Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w18 шілде 30—31 бет.
  • Пайдалы әрі қызықты жеке зерттеу үшін не істей аласыз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Пайдалы әрі қызықты жеке зерттеу үшін не істей аласыз?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап оқудың қалай көп пайдасын көре аласыз?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Жеке шешімдерді қалай қабылдайсыз?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Рухани ас-судың толық пайдасын көрейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Патшаларға берілген нұсқауды ұстаныңдар
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
w18 шілде 30—31 бет.
Заңды оқып отырған Ешуа

Пайдалы әрі қызықты жеке зерттеу жүргізу үшін не істей аласыз?

Заңды оқып отырған Ешуа; Иерихон қабырғалары құлап жатыр, ал Рахабтың үйі мызғымай тұр; Ешуа қолын көкке көтеріп дұға етіп тұр

ЕШУАҒА Исраил халқын Уәде етілген жерге бастап алып жүру тапсырылды. Бұл оңай тапсырма емес еді. Бірақ Ехоба оған: “Батыл да берік бол!”— деп рухын көтеріп, нығайтты. Сосын ол Ешуаға Заңды оқып, оны мұқият орындауды айтты. Осылай етсе, Ешуа даналықпен әрекет етіп, жемісті болмақ еді (Ешуа 1:7, 8).

Біз “ерекше қиын уақытта” өмір сүріп жатқандықтан, бізге де оңай бола бермейді (Тімөтеге 2-хат 3:1). Ешуа сияқты жемісті болғымыз келсе, Ехобаның оған берген кеңесіне құлақ асуымыз қажет. Яғни Киелі кітапты жүйелі түрде оқып, білгендерімізді қолдану арқылы даналықпен әрекет етуіміз керек.

Бәлкім, кейбіріміз қалай зерттеуге болатынын білмейтін шығармыз. Я болмаса зерттеуді онша ұнатпайтын болармыз. Бірақ Киелі кітапты жеке зерттеу өте маңызды. “Тиімді кеңестер” деген қоршау сізге зерттеуді әлдеқайда пайдалы әрі қызықты етіп жүргізуге көмектеседі.

Зәбүр жыршысы: “Өсиеттеріңнің жолымен жетелеші, Себебі содан қуаныш табамын”,— деген (Зәбүр 119:35). Сіз де Құдай Сөзін зерттеуден қуаныш таба аласыз. Киелі кітапты зерттей берер болсаңыз, өзіңізге ұнайтын көптеген құнды ойлар табасыз.

Ешуа сияқты халықты бастап алып жүрмесеңіз де, өз қиындығыңыз жетіп жатқан шығар. Сондықтан Ешуаға еліктеп, Құдай Сөзін зерттеңіз және білгеніңізді өмірде қолданыңыз. Сонда даналықпен әрекет етіп, жемісті боласыз!

ТИІМДІ КЕҢЕСТЕР

  • Қолын айқастырып дұға етіп жатқан адам

    Алдымен дұға етіп алыңыз. Киелі кітаптан сіз Ехобаның ой қалпы жайлы біле аласыз. Бұл сіздің игілігіңіз үшін жазып қалдырылған. Сондықтан Киелі кітапты оқымас бұрын Ехобаға дұға етіп, оқығандарыңызды түсінуге, есте сақтауға және қолдану арқылы дана шешімдер қабылдауға көмектесуін сұраңыз (Езра 7:10).

  • Сұрақтар қойып ойланып тұрған адам

    Сұрақтар қойып ойланыңыз. Киелі кітапты не соған негізделген әдебиеттерді оқу барысында мынадай сұрақтар жайлы ойланып көріңіз: “Осы оқығанымнан Ехоба жайлы не білдім? Оның Киелі кітаптың басты тақырыбымен қандай байланысы бар? Басқаларға көмектесу үшін осы білгендерімді қалай қолдансам болады?”

  • Ой жүгіртіп жатқан адам

    Ой жүгіртіңіз. Бір сәтке тоқтап, не оқығаныңыз жайлы ойланып көріңіз. “Оқығаным маған қалай әсер етеді? Неге бұлай әсер етіп жатыр? Мұның өмірімде бұрын болған, қазір болып жатқан немесе болашақта болуы мүмкін оқиғаларға қандай қатысы бар? Осы принциптерді немесе кеңестерді қалай қолдансам болады?”— деп ойланыңыз (Әйүп 23:5; Зәбүр 49:3). Ой жүгірткенде, Ехоба өз халқына кейбір нәрселерден аулақ болуды не үшін айтқанын түсіндіріп бере аласыз ба — соны байқап көріңіз. Сіз оқыған кейіпкер басқаша әрекет етсе, салдары қандай болуы мүмкін екені жайлы ойланып көріңіз (Мұсаның 5-жазбасы 32:28, 29).

  • Киелі кітап үзінділерін елестетіп жатқан адам

    Елестету қабілетіңізді қолданыңыз. Мысалы, Жүсіпті ағалары ысмағұлдықтарға сатып жіберген кезді елестете аласыз ба? (Мұсаның 1-жазбасы 37:18—28). Көз алдыңызға не елестеді? Қандай дыбыс естідіңіз? Мұрныңызға қандай иіс келді? Осылай өзіңізді кейіпкерлердің орнына қойып көріңіз. Олар не сезінген және не ойлаған? Елестету қабілетіңізді қолдансаңыз, жеке зерттеуіңіз әлдеқайда пайдалы болады.

  • Зерттеуге арналған құралдар

    Зерттеу құралдарын қолданыңыз. Ұйым қамтамасыз етіп отырған құралдар зерттеуді қызықты ете түседі. Онлайн не баспа жүзінде болсын, қолыңызда бар құралдарды қолдануды үйреніңіз. Өзгелерден бұл құралдарды қалай тиімді қолдануға болатынын сұрауға қысылмаңыз. “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралы” сізге белгілі бір тақырыпқа немесе Киелі кітап тармағына қатысты мәлімет табуға көмектеседі. Сіз түсінетін тілде бар болса, “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” қосымшаларын қолданыңыз. Онда жерлерге, даталар мен өлшемдерге және басқа да тақырыптарға қатысты қызықты мәлімет бар.

  • Негізгі ойларды қайталап жатқан адам

    Негізгі ойларды қайталаңыз. Бұл сізге зерттеген мәліметіңізді есте сақтауға көмектеседі. Оның үстіне, білгендеріңіз жайлы өзгелермен бөлісуге септігін тигізеді. Олардың кейбірін қызметте қолдансаңыз болады. Осы айтылғандарды істейтін болсаңыз, зерттеу кезінде білген негізгі ойлар есіңізде қалады және мұның пайдасын басқалар да көре алады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу