Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w18 шілде 21—26 бет.
  • Біз Ехобаның меншігіміз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Біз Ехобаның меншігіміз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БІЗ ӨМІРІМІЗДІ ЕХОБАҒА БАҒЫШТАЙМЫЗ
  • БІЗ ОСЫ ДҮНИЕЛІК ҚҰМАРЛЫҚТАРДАН БАС ТАРТАМЫЗ
  • БІЗ “БІР-БІРІМІЗДІ БАРЫНША СҮЙЕМІЗ”
  • “ЕХОБА ӨЗ ХАЛҚЫН ҚАЛДЫРМАЙДЫ”
  • Құдайға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өту
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Неге Құдайға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өту маңызды?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Неге шомылдыру рәсімінен өту қажет?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Шомылдыру рәсімінен өту — мәсіхшілерге қойылатын талап
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
w18 шілде 21—26 бет.
Жұлдызды аспанға қарап тұрған ер адам

Біз Ехобаның меншігіміз

“Ехоба қай халықтың Құдайы болса, Кімді меншікті иелігі етіп таңдаса, сол халық бақытты” (ЗӘБҮР 33:12).

ӘНДЕР: 40, 50

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өткенде, біз нені дәлелдейміз?

  • Ехобаға ғана ғибадат ететініміз неге сырт көзге анық көріну керек?

  • Бауырластарымызға неге қонақжайлылық, жомарттық, кешірімділік пен мейірімділік танытуымыз керек?

1. Неге барлық нәрсе Ехобаның меншігінде дей аламыз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)

БАРЛЫҚ нәрсе Ехобанікі! “Көк те, көктің көгі де, жер мен ондағылардың бәрі де” оған тиесілі (Мұсаның 5-жазбасы 10:14; Аян 4:11). Адамдарды Ехоба жаратқандықтан, бәріміз де оның меншігіміз (Зәбүр 100:3). Құдай адамзат тарихында өмір сүрген бүкіл халықтардың арасынан кейбіреулерді таңдап алып, өзінің ерекше меншігі еткен.

2. Киелі кітапқа сай, кімдер Ехобаның ерекше меншігі?

2 Зәбүрдің 135-тарауында сипатталғандай, Ехобаға адал ғибадат еткен ежелгі Исраил халқы оның “ерекше меншігі” болған (Зәбүр 135:4). Ал Ошия пайғамбар исраилдік емес адамдардың кейбірі Ехобаның халқы болатынын айтқан (Ошия 2:23). Бұл пайғамбарлық Ехоба көкте Исамен бірге билік ететін исраилдік емес адамдарды таңдай бастағанда орындалды (Елшілердің істері 10:45; Римдіктерге 9:23—26). Киелі рухпен майланған бұл адамдар “қасиетті халық” деп аталған. Олар Ехобаның “ерекше меншігі” (Петірдің 1-хаты 2:9, 10). Ал жерде мәңгі өмір сүруге үміттенетін адал мәсіхшілер туралы не деуге болады? Ехоба оларды да “халқым” әрі “таңдаулыларым” деп атайды (Ишая 65:22).

3. а) Бүгінде кімдер Ехобамен ерекше қарым-қатынаста? ә) Бұл мақалада біз не қарастырамыз?

3 Бүгінде көкте мәңгі өмір сүруге үміттенетін “кішкене отар” және жерде мәңгі өмір сүруге үміттенетін “басқа да қойлар” “бір отарды” құрап, Ехобаға бірге ғибадат етеді (Лұқа 12:32; Жохан 10:16). Біз Ехобамен ерекше қарым-қатынаста болғанымыз үшін оған шексіз риза екенімізді көрсеткіміз келеді. Бұл мақалада Ехобаның танытқан ерекше құрметіне қалай ризашылық білдіре алатынымызды қарастырамыз.

БІЗ ӨМІРІМІЗДІ ЕХОБАҒА БАҒЫШТАЙМЫЗ

4. Ехобамен ерекше қарым-қатынаста болғанымыз үшін оған қалай ризашылық білдіре аламыз? Осы ретте Иса не істеді?

4 Өмірімізді бағыштап, шомылдыру рәсімінен өткенде, Ехобаға ризашылығымызды білдіреміз. Сол кезде Ехобаның меншігі екенімізді және оған мойынсұнғымыз келетінін бәрі көре алады (Еврейлерге 12:9). Иса да шомылдыру рәсімінен өткенде солай еткен. Ехобаға бағышталып қойған халықтан шықса да, Иса өзін Ехобаға арнады. Ол былайша айтқанда: “Өзіңнің еркіңді орындауға құштармын, уа, Құдайым”,— дегендей болды (Зәбүр 40:7, 8).

5, 6. а) Иса шомылдыру рәсімінен өткен кезде, Ехоба не деді? ә) Бағышталғанымыз Ехобаны қуантатынын қандай мысалмен түсінуге болады?

5 Иса шомылдыру рәсімінен өткен кезде, Ехоба не сезінді? Киелі кітапта былай делінген: “Иса шомылдыру рәсімінен өтіп, бірден судан шықты. Сонда көк ашылып, Жақия Исаның үстіне Құдай рухының көгершін іспетті түсіп келе жатқанын көрді. Сондай-ақ көктен: “Бұл — менің сүйікті Ұлым. Мен оған ризамын!”— деген дауыс естілді” (Матай 3:16, 17). Негізі, Иса онсыз да Құдайдың меншігі еді. Бірақ Ехоба Исаның өз өмірін тек оған ғана қызмет етуге арнауға дайын екенін көріп, қатты қуанды. Біз де өмірімізді Ехобаға бағыштаған кезде, ол қатты қуанады және батасын төгеді (Зәбүр 149:4).

6 Бәрі онсыз да Ехобаға тиесілі болса, біз оған не бере аламыз? Мысалы, бір ер адамның бақшасында әдемі гүлдер өседі делік. Бірде оның кішкентай қызы сол гүлдердің біреуін үзіп әкеліп, әкесіне сыйлайды. Бақтағы гүлдердің бәрі өзінікі болса да, сүюші әке қызының жасаған сыйлығына мәз-мейрам болады. Осылай қызы әкесін жақсы көретінін көрсетеді. Әкесі үшін бұл гүл енді бақтағы гүлдердің бәрінен әлдеқайда бағалы болады. Тура сол сияқты, біз де өмірімізді өз еркімізбен Ехобаға бағыштағанда, оның жүрегін қуаныш кернейді (Мұсаның 2-жазбасы 34:14).

7. Өзіне шын жүректен қызмет ететіндерге қатысты Ехобаның не сезінетіні Малахидің сөздерінен қалай көрінеді?

7 Малахи 3:16 оқыңыз. Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өту неге соншалықты маңызды? Рас, құрсақта пайда болған кезден бастап-ақ сіз Жаратушыңыз Ехобаның меншігі болып табыласыз. Бірақ ол сіздің оны Билеуші ретінде мойындап, оған өміріңізді бағыштауға дайын екеніңізді көргенде, ол қаншалықты қуанады десеңізші! (Нақыл сөздер 23:15). Ехоба өзіне шын жүректен қызмет ететіндерді жақсы біледі, әрі олардың есімін “естелік кітабына” жазып қояды.

8, 9. Есімдері “естелік кітабына” жазылған адамдардан Ехоба не талап етеді?

8 Есіміміз Ехобаның “естелік кітабынан” өшпесін десек, белгілі бір талаптарды орындауға тиіспіз. Малахи айтып кеткендей, біз Ехобадан қорқып, оның есімі туралы ой жүгіртуіміз керек. Егер тағы біреуге не бір нәрсеге ғибадат ететін болсақ, Ехоба өзінің кітабынан есімімізді өшіріп тастайды! (Мұсаның 2-жазбасы 32:33; Зәбүр 69:28).

Өмір сүрген әрбір күні біз Ехобаға мойынсұнатынымызды ісімізбен көрсетуіміз керек

9 Ехобаның еркін орындаймын деп уәде етіп, шомылдыру рәсімінен өткеніміз жеткіліксіз. Бұларды біз өмірімізде бір-ақ рет істейміз. Ал Ехобаға ғибадат ету — біздің өмір салтымыз. Өмір сүрген әрбір күні біз Ехобаға мойынсұнатынымызды ісімізбен көрсетуіміз керек (Петірдің 1-хаты 4:1, 2).

БІЗ ОСЫ ДҮНИЕЛІК ҚҰМАРЛЫҚТАРДАН БАС ТАРТАМЫЗ

10. Ехобаға ғибадат ететін мен етпейтіндердің арасында қандай айырмашылық анық көрініп тұру керек?

10 Алдыңғы мақаладан білгеніміздей, Қабыл, Сүлеймен және исраилдіктер Ехобаға ғибадат етеміз дей тұра, оған адал болмаған. Осыдан Ехобаға ғибадат етемін дей салу жеткіліксіз екенін көреміз. Біз жамандықты жек көріп, жақсылықты сүюіміз керек (Римдіктерге 12:9). Ехоба “әділ мен зұлымның, Құдайға қызмет ететін мен қызмет етпейтіннің арасындағы айырмашылық” анық көрінетінін айтқан (Малахи 3:18).

11. Ехобаға ғана ғибадат ететініміз неге анық көрініп тұруы тиіс?

11 Өзінің халқы етіп таңдағаны үшін біз Ехобаға шексіз ризамыз! Сондықтан Ехобаның жағында екеніміз бәріне анық көрініп тұруы тиіс (Матай 5:16; Тімөтеге 1-хат 4:15). Былай деп ойланып көріңіз: “Басқалар менің толықтай Ехобаға адал екенімді көріп жүр ме? Ехоба куәгері екенімді адамдарға мақтанышпен айтамын ба?” Ехобаның меншігінде екенімізді өзгелерге айтуға ұялсақ, Ехобаның қаншалықты көңілі түседі десеңізші! (Зәбүр 119:46; Марқа 8:38 оқыңыз).

Куәгер жұптың киімі мен істері осы дүниелік адамдардікінен анық айрықшаланып тұрған жоқ

Өмір салтыңыздан Ехоба куәгері екеніңіз анық көріне ме? (12, 13-абзацты қараңыз)

12, 13. Кейбіреулердің Ехоба куәгері екенін ажырату неге қиын болып жатады?

12 Өкінішке қарай, кейбір Куәгерлер “осы дүниенің рухына” еліктейді. Сондықтан олардың Ехобаға ғибадат етпейтін адамдардан аса айырмашылығы жоқ (Қорынттықтарға 1-хат 2:12). “Осы дүниенің рухы” адамдарды өздерінің тәндік қалауларын көбірек ойлауға итермелейді (Ефестіктерге 2:3). Мысалы, қанша рет айтылғанына қарамастан, кейбіреулер қарапайым киіну жайлы кеңеске құлақ аспайды. Олар тырысып тұратын, ашық киімдер киеді, тіпті жиналыстарға да солай келеді. Я болмаса тым көзге түсетін шаш үлгілерін таңдап жатады (Тімөтеге 1-хат 2:9, 10). Мұндайда олардың Куәгер я Куәгер еместігін ажырату қиын болуы мүмкін (Жақып 4:4).

13 Кейбір Куәгерлердің осы дүниедегі адамдардан онша айырмашылығы жоқ екені тағы бір жағдайлардан байқалады. Мысалы, олардың сауық кештерінде өздерін қалай ұстайтындары, қалай би билейтіндері мәсіхшілерге лайықсыз болып жатады. Ал тағы біреулердің әлеуметтік желіге салған суреттерінен немесе жазған түсініктемелерінен тәндік ой қалыптары байқалады. Бәлкім, олар жазаға тартылатындай ауыр күнә жасамаған шығар, бірақ олар осы дүниеден ерекше болу үшін қатты күш салып жүрген бауырластарға жаман ықпал етуі мүмкін (Петірдің 1-хаты 2:11, 12 оқыңыз).

Патшалық сарайына кіріп келе жатқан жұптың киімі қарапайым емес

Ехобаның жағында жүргендері анық көрінбейтін адамдар сізге жаман ықпал етіп жүрмесін

14. Ехобамен ерекше қарым-қатынасымызды қорғау үшін не істеуіміз керек?

14 “Осы дүниедегінің бәрі” тән құмарлығы мен көздің қалауын өршітіп, дүние-мүлікке мақтануға итермелейтіндей етіп құрастырылған (Жоханның 1-хаты 2:16). Ехобаның меншігі болғандықтан, біз өзгешеміз. Біз Құдайға “ұнамсыз жүріс-тұрыстан және осы дүниелік құмарлықтардан бас тартамыз”, сондай-ақ “осы заманда есті, әділ әрі оған шын беріліп өмір сүреміз” (Титке 2:12). Біздің бүкіл өмір салтымыздан, қалай сөйлейтінімізден, қалай ішіп-жейтінімізден, қалай киініп, қалай жұмыс істейтінімізден Ехобаға тиесілі екеніміз әрбір адамға анық көрініп тұру керек (Қорынттықтарға 1-хат 10:31, 32 оқыңыз).

БІЗ “БІР-БІРІМІЗДІ БАРЫНША СҮЙЕМІЗ”

15. Бауырластарға неге мейірімділік пен сүйіспеншілік танытуымыз керек?

15 Ехобамен қарым-қатынасымызды қаншалықты бағалайтынымыз бауырластарға қалай қарайтынымыздан көрінеді. Олар да өзіміз сияқты Ехобаның меншігі. Осыны есте ұстасақ, оларға үнемі мейірімділік пен сүйіспеншілік танытатын боламыз (Салоникалықтарға 1-хат 5:15). Бұлай ету қаншалықты маңызды? Иса өзінің ізбасарларына: “Менің шәкірттерім екендеріңді жұрттың бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады”,— деген (Жохан 13:35).

16. Ехоба адамдарды жақсы көретінін Мұса Заңынан қалай көруге болады?

16 Қауымдағы бауырластарға қалай қарауымыз керектігін түсіну үшін Мұса Заңынан мысал келтірейік. Ехобаның ғибадатханасында тек ғибадат үшін ғана қолданылатын бұйымдар болған. Заңда леуіліктер бұл бұйымдарды қалай қолдану керектігі нақты айтылған. Осы нұсқауларды ұстанбаған кез келген адам өлімге кесілген (Мұсаның 4-жазбасы 1:50, 51). Ғибадатқа арналған заттарды адамдар қалай қолданғаны Ехоба үшін соншалықты маңызды болған болса, өзіне бағышталған адал қызметшілеріне адамдардың қалай қарайтыны ол үшін әлдеқайда маңызды емес пе?! Өзіне қаншалықты бағалы екенімізді көрсетіп, Ехоба: “Кім саған тиіссе, сол менің көзімнің қарашығына тиіскені”,— деген (Зәкәрия 2:8).

Қонақжайлылық, жомарттық, кешірімділік пен мейірімділік танытатын болсақ, Ехоба мұны байқайды

17. Ехоба не нәрсеге “ден қойып, тыңдап тұрады”?

17 Малахи айтқандай, Ехоба қызметшілерінің өзара қандай қарым-қатынаста екенін білу үшін “ден қойып, тыңдап тұрады” (Малахи 3:16). “Ехоба өз меншігіндегілерді біледі” (Тімөтеге 2-хат 2:19). Біздің не айтып, не істейтініміз Ехоба үшін мәлім (Еврейлерге 4:13). Бауырластарымызға суық қабақ танытсақ, бұл оның назарынан тыс қалмайды. Ал қонақжайлылық, жомарттық, кешірімділік пен мейірімділік танытатын болсақ, Ехоба мұны да байқайды (Еврейлерге 13:16; Петірдің 1-хаты 4:8, 9).

“ЕХОБА ӨЗ ХАЛҚЫН ҚАЛДЫРМАЙДЫ”

18. Өзінің халқы етіп таңдағаны үшін Ехобаға қалай ризашылық білдіре аламыз?

18 Халқы ретінде Ехобаның меншігі болғанымыз үшін оған қаншалықты риза екенімізді көрсеткіміз келеді. Біз өмірімізді Ехобаға бағыштағанымыз ең дана шешім болғанын білеміз. “Бұзылған, азғын ұрпақ арасында” өмір сүрсек те, “таза да кінәратсыз” болып, “осы дүниеде шырақтай нұр шашып жүре” аламыз (Філіпіліктерге 2:15). Біз Ехоба жек көретін кез келген нәрседен аулақ жүруге бел будық (Жақып 4:7). Сондай-ақ бауырластарымызды жақсы көріп, құрметтейміз, өйткені олар да Ехобаның меншігі (Римдіктерге 12:10).

19. Ехоба өзінің меншігіндегілерді қалай жарылқайды?

19 Киелі кітапта: “Ехоба өз халқын қалдырмайды”,— деген уәде бар (Зәбүр 94:14). Бұл сөздер қандай жағдай болмасын, Ехоба бізбен бірге болатынына кепілдік береді. Тіпті өлім құшсақ та, ол бізді ұмытпайды (Римдіктерге 8:38, 39). “Өмір сүрсек, Ехоба үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Ехоба үшін өлеміз. Сондықтан өмір сүрсек те, өлсек те Ехобаның меншігіміз” (Римдіктерге 14:8). Ехобаның өмірден өткен барлық адал достарына қайта өмір дарытатын уақытын асыға күтеміз (Матай 22:32). Қазірдің өзінде біз Әкеміздің көптеген тамаша сыйларының игілігін көріп жүрміз. Киелі кітапта айтылғандай, “Ехоба қай халықтың Құдайы болса, Кімді меншікті иелігі етіп таңдаса, сол халық бақытты” (Зәбүр 33:12).

КЕЙБІР ТІРКЕСТЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ:

  • Біз Ехобаның меншігіміз: Ехоба бізге өмір сыйлады және құрсақта пайда болған кезден бастап біз оның меншігіміз. Ал Ехобаға өмірімізді бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтіп, өмірімізді оған қызмет етуге арнаған кезде, біз оның ерекше меншігіне айналамыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу