Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mrt 29-мақала
  • Уайымнан қалай арылуға болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уайымнан қалай арылуға болады?
  • Сан түрлі тақырыптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Көп уайымдамау үшін...
  • Уайымдауды қояйық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Дүние-мүлікті емес, Патшалықты іздейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Бар уайымыңызды Ехобаға артыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • 2. Туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Сан түрлі тақырыптар
mrt 29-мақала
Уайымға батқан ер кісі.

Уайымнан қалай арылуға болады?

Сарыуайым денсаулыққа кері әсер етіп, адамның жан дүниесін ойсыратуы мүмкін. Ол түгілі, бір нәрсені уайымдаймын деп, адам өз қиындығына қиындық қосып алады.

Көп уайымдамау үшін...

  • Мұңлы жүз.

    Жайсыз жаңалықтарды шектеңіз. Қандай да бір жаман оқиға болса, оның үтір-нүктесіне дейін білудің қажеті жоқ. Егер тек жаман жаңалықтарды қарай берсеңіз, онда қорқынышыңыз ұлғайып, түңіліп кетесіз.

    Киелі кітап кеңесі: “Күйреген рух сүйекті қуратар” (Нақыл сөздер 17:22).

    “Жаңалықтардан құр қалмайын деп қарай берсеңіз, бұл жаман әдетке айналып кетеді. Мен жаңалық көруді едәуір шектеп едім, уайымым да азая бастады” (Джон).

    Ойланып көріңіз: Соңғы жаңалықтардан хабардар болып отыру сізге қаншалықты керек?

  • Сағат.

    Күн тәртібін ұстаныңыз. Бір уақытта тұрып, бір уақытта тамақтанып, бір уақытта үй тірлігін істеуге тырысыңыз. Жататын уақытыңыз да өзгермесін. Соның арқасында өміріңіз бір арнаға түсіп, уайымыңыз азаяды.

    Киелі кітап кеңесі: “Ынталының жоспарлары табысқа жетелер” (Нақыл сөздер 21:5).

    “COVID-19 пандемиясы басталғанда, менің күн тәртібім бұзылып кетті. Мен көп уақытымды түк пайдасы жоқ істерге жұмсай бастадым. Содан “қой, мынауым болмайды” деп, күнде не істейтінімді алдын ала жоспарлайтын болдым” (Джозеф).

    Ойланып көріңіз: Күннің соңында “бүгін көп іс тындырдым” деп айтатындай жоспарыңыз бар ма?

  • Қуанышты жүз.

    Жақсы нәрселерге назар аударыңыз. “Бұлай болып қалса, қайтемін? Олай болып қалса, не істеймін?” деп мазасыздана берсеңіз, уайымның тұңғиығына түсіп кетесіз. Одан гөрі шүкіршілік білдіретін екі-үш нәрсе туралы ойланыңыз.

    Киелі кітап кеңесі: “Әрдайым алғыс білдіріңдер” (Қолостықтарға 3:15).

    “Киелі кітапты оқығанда, санам жақсы нәрселерге толады. Жаман ойларға орын қалмайды. Бұл жиі естіп жүрген сөзіміз шығар, бірақ көмегі орасан зор!” (Лиза).

    Ойланып көріңіз: Өміріңізде тек жаман нәрсеге қадалып қалып, жақсыны көрмей қалуға бейімсіз бе?

  • Сыйлық.

    Өзгелерді де ойлаңыз. Уайымға салынып кетсеңіз, жұртты ұмытып, өзіңізбен-өзіңіз қалғыңыз келеді. Оданша көмекке мұқтаж жандар туралы ойланыңыз.

    Киелі кітап кеңесі: “Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” (Філіпіліктерге 2:4).

    “Маған өзгелерге жақсылық жасау ұнайды. Басқалар үшін бірдеңе істегенде, бір жағынан, оларды қуантамын, ал екінші жағынан өзімнің уайымым басылады. Тіпті уайымдауға уақытым да қалмайды” (Мария).

    Ойланып көріңіз: Таныстарыңыздың арасында кімдер көмекке мұқтаж және олар үшін не істей аласыз?

  • Жүрек.

    Денсаулығыңызға қараңыз. Жаттығу жасап, демалуға жеткілікті уақыт бөліңіз. Пайдалы тағамдарды жеңіз. Денсаулығыңыз жақсы болса, көңіл-күйіңіз де жақсы болып, уайым да иықтан баспайды.

    Киелі кітап кеңесі: “Денені шынықтырудың біраз пайдасы бар” (Тімөтеге 1-хат 4:8, “Жаңа өмір” баспасы).

    “Қазір ұлым екеуіміз бұрынғыдай далада спортпен шұғылдана алмай қалдық. Сондықтан үйде жаттығуға тырысамыз. Соның арқасында көңіліміз көтеріліп, бір-бірімізге мейрімді, шыдамды боламыз” (Кэтрин).

    Ойланып көріңіз: Сізге дұрыс тамақтанып, көбірек жаттығу жасау керек пе?

Көп адамға уайымдарын азайтуға осы кеңестермен қатар, Құдайдың жарқын болашақ сыйлаймын деген уәделері де көмектесуде. Осы уәделер жайлы “Құдай Патшалығы қандай істер атқаратын болады?” деген мақаладан оқып біле аласыз.

Уайымнан арылуға көмектесер Киелі кітап кеңестері

Зәбүр 55:22. “Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт, Ол сені демейді”a.

Мәні: Бар ауыртпалығымызды, соның ішінде уайымымызды дұғада айтып, Құдайға арта аламыз. Дұға — бұл Жаратушымен сөйлесу. Ол “бізді қиындық көрген кездің бәрінде жұбатады” (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4).

Нақыл сөздер 12:25. “Сарыуайым жүректі күйзелтеді, Жақсы сөз оны шаттыққа толтырады”.

Мәні: Сізге жылы сөз айтып, жұбата алатын, қол ұшын бере алатын туыстарыңызбен, достарыңызбен әңгімелесіңіз.

Матай 6:27. “Уайымдаумен қайсысың өміріңді бір сәтке болсын ұзарта аласың?”

Мәні: Уайымдай берудің еш пайдасы жоқ. Одан жағдайыңыз жақсармайды да, проблемаңыз шешіліп кетпейді де.

Матай 6:31, 32. “Не ішіп-жейміз? Не киеміз?” деп ешқашан уайымдамаңдар... Бұлардың бәрі сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой”.

Мәні: Бізге не қажет екенін Ехоба Құдай бізден бұрын біледі. Ол бізді аш-жалаңаш, далада қалдырып қоймайды.

a Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу