Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mrt 34-мақала
  • Терроризмнің бітетін түрі бар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Терроризмнің бітетін түрі бар ма?
  • Сан түрлі тақырыптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай терроризмді құптай ма?
  • Терроризмнің өзегі
  • Терроризмнің бітетін күні бар
  • Ұсыныс үлгісі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • “Қорықпаңдар, зәрелерің де ұшпасын!”
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Журналды ұсыну жолы
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Журналдарды ұсыну жолдары
    Біздің патшалық қызметіміз. 2002
Сан түрлі тақырыптар
mrt 34-мақала
Өрт сөндіруші террактіден зардап шеккендерге жәрдемдесіп жатыр.

Терроризмнің бітетін түрі бар ма?

Қандай да бір террорлық әрекеттен кейін адамның ойына еріксіз мынандай сұрақтар келеді: “Құдай қайда қарап отыр? Неге бұлай болып жатыр? Терроризмніңa бітетін түрі бар ма? Қашанғы жанымызды шүберекке түйіп, қорқып өмір сүреміз?” Бұл сұрақтардың жауабы Құдай Сөзінде бар. Олар сіздің көңіліңізді орнықтырады деп сенеміз.

Құдай терроризмді құптай ма?

Жаратқан Ие зорлық-зомбылықты, терроризмді жек көреді (Зәбүр 11:5; Нақыл сөздер 6:16, 17). Құдай Тағаланың атынан сөйлеген Иса пайғамбар бірде ізбасарлары біреуге зомбылық көрсеткісі келгенде, оларды тыйып тастаған (Матай 26:50—52). Кейбіреулер Алланың атын жамылып, лаңкестік әрекетке барып жатады. Бірақ Құдай оларға оның атынан мұндай сұмдық істеуге еш құқық бермеген. Керек десеңіз, ондайлардың дұға-тілектерін ол тіпті қабыл алмайды (Ишая 1:15).

Құдай қиналып жүргендердің бәріне, соның ішінде террорлық әрекеттен зардап шеккендерге көмектескісі келеді (Зәбүр 31:7; Петірдің 1-хаты 5:7). Сондай-ақ Киелі кітапта айтылғандай, ол зорлық-зобалаңды түп-тамырымен жояды (Ишая 60:18).

Терроризмнің өзегі

Киелі кітапта терроризмнің түпкі себебін былай деп түсіндіреді: “Адамның адамға билік етуі тек зиян келтіреді” (Уағыздаушы 8:9). Тарих бойы қолында билігі барлар басқаларды қанау үшін террорлық әрекеттерге барған. Ал жәбір көрген адамдар бұған шыдай алмай, тура солай кек қайтарған (Уағыздаушы 7:7).

Терроризмнің бітетін күні бар

Құдай үрей-қорқыныш пен зорлық-зомбылықты жоқ қылып, жер бетіне мамыражай тыныштық орнатамын деп уәде етеді (Ишая 32:18; Миха 4:3, 4). Оны қалай істейді?

  • Терроризмнің өзегін жоқ қылады. Құдай адамзаттың үкіметтерін алып тастап, орнына өзінің бүкіләлемдік үкіметін орнатады. Сол үкіметтің билеушісі Иса Мәсіх болады. Ол ешкімді бөліп-жармай, барлығын тең көреді және қанаушылық пен зорлық-зомбылықтың көзін құртады (Зәбүр 72:2, 14). Сол кезде террорлық әрекетке бару деген ешкімнің ойына да келмейді. Адамдар “керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (Зәбүр 37:10, 11).

  • Терроризм келтірген бар залалдың орнын толтырады. Құдай терроризмнің кесірінен тәнге түскен, жанға түскен жараны жазады (Ишая 65:17; Аян 21:3, 4). Ол тіптен қайтыс болған жандарды қайта тірілтеді. Олар тыныштық орнаған жерде өмір сүретін болады (Жохан 5:28, 29).

Жақында Жаратушымыз мұның бәрін міндетті түрде жүзеге асырады. Киелі кітапта бұған салмақты да сенімді дәлелдер бар. Алайда сізде “неге осы уақытқа дейін Құдай терроризмге қарап, оны жоймай отыр?” деген сұрақ туындайтын шығар. Мұның себебін білгіңіз келсе, “Құдай неге қайғы-қасіретке жол береді?” деген видеоны қараңыз.

a “Терроризм” деген — бейбіт ел тұрғындарына қарсы жасалатын зорлық-зомбылық әрекет немесе жасаймыз деп оларды қорқытып, үркіту. Осылайша халықтың зәресін ұшырып, саяси, діни және әлеуметтік өзгерістер енгізу. Бірақ қай әрекетті нақты террорлық әрекет деуге қатысты адамдардың пікірі әртүрлі болуы мүмкін.

Азап шеккендерге Киелі кітаптың берер көмегі

Осы орайда Киелі кітап сізге екі кеңесті ұсынады:

  • Жаратушыға дұға етіңіз (Філіпіліктерге 4:6, 7).

  • Құдай Сөзіндегі уәделерге сеніңіз (Еврейлерге 6:19).

Басқа да кеңестерді “Уайымнан қалай арылуға болады” деген мақалада оқи аласыз.

Лаңкестіктен жапа шеккен Ехоба куәгерлері өз діндестерінен үлкен қолдау көрген. Екі оқиғамен танысыңыз:

  • Бесландағы (Ресей) мектептің сыртына көп гүлдесте қойылған.

    Наталья мен оның 9 жасар ұлы Аслан мектепте еді. Сол күні Ресейдің Беслан қаласындағы мектепке лаңкестер басып кіріп, 1000-нан көп адамды тұтқында ұстады. Өкінішке қарай, 300-ден аса адам қайтыс болды, оның басым бөлігі балалар еді. Наталья мен Аслан аман қалғанды, бірақ бұл оқиға олардың жанына үлкен жара салды. Бұдан айығуға оларға не көмектескенін оқып көріңіз.

  • Пабло мен София.

    Пабло мен София Нью-Йорктегі Егіз мұнара лаңкестік әрекеттен құлаған кезде ұлдарынан айырылып қалды. Зардап шеккен оларға және басқаларға не көмек болғанын видеодан көріңіз.

Киелі кітап өзгеруге көмектеседі

Көп адам әлемдегі әділетсіздік пен қиянатты көріп, қатты ызаланады. Олар мұны тек қана зорлық-зомбылық пен терроризм тоқтата алады деп ойлайды. Ондай адамдар ойларын өзгерте ала ма? Иә. Құдай Сөзі кейбір адамдарға өзгеруге қалай көмектескенін білу үшін, “Зорлық-зомбылық болмайтын кез келе ме?” деген мақаланы оқып көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу