Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w17 қыркүйек 21—26 бет.
  • Құдай Сөзінің әсері күшті

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Сөзінің әсері күшті
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ӨЗ ӨМІРІМІЗДЕ
  • ҚЫЗМЕТІМІЗДЕ
  • МІНБЕДЕН ТӘЛІМ БЕРГЕНДЕ
  • Киелі кітаптың бар нәрін сарқып алыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Құдай Сөзін берік ұстаныңдар
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
  • “Сөзді жүзеге асырушы болыңдар”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Киелі кітапты тиімді қолдан
    Біздің патшалық қызметіміз. 2004
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
w17 қыркүйек 21—26 бет.
Ер кісі жалғыз өзі ішімдік ішіп отыр; оның үйіне Ехоба куәгерлері келіп уағыздап жатыр; сол ер кісі қауым кездесуіне келді

Құдай Сөзінің әсері күшті

“Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті” (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 4:12).

ӘНДЕР: 114, 113

МЫНА САЛАЛАРДА ҚҰДАЙ СӨЗІНІҢ КҮШІН ҚАЛАЙ ҚОЛДАНА АЛАСЫЗ:

  • өмір салтыңызда?

  • қызметіңізде?

  • мінбеден тәлім бергенде?

1. Неге Құдай Сөзінің әсері күшті екеніне сенімдісіз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)

ЕХОБАНЫҢ халқы оның сөзінің, яғни адамзатқа жолдаған хабарының, “тірі, әсері де күшті” екеніне сенімді (Еврейлерге 4:12). Біз Киелі кітаптың қаншалықты әсерлі екенін өз өмірімізден және басқалардың да өмірінен көрдік. Ехоба куәгері болмай тұрып, бауырластардың кейбірі ұры, нашақор болған я болмаса азғын өмір кешкен. Ал өзге біреулері атақты не өте бай болғанымен, өмірлерінде бірдеңе жетпей тұрғандай сезінген (Уағыздаушы 2:3—11). Қуанышқа орай, үмітсіз не мән-мағынасыз өмір сүрген көп адамның енді өмірде ұмтылатын мақсаттары мен үміті бар. Біз осындай кісілердің өмірбаяндарын “Күзет мұнарасындағы” “Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” деген айдардан оқып жігерлендік. Әйткенмен адам мәсіхші болғаннан кейін де Киелі кітаптың көмегімен Ехобамен қарым-қатынасын нығайта беруі тиіс.

2. Бірінші ғасырда Құдай Сөзінің күші бауырластарға қалай әсер еткен?

2 Шындықты білгенде, адамның өмір салтына үлкен өзгерістер жасайтыны біз үшін жаңалық емес. Бірінші ғасырдағы майланған бауырластарымыз осындай өзгерістер жасаған (Қорынттықтарға 1-хат 6:9—11 оқыңыз). Құдай Патшалығына кімдердің кірмейтінін айтқанда, елші Пауыл: “Кезінде кейбіреулерің сондай болдыңдар”,— деп қосқан. Құдай Сөзі мен киелі рухы сол адамдарға өзгеруге көмектескен. Алайда мәсіхші болғаннан кейін де, олардың кейбірі Ехобамен достықтарына зиянын тигізген күнәлар жасаған. Мысалы, Жазбаларда қауымнан шығарылуы тиіс болған бір майланған бауырлас жайлы айтылған. Кейін ол қажетті өзгерістер жасап, қайтадан қауымға оралды (Қорынттықтарға 1-хат 5:1—5; Қорынттықтарға 2-хат 2:5—8). Бауырластарымыздың Құдай Сөзінің әсерімен өмірлерін көп жағынан өзгерте алғандары жігер береді.

3. Осы мақаладан не білеміз?

3 Құдай Сөзінің әсері өте күшті. Ехоба оны бізге бергендіктен, оны барынша пайдаланғанымыз жөн (Тімөтеге 2-хат 2:15). Бұл мақаладан 1) өз өмірімізде, 2) қызметімізде, 3) мінбеден тәлім бергенде Құдай Сөзінің күшін қалай қолдана алатынымызды білеміз. Осыны білгеніміз бізге пайдалы тәлім беретін көктегі Әкемізге деген сүйіспеншілігіміз бен алғысымызды білдіруге көмектеседі (Ишая 48:17).

ӨЗ ӨМІРІМІЗДЕ

4. а) Құдай Сөзі бізге әсер етуі үшін не істеуіміз қажет? ә) Киелі кітапты оқуға қалай уақыт тауып жүрсіз?

4 Құдай Сөзі бізге әсер етуі үшін оны үнемі оқуымыз керек. Күн сайын оқығанымыз жөн (Ешуа 1:8). Көпшілігіміздің уақытымыз өте тығыз екені рас, десе де Киелі кітапты оқуға ештеңенің, оның ішінде міндеттеріміздің де, кедергі болуына жол бермейік (Ефестіктерге 5:15, 16 оқыңыз). Бәлкім, бұған таң ата, күннің барысында не кешқұрым уақыт табатын шығармыз. Өйткені біз де былай деген зәбүр жыршысы сияқты сезімдеміз: “Сенің заңыңды сондай қатты сүйемін, Күні бойы сол жайлы ойға шомып жүремін” (Зәбүр 119:97).

Киелі кітапты оқуға ештеңенің, оның ішінде міндеттеріміздің де, кедергі болуына жол бермейік

5, 6. а) Неге ой жүгіртуіміз керек? ә) Ой жүгіртудің пайдасын көру үшін не істесек болады? б) Киелі кітапты оқып, ой жүгірткеніңіз сізге қандай көмегін тигізді?

5 Бірақ Құдай Сөзін жай оқып қоя салу жеткіліксіз. Оқығанымыз жайлы ой жүгіртуіміз, яғни мұқият әрі тереңінен ойлануымыз керек (Зәбүр 1:1—3). Сонда ғана Киелі кітаптың даналығына сай өмір сүре аламыз. Киелі кітапты баспа түрінде не электронды түрде оқысақ та, Құдай Сөзін бізді өзгертіп, іс-әрекетке талпындыратындай етіп оқиық.

Ехоба куәгерлерінің бірі Киелі кітапты оқып беріп жатыр

6 Ой жүгіртудің пайдасын көру үшін, Киелі кітапты оқып жатқан кезде кідіріп, мынадай сұрақтар қоюымыз керек: “Бұл жерден Ехоба туралы не білуге болады? Мен оқығанымды іс жүзінде қалай орындап жүрмін? Қай жағынан әлі өзгеруім керек?” Құдай Сөзіне ой жүгіртіп, оқығанымыз туралы дұға еткенімізде, соған сай өмір сүруге ықыласымыз да пайда болады. Нәтижесінде Киелі кітаптың әсері күшті екеніне өз өмірімізде көз жеткіземіз (Қорынттықтарға 2-хат 10:4, 5).

ҚЫЗМЕТІМІЗДЕ

7. Құдай Сөзін қызметте қалай тиімді қолдана аламыз?

7 Уағыздағанда және тәлім бергенде Құдай Сөзін жиі қолданғанымыз маңызды. Бір ер бауырлас айтқандай, “егер Ехобаның өзімен үйме-үй уағыздауға шықсаңыз, тек қана өзіңіз сөйлейсіз бе, әлде оған да сөз бересіз бе?” Адамға Киелі кітаптан оқып бергенде, біз Ехобаның сөйлеуіне мұрсат береміз. Жақсы таңдалған тармақ біздің кез келген сөзімізден де күшті әсер етеді (Салоникалықтарға 1-хат 2:13). Қызметте жүргенде Киелі кітаптан мүмкіндігінше жиі оқып беруге тырысасыз ба?

Адамға Киелі кітаптан оқып бергенде, біз Ехобаның сөйлеуіне мұрсат береміз

8. Уағыздағанда неге тармақты жай оқып қоя салмауымыз керек?

8 Дегенмен адамға жазба орнын оқып бере салу жеткіліксіз. Бірінші ғасырда қалың жұртшылық Киелі кітапты түсіне бермеген, бүгін де солай (Римдіктерге 10:2). Адам біз оқыған тармақты өзі түсініп алады деп ойламауымыз керек. Оларға көмектесу үшін біз ондағы негізгі сөздерді не ойларды қайталап, кейіннен олардың мән-мағынасын түсіндірсек болады. Сонда Құдай Сөзі адамның санасы мен жүрегіне жетеді (Лұқа 24:32 оқыңыз).

9. Жазба орнына айтатын алғы сөз арқылы қалай адамды Құдай Сөзін құрметтеуге талпындыра аламыз? Мысал келтіріңіз.

9 Бұған қоса, жазба орнын оқыр алдында айтқан алғы сөзіміз де адамды Киелі кітапқа құрметпен қарауға талпындыра алады. Мысалы: “Жаратушымыз осы жайында не дейтінін көрейікші”,— десек болады. Ал егер Исаға сенбейтін адамды жолықтырсақ, оған: “Киелі жазбаларда не айтылғанын қараңызшы”,— деуге болатын шығар. Дінге еш қызықпайтын адам болса, одан: “Мына бір көнеден жеткен сөзді естігенсіз бе?”— деп сұрасақ болады. Әрбір адамның шыққан ортасы мен нанымдары әртүрлі екенін есте ұстасақ, алғы сөзімізді құлаққа жағымды етуге барынша тырысамыз (Қорынттықтарға 1-хат 9:22, 23).

Ехоба куәгерлері қызметте Киелі кітапты қолданып жатыр

10. а) Бір ер бауырласпен қандай жағдай болды? ә) Қызметіңізде Құдай Сөзінің әсерін көргенсіз бе?

10 Көп жариялаушылар Құдай Сөзін оқып бергенде, бұл адамдарға қатты әсер ететінін байқаған. Мысалы, бір ер бауырлас журналдарымызды көп жылдан бері оқып жүрген қарт кісіге барып тұрады. Бірде бауырлас оған соңғы шыққан “Күзет мұнарасын” бере салмай, бір жазба орнын оқып берейінші деп ойлайды. Сөйтіп, оған Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4-тегі мына сөздерді оқып береді: “Ол — қайырымы мол Әке және жұбаныш атаулының қайнар көзі. Ол бізді қиындық көрген кездің бәрінде жұбатады”. Бұл әлгі қарт кісіге қатты әсер еткені сонша, сол тармақтарды қайтадан оқып беруді сұрайды. Кейін ол әйелі екеуінің жұбанышқа зәру болғанын айтады. Осы жазба орнының арқасында ол Киелі кітап туралы көбірек білгісі келеді. Шынында да, Құдай Сөзін қызметте қолданудың әсері өте күшті! (Елшілердің істері 19:20).

МІНБЕДЕН ТӘЛІМ БЕРГЕНДЕ

11. Мінбеден тәлім беретін ер бауырластардың қандай жауапкершілігі бар?

11 Қауым кездесулері мен конгреске барғанды бәріміз де жақсы көреміз. Онда біз бірінші кезекте Ехобаға ғибадат ету үшін барамыз. Сонымен қатар біз онда пайдалы тәлім аламыз. Сондықтан мінбеден тәлім беретін ер бауырластарда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік бар (Жақып 3:1). Олар тәлімдерін Құдай Сөзіне негіздеуі тиіс. Егер сізде осындай мәртебе болса, тыңдармандарыңыздың жүрегіне жол табу үшін Киелі кітаптың әсерін қалай қолдана аласыз?

Ер бауырлас Киелі кітапты қолданып, мінбеден тәлім беріп жатыр

12. Баяндамашы өз баяндамасының Жазбаларға негізделгеніне қалай көз жеткізе алады?

12 Киелі жазбалар кез келген баяндаманың ең маңызды бөлігі болу қажет (Жохан 7:16). Сондықтан баяндаманы қалай айтатыныңызға және қолданатын мысалдар мен оқиғаларыңызға емес, Киелі кітапқа көбірек назар аударыңыз. Оған қоса, Киелі кітапты оқып беру мен Киелі кітаптан тәлім берудің айырмашылығы бар. Өте көп жазба орнын оқығаныңызбен, олар көбісінің есінде қалмайды. Сондықтан қолданатын тармақтарды мұқият таңдаңыз. Сосын оларды оқып, түсіндіріп, мысал келтіріп, баяндамаға қатыстыру үшін уақыт бөліңіз (Нехемия 8:8). Егер сізде баяндама жоспары болса, жоспардың өзіне және ондағы жазба орындарына зерттеу жүргізіңіз. Баяндама жоспары мен тармақтардың байланысын түсінуге тырысыңыз. Сосын келтірілген тармақтардың кейбірін қолданып, жоспардағы ойларды жеткізіңіз. (“Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” кітабының 21—23 сабақтарынан жақсы кеңестер таба аласыз.) Ең бастысы, Ехобадан Киелі кітаптағы құнды ойларын жеткізуге көмек сұраңыз (Езра 7:10; Нақыл сөздер 3:13, 14 оқыңыз).

13. а) Бір бауырласқа қауымда естіген жазба орны қалай әсер етті? ә) Кездесулерімізде қолданылған Киелі кітап тармақтары сізге қалай әсер етіп еді?

13 Австралияда тұратын бір әйел бауырлас бала кезінде көп қасірет көрген. Кейіннен Ехобаны танып-білсе де, ол бәрібір Ехобаның өзін жақсы көретініне толықтай сене алмайды. Бірде қауым кездесуінде естіген бір тармақ оған қатты әсер етеді. Ол бұл тармақ жөнінде ой жүгіртіп, ізденіс жасайды да, Киелі кітаптан басқа да тармақтарды табады. Содан Ехобаның өзін жақсы көретініне көзі жетедіa. Қауым кездесуінде не конгресте қандай да бір тармақтың сізге осылай қатты әсер еткені есіңізде ме? (Нехемия 8:12).

14. Ехобаның Сөзін сүйіп, бағалайтынымызды қалай көрсетеміз?

14 Жазылып қалдырылған Сөзі үшін Ехобаға риза емеспіз бе? Ол оның мәңгі қалатынын уәде етті, әрі сол уәдесінде тұрды (Петірдің 1-хаты 1:24, 25). Ендеше, Киелі кітапты жүйелі түрде оқып, оқығандарымызды өмірде ұстанғымыз және оны өзгелерге де көмектесу үшін қолданғымыз келеді. Солай етсек, осы асыл қазынаға және, ең бастысы, оның Авторы Ехоба Құдайға деген сүйіспеншілігіміз бен ризашылығымызды көрсетеміз.

a “Бетбұрысты сәт” деген қоршауды қараңыз.

ҚҰДАЙ СӨЗІНІҢ КҮШІН ҚОЛДАНЫҢЫЗ

өз өміріңізде:

  • оны жүйелі түрде оқыңыз

  • ой жүгіртіңіз

  • білгендеріңізге сай әрекет етіңіз

қызметте:

  • Жазбаларды жүйелі түрде қолданыңыз

  • оқылған тармақтардағы негізгі ойларға назар аударып, түсіндіріңіз

  • тармақты оқымас бұрын, адамды Құдай Сөзін құрметтеуге талпындыратын алғы сөз айтыңыз

мінбеден тәлім бергенде:

  • баяндамаңызда Киелі жазбаларға баса назар аударыңыз

  • оқиғаларға, мысалдарға не қалай сөйлейтініңізге емес, Киелі кітапқа көбірек көңіл бөлінсін

  • оқылатын жазба орындарын түсіндіріп, мысал келтіріп, баяндамаға қатыстыру үшін уақыт бөліңіз

“Бетбұрысты сәт”

Виктория шындықты білгеніне көп жыл болса да, Құдайдың мені жақсы көруі мүмкін емес деп ойлады. Құдай өзін шынымен де сүйетініне оны не сендірді? Ол өз оқиғасын былай деп баяндайды:

“Өмірімдегі бетбұрысты сәт шомылдыру рәсімінен өткен соң 15 жылдан кейін болды. Патшалық сарайында баяндама айтып тұрған бауырлас Жақып 1:23, 24-ті келтірді. Онда Құдай Сөзі айнаға ұқсайтыны айтылған. Сол айнадан өзімізге Ехобаның көзқарасымен қарай аламыз. Бірақ менің өзіме деген көзқарасым Ехобанікіндей ме екен деп ойладым. Алғашында бұл ойға бой бермедім. Өйткені бәрібір де өзімді Ехобаның сүйіспеншілігіне лайықсыз сезіндім.

Бірнеше күннен кейін өмірімді күрт өзгерткен бір тармақты оқыдым. Бұл тармақ Ишая 1:18 еді, онда Ехоба былай деп жатыр: “Келіңдер, мәселені ортаға салып, шешейік. Күнәларың ал қызыл болса да, аппақ қардай етемін”. Ехоба маған: “Кел, Вики, мәселені ортаға салып, шешейік. Мен сені, сенің күнәларыңды, сенің жүрегіңді жақсы білемін. Мен сені жақсы көремін”,— дегендей болды.

Сол түні кірпік ілмедім. Ехобаның мені сүйетініне әлі де күмәндандым, бірақ Исаның төлем құрбандығын ойға алдым. Бір кезде көзім ашылғандай болды: Ехоба осыншама уақыт бойы маған шыдамдылық танытып, сүйіспеншілігін түрлі жолдармен көрсетіп келген екен. Ал мен болсам оған: “Сүйіспеншілігің қанша күшті болса да, мені жақсы көре алмайсың. Ұлыңның құрбандығының күші маған жетпейді”,— деп жатқандай болыппын. Былайша айтқанда, мен берілген төлем сыйын қабылдамай, Ехобаның өзіне лақтырып жібергендей болдым. Бірақ, ақырында, осы төлем сыйы жайлы ой жүгірткен соң, Ехобаның мені жақсы көретінін сезіне бастадым”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу