Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 97-мақала
  • Неге кешірім сұраған дұрыс?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Неге кешірім сұраған дұрыс?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Неге кешірім сұраған дұрыс?
  • Қалай кешірім сұраған дұрыс?
  • Неке бақытты болу үшін: Кешірім сұрау
    Отбасыңыз берекелі болсын
  • Кешірім сұрау неліктен сонша қиын?
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Кешірім сұрау — татуласудың кілті
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • 8 Үлгі-өнеге
    Ояныңдар! 2018
Көбірек мәлімет
Жастардың сауалдары
ijwyp 97-мақала
Мұғалімнен ұрыс естіп отырған оқушы.

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Неге кешірім сұраған дұрыс?

Мына жағдайларда не істеген жөн?

  1. Сабақта мұғалімің саған тәртіпсіздік жасағаның үшін ұрысты делік.

    Мұғалімің тым артық кеткендей көрінсе де, кешірім сұрайсың ба?

  2. Досың туралы жағымсыз нәрсе айтқаныңды ол біліп қойды делік.

    Досың жайында айтқаныңды орынды деп есептесең де, одан кешірім сұрайсың ба?

  3. Әкең екеуің ренжісіп қалып, сен оған сөз қайтардың делік.

    Бұған әкең кінәлі деп ойласаң да, одан кешірім сұрайсың ба?

Бұл үш жағдайда да кешірім сұрағаның дұрыс болады. Алайда сен “мен соншалықты кінәлі емеспін ғой, неге кешірім сұрауым керек?” деп ойлайтын шығарсың.

  • Неге кешірім сұраған дұрыс?

  • Қалай кешірім сұраған дұрыс?

  • Құрдастарыңның ой-пікірі

Неге кешірім сұраған дұрыс?

  • Кешірім сұрау — есейгендіктің белгісі. Істегеніңді не айтқан сөзіңді мойныңмен көтерсең, ересек адам болғаныңда қажет болатын қасиеттерді дамытасың.

    “Адамнан кешірім сұрауға және оны тыңдауға кішіпейілділік пен шыдамдылық қажет” (Рейчел).

  • Кешірім сұрау екі жақты татуластырады. “Кешірші мені” дейтін адам өзін ақтап, өзгені даттауға емес, ең алдымен татулыққа ұмтылатынын көрсетеді.

    “Менің еш кінәм жоқ деп ойласаң да, татуласуды басты мақсат еткенің дұрыс. “Кешірші мені” деп айту түк те емес, бірақ бұл сөздер достарды қайта қоса алады” (Мириям).

  • Кешірім сұрасаң, жеңілдеп қаласың. Біреуді сөзіңмен не әрекетіңмен ренжітіп қойсаң, артынан қатты жаның қиналады. Ал кешірім сұрасаң, үстіңнен ауыр жүк түскендей боладыa.

    “Анама я әкеме қатты-қатты сөйлеген кездерім болды. Одан соң өзімді жаман сезінетінмін, бірақ кешірім сұрауға батпайтынмын. Ал кешірім сұрағанымда, жеңілдеп қалатынмын, өйткені отбасымда қайтадан татулық орнайтын” (Ния).

    Арқасына үлкен тас артып алған жасөспірім.

    Өкпе-реніш сақтау зілдей ауыр тасты арқалап жүрумен бірдей. Ал кешірім сұрасаң, сол тастан арыласың.

Кешірім сұрау күш салуды талап етеді. Дөрекі сөйлегені үшін анасынан көп рет кешірім сұраған Дина деген қыздың мысалын алайықшы. Ол былай дейді: “Маған “кешірші” деп айту өте қиын. Тамағыма бірдеңе тұрып қалғандай болады да, аузымнан бірде-бір сөз шықпай қояды”.

Қалай кешірім сұраған дұрыс?

  • Мүмкін болса, жүзбе-жүз кешірім сұра. Адамнан жүзбе-жүз кешірім сұрасаң, ол шын өкініп тұрғаныңа көз жеткізе алады. Ал хабарламалар жазып жіберудің мұндай күші жоқ. Тіпті мұңлы көңіл күйді білдіретін смайликтермен жазсаң да, өкініп тұрғаның жасанды көрінуі мүмкін.

    Кеңес: Адамнан жүзбе-жүз кешірім сұрай алмасаң, оған телефон шалсаң не хат жазсаң болады. Қай жолды таңдасаң да, не айтып, не жазатыныңды жақсылап дайындап ал.

    Киелі кітаптың кеңесі: “Әділ өз жауабын ойлап берер” (Нақыл сөздер 15:28).

  • Бірден кешірім сұра. Кешірім сұрамай уақыт созған сайын, мәселе де ауырлай береді. Ренжіткен адамыңмен қарым-қатынастарың да шиеленісе түседі.

    Кеңес: Алдыңа мақсат қой. Мысалы, “бүгіннен қалдырмай кешірім сұраймын” деген мақсат қойсаң болады. Бұның нақты бір уақытын белгіле де, сол шешіміңнен айныма.

    Киелі кітаптың кеңесі: “Мәселеңді тезірек шеш” (Матай 5:25).

  • Шын жүректен кешірім сұра. “Ренжіп қалдың ба, кешірші” деу кешірім сұрауға жатпайды! “Жіберген қателігіңді толық мойындасаң, адам әдетте сені құрметтейтін болады”,— дейді Жанел есімді жас қыз.

    Кеңес: Кешірім сұрағанда, шарт қойма. Мысалы: “Сен алдымен өз қателігің үшін кешірім сұра, сонда мен де кешірім сұраймын”,— деуден аулақ бол.

    Киелі кітаптың кеңесі: “Өзара тату болуға... ықпал ететіннің бәрін істейік” (Римдіктерге 14:19).

Құрдастарыңның ой-пікірі

Валерия.

“Кешірім сұрау үшін кішіпейілділік керек. Бұл қасиет әсіресе “менің кінәм жоқ қой” деп ойлаған кезде қажет. Шынымен-ақ ешқандай кінәм болмаған жағдайда да, аузымнан жағымды да жігерлі сөздер шықса екен деймін. Өйткені менің мақсатым — отқа май құю емес, керісінше оны өшіру” (Валерия).

Филип.

“Кешірім сұрауға дайын болсаң, өзіңді емес, өзгені көбірек ойлайтыныңды көрсетесің. Кешірім сұрауға ыңғайсызданатын шығарсың, бірақ бұлай етсең, сен бұрынғыдан да жақсы дос болып, достығыңды берік ете түсесің” (Филип).

Кэндл.

“Ренжіген адам кейде көңіліне қатты алып, түймедейді түйедей етіп жатқандай көрінуі мүмкін. Алайда бұл “менікі дұрыс, ал онікі дұрыс емес” дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда мен сол адамның сезімдері жайлы көбірек ойлауым керек. Егер айтқан сөзім не істеген әрекетім біреуге ауыр тиген болса, одан кешірім сұрағаным жөн” (Кэндл).

Қорытынды. Неге кешірім сұраған дұрыс?

  • Кешірім сұрау — есейгендіктің белгісі.

  • Кешірім сұрау екі жақты татуластырады.

  • Кешірім сұрасаң, жеңілдеп қаласың.

Қалай кешірім сұраған дұрыс?

  • Мүмкін болса, жүзбе-жүз кешірім сұра.

  • Бірден кешірім сұра.

  • Шын жүректен кешірім сұра.

a Егер біреудің затын жоғалтып я бұзып алсаң, онда кешірім сұрап қана қоймай, орнын толтырып бергенің дұрыс болар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу