқа араласпауды өсиет еткен. Олар Құдай Патшалығына үміт арту керек-тін. Құдай Патшалығы деген — жер бетіндегі барлық үкіметтерді алмастыратын Құдайдың көктегі үкіметіd (Даниял 2:44; Матай 6:9, 10; Жохан 6:15; 18:36). Алайда жалған діндер аталмыш өсиетке кереғар нәрсе істеп келді. Билік иелерімен ым-жымы бір болған олар Құдайға адалдық танытпады. Сондықтан да әлгі аянда Ұлы Бабыл “азғындық жасағаны” үшін айыпталып, “ұлы жезөкше” деп аталды (Аян 17:1, 2; Жақып 4:4).
Қантөгіс. Киелі кітапта “өлтірілгендердің бәрінің қаны” жалған діндердің мойнында екені айтылған (Аян 18:24). Көп діндер өздерінің ұйымына қосылған адамдарды татулыққа үйретудің орнына, соғыс пен лаңкестік әрекеттерге қолдау көрсетіп, тіпті өзгелерді бұған атсалысуға талпындырады.
Ашкөздік. Сондай-ақ Киелі кітапта жалған діндердің “ұятсыздықпен молшылыққа кенелгені” айтылған (Аян 17:4; 18:7). Көптеген діни ұйымдар өздерінің беделі мен таныс-тамырларын пайдаланып, мол байлық жинап келді. Мұндай ашкөздікті Құдайдың жаны жаратпайды (Титке 1:7).
Жалғандық. Жалған діндер Киелі кітаптағы шындықтарға қайшы келетін наным-сенімдер мен іс-әрекеттерге үйретедіe. Осылайша олар жұртты адастырып әрі Құдайдың атына кір келтіреді. Сондықтан да аталмыш аянда жалған дін “жер бетіндегі жеркенішті нәрселердің анасы” деп аталған (Аян 17:5; 18:23).
Барлық діндер жойыла ма?
Жоқ. Киелі кітапта “ұлы жамағат” деп аталатын халық жайлы айтылған. Бұл халық дүниенің төрт бұрышынан шыққан әртүрлі ұлттардан құралған (Аян 7:9). Ұлы жамағат “ақ шапан киіп” алған. Бұл дегеніміз, осы халық Құдайдың заң-талаптарына сай жүріп-тұрып, оған адалдықпен құлшылық етіп жүр. Сондықтан да бұл халықтың адамдары Киелі кітапта айтылған “зор алапаттан” аман өтеді. Ал жалған діндер мен Құдайдың басқа да жаулары зор алапат кезінде жойылады (Аян 7:13, 14; 19:11, 19—21). Ақ шапан киген ұлы жамағат шынайы дінді ұстанатындықтан мәңгі жасайтын боладыf.
Олардың артында қирап, қаңырап бос жатқан діни ғимараттар тұр.
Жұбаныш беретін хабар
Сонымен, діндердің жасаған сорақы істерін Құдай еш құптамайды. Осыны білгеніміз жанымызға жай береді емес пе? Расымен де, Құдайды жаманатты етіп, адамдарға қайғы жұтқызған барлық жалған діндердің жуырда келмеске кететінін білгендіктен, енді болашаққа зор үмітпен қарай аламыз.
Сондай-ақ ақиқат жолында жүрген халық бар екеніне де сенімді болсаңыз болады. Киелі кітапта айтылғандай, “шынайы ғибадат етушілер Әкеге киелі рухқа және шындыққа сай ғибадат етеді... Құдай өзіне осылай ғибадат еткісі келетіндерді іздеуде” (Жохан 4:23). Алла тағала оларға былай дейді: “Менің халқым, оның [Ұлы Бабылдың] күнәларына ортақтасып, басына түсетін пәлелерге душар болмас үшін одан шық” (Аян 18:4, 5). Иә, Жаратушы Құдай барша адамды Киелі кітаптағы шындықтарға сай ғибадат етуге шақырады (Тімөтеге 1-хат 2:3, 4). Осы шақыруды қабыл алғандарды ол жер бетінде мәңгі-бақи сақтап қалады (Жоханның 1-хаты 2:17).
a Ұлы Бабылды анықтаудың төрт жолын білу үшін “Ұлы Бабыл деген не?” деп аталатын мақаланы қараңыз.
b Осы жыртқыш аңды анықтаудың алты жолын білу үшін, “Аян кітабының 17-тарауында сипатталған ал қызыл аң нені бейнелейді?” деген мақаланы оқыңыз.
c Ехоба деген — жаратушы Құдайдың есімі (Зәбүр 83:18). “Ехоба деген кім?” деп аталатын мақаладан бұл жайлы көбірек біле аласыз.
d Бұл жайлы көбірек білу үшін “Құдай Патшалығы деген не?” деп аталатын видеоны көріңіз.
e Мұның бірер мысалы “Ұлы Бабылға христиандардың діні кіре ме?” деген қоршауда келтірілген.
f Шынайы дінді табуға Киелі кітап қалай көмектесетінін білу үшін “Шынайы дінді қалай анықтауға болады?” деген мақаланы қараңыз.