ilbusca/E+ via Getty Images
СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!
Неге адамдар бейбіт өмір сүре алмайды? Киелі кітапта не делінген?
Әлемнің саяси көшбасшылары мен халықаралық ұйымдар бейбітшілік орнатуға осы уақытқа дейін дәрменсіз болып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері дүниеде мұншалықты көп қанды соғыстар мен қақтығыстар болмаған. Қазіргі таңда шамамен екі миллиард адам — бұл жер шары тұрғындарының төрттен бір бөлігі — осындай қақтығыстар болып жатқан елдерде өмір сүріп жатыр.
Неге адамдар бейбітшілікке қол жеткізе алмауда? Бұл ретте Киелі кітап не дейді?
Адамдардың бейбітшілік орната алмауының үш себебі
1. Адамдардың бойындағы жағымсыз қасиеттер оларға бейбітшілік орнатуға кедергі жасауда. Киелі кітапта біз өмір сүріп жатқан заманда адамдардың “тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар,.. опасыз,.. ымыраға келмейтін,.. ұстамсыз, қатыгез,.. қиқар, өркөкірек” болатыны алдын ала айтылған (Тімөтеге 2-хат 3:2—4).
2. Адамдар жеке-жеке болсын, бірігіп болсын, Жаратушы Ехобаa Құдайдың көмегінсіз өз беттерінше әлемдегі проблемаларды шеше алмайды. Киелі кітапта: “Адам тіпті өз қадамына бағыт бере алмайды”,— деп нақты жазылған (Еремия 10:23).
3. Мына дүние Шайтан Ібілістің, өте зұлым әрі күшті билеушінің, қол астында. Ол “бүкіл жержүзін адастырып жүр” (Аян 12:9). Бүкіл дүниені Шайтан билеп тұрған уақытта біз соғыс пен қақтығыстардан көз ашпайтын боламыз (Жоханның 1-хаты 5:19).
Бейбітшілікті кім орната алады?
Киелі кітап бізді мынаған сендіреді: бейбітшілікті адамдар емес, Құдай орнатады.
“Ехоба былай дейді: —Сендерге қатысты ой-ниетім өзіме аян. Сендерге апат жіберуді емес, тыныштық беруді, жарқын болашақ пен үміт сыйлауды ойлап жүрмін” (Еремия 29:11).
Құдай бұл уәдесін қалай жүзеге асырады? “Тыныштық сыйлайтын Құдай жуырда... Шайтанды жаныштайды” (Римдіктерге 16:20). Құдай өз үкіметі арқылы жер бетінде бейбітшілік орнатады. Киелі кітапта бұл үкіметтің “Құдай Патшалығы” екені жазылған (Лұқа 4:43). Осы Патшалықтың Патшасы Иса Мәсіхтің билігі кезінде адамдар бір-бірімен бейбіт өмір сүруді үйренетін болады (Ишая 9:6, 7).
Көбірек білу үшін “Құдай Патшалығы қандай игілік әкеледі?” деген мақаланы қараңыз.
a Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18).