Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w16 сәуір 21—26 бет.
  • Жікке бөлінген дүниеде бейтараптық сақтайық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жікке бөлінген дүниеде бейтараптық сақтайық
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • АДАМИ ҮКІМЕТТЕРГЕ ЕХОБАНЫҢ КӨЗІМЕН ҚАРАУ
  • “САҚ” ӘРІ “АҚПЕЙІЛ” БОЛУ
  • ЕХОБАНЫҢ КӨМЕГІ
  • ЕХОБАНЫҢ АДАЛ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ КӨМЕГІ
  • Бейтарап болу деген не?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Ехоба куәгерлері неге саясатқа араласпайды?
    Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
  • Осы дүниеден алшақ болыңыз
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Соңғы күндері мәсіхші ретіндегі бейтараптықты сақтаймыз
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
w16 сәуір 21—26 бет.
Бейтарап сақтағаны үшін қамауға алынған Ехоба куәгері

Жікке бөлінген дүниеде бейтараптық сақтайық

“Құдайдікін Құдайға беріңдер!” (МАТАЙ 22:21).

ӘНДЕР: 33, 137

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Ехоба адами үкіметтерге қалай қарайды?

  • Бейтараптық сақтау қиын болғанда, не істеуіміз керек?

  • Бейтараптық сақтаған Ехобаның адал қызметші- лерінен неге үйренеміз?

1. Қалай біз Құдайға да, адами үкіметтерге де мойынсұна аламыз?

КИЕЛІ КІТАП бізді адами үкіметтерге мойынсұнуымыз керек деп үйретеді. Сөйте тұра, онда адамға емес, Құдайға мойынсұнуымыз керектігі айтылған (Елшілердің істері 5:29; Титке 3:1). Бұл бір-біріне қайшы емес пе? Осы ретте Иса бізге кімге мойынсұнуымызды анықтауға көмектесетін келесі принципті айтқан: “Патшанікін патшаға, ал Құдайдікін Құдайға беріңдер!” (Матай 22:21). Біз мемлекеттің заңдарына мойынсұнып, билік иелеріне құрметпен қарап, салықтарды төлеген кезде, “патшанікін патшаға” береміз (Римдіктерге 13:7). Алайда үкімет бізден Құдайдың еркіне қайшы келетін нәрсені істеуді талап етсе, ілтипатпен бас тартамыз.

2. Осы дүниенің саяси істеріне араласпайтынымызды қалай көрсете аламыз?

2 “Құдайдікін Құдайға берудің” бір жолы — осы дүниенің саяси істеріне араласпау. Бұл мәселеде біз бейтараптық сақтаймыз (Ишая 2:4). Адами үкіметтердің билік етуіне Ехоба жол беріп отырғандықтан, біз оларға қарсы шықпаймыз. Сондай-ақ патриоттық рухқа не ұлтшылдыққа итермелейтін істерге қатыспаймыз (Римдіктерге 13:1, 2). Біз мемлекетті өзгертуге, саясаткерлерге ықпал етуге, сайлау кезінде дауыс беруге не саясаткер болуға ұмтылмаймыз.

3. Неліктен біз бейтараптық сақтауымыз керек?

3 Құдайдың бізден бейтараптық сақтауды талап етуінің бірнеше себебі бар. Солардың бірі — біз оның Ұлы Исаға еліктейміз. Ол “осы дүниелік” болмай, саясаттан және соғыстардан бойын аулақ ұстаған (Жохан 6:15; 17:16). Бейтараптық сақтауымыздың тағы бір себебі — біз Құдай Патшалығын қолдаймыз. Адами үкіметтерді қолдасақ, адамзат қиындықтарын тек Құдай Патшалығы ғана шеше алады деп таза ар-ұжданмен уағыздай алмас едік. Жалған діндер саяси істерде қандай да бір жақты қолдайтындықтан, адамдары жік-жікке бөлініп жатады. Ал біз бейтараптық сақтағанымыздың арқасында дүниежүзіндегі бауырластармен бірліктеміз (Петірдің 1-хаты 2:17).

4. а) Бейтараптық сақтау барған сайын қиындай түсетінін қайдан білеміз? ә) Бейтараптық сақтауға неге қазірден бастап дайындалуымыз керек?

4 Біз, бәлкім, саяси жағынан тыныш, шынайы ғибадатқа кедергі жасамайтын елде тұрып жатқан шығармыз. Бірақ Шайтанның жүйесінің соңы жақындаған сайын, бейтараптық сақтау да қиындай түседі деп күтуімізге болады. Адамдар қазірдің өзінде “ымыраға келмейтін,.. қиқар”, ал алдағы уақытта олардың одан бетер жікке бөлінері анық (Тімөтеге 2-хат 3:3, 4). Кей елдерде саяси жағдай аяқастынан өзгеріп, бауырластарымыздың бейтараптығы сынға алынды. Міне, сондықтан да қиындық туындағанда бейтараптық сақтай алуымыз үшін қазірден бастап дайындалуымыз керек. Мұны қалай істеуге болатындығының төрт жолын қарастырайық.

АДАМИ ҮКІМЕТТЕРГЕ ЕХОБАНЫҢ КӨЗІМЕН ҚАРАУ

5. Ехоба адами үкіметтерге қалай қарайды?

5 Бейтараптық сақтауға дайын болудың бірінші жолы — адами үкіметтерге Ехобаның көзімен қарау. Ехоба о баста адам баласын жаратқанда, оларға бір-бірінің үстінен билік ету құқығын бермеген (Еремия 10:23). Ол бүкіл адамзатты бір отбасы деп қарастырады. Ал үкіметтер болса ұлтшылдықты алға тартып, адамдардың жік-жікке бөлінуіне себепші болып отыр. Тіпті үкіметтер жақсы болып көрінген күнде де, олар адамзаттың барлық проблемасын шешуге дәрменсіз. Оның үстіне, олар 1914 жылдан бері билік етіп келе жатқан Құдай Патшалығының қарсыластары. Өте жақын арада бұл Патшалық адами үкіметтердің бәрін жояды (Зәбүр 2:2, 7—9 оқыңыз).

Тіпті қиын жағдайда бейтараптық сақтай алу үшін қазірден бастап дайындалыңыз

6. Билік басындағыларға деген көзқарасымыз қандай болу керек?

6 Құдайдың үкіметтерге билік етуге жол беруінің себебі — олар қандай да бір шамада тыныштық пен тәртіптің болуына ықпал етіп отыр. Ал бұл бізге Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды уағыздауға мүмкіндік береді (Римдіктерге 13:3, 4). Құдай өзіне тыныштықта ғибадат ете алуымыз үшін бізді тіпті билік басындағылар үшін дұға етуге шақырады (Тімөтеге 1-хат 2:1, 2). Біз де, елші Пауыл сияқты, әділетсіздіктің құрбаны болғанда, билігі бар адамдарға жүгіне аламыз (Елшілердің істері 25:11). Құдай Сөзінде патшалықтардың бәрі Шайтанның қолында екені айтылғанмен, онда Шайтан билік басындағылардың әрбірін қадағалап отыр делінбеген (Лұқа 4:5, 6). Сондықтан біреуге қандай да бір билік иесінің артында Шайтан тұр деген ой салмауымыз керек. Киелі кітапта “ешкімді тілдемеуіміз” керектігі айтылған ғой (Титке 3:1, 2).

7. Қандай ойдан аулақ болуымыз керек?

7 Біз Құдайға мойынсұнғымыз келетіндіктен, қандай да бір саясаткердің не партияның идеялары біздің мүддеміз үшін тиімді болған күнде де, оларды жақтамаймыз. Рас, бұл кейде оңай болмауы мүмкін. Мысалы, халыққа, тіпті Ехоба куәгерлеріне, көп зардап шектіріп жатқан мемлекетке қарсы жұрт көтеріліске шықты делік. Әрине, біз мұндай көтеріліске қатыспаймыз, бірақ іштей “көтерілісшілер дұрыс істейді, олар жеңіп шықса екен” деп тілейміз бе? (Ефестіктерге 2:2). Біз сөзімізбен және ісімізбен ғана емес, жан дүниемізде де бейтараптық сақтауымыз керек.

“САҚ” ӘРІ “АҚПЕЙІЛ” БОЛУ

8. Бейтараптық мәселесінде қалай біз “сақ” әрі “ақпейіл” бола аламыз?

8 Бейтараптық сақтауға дайын болудың екінші жолы — “жыландай сақ, көгершіндей ақпейіл болу” (Матай 10:16, 17 оқыңыз). Біз қандай қиын жағдайларға тап болуымыз мүмкін екенін алдын ала көре білуімізбен “сақ боламыз”. Ал сол жағдайларда ешкімді жақтамауымызбен “ақпейіл боламыз”. Ендеше, кезігуіміз мүмкін қиын жағдайлардың кейбірін қарастырып, сол кезде қалай бейтараптық сақтай алатынымызды көрейік.

9. Адамдармен сөйлескенде, неден сақ болуымыз керек?

9 Әңгімелесу. Адамдар саяси мәселелер жайлы әңгіме қозғағанда, өте сақ болуымыз керек. Мысалы, біреуге Құдай Патшалығы туралы айтып жатқанда, қандай да бір саяси партияның не саясаткердің идеясымен келісетін-келіспейтінімізді айтпаймыз. Адамзаттың проблемаларын шешудің қандай жолдары бар екенін талқылаудың орнына, Киелі кітаптан оларды Құдай Патшалығы ғана біржолата шешетініне назар аударғанымыз жөн. Кейде адамдар қандай да бір тақырыптарға дауласқысы келуі мүмкін. Мысалы, кей елдерде адамдар біржынысты неке я түсік жасатуға қатысты пікірталастырып жатады. Бұндай жағдайда Құдай Сөзінде бұл мәселеге қатысты не айтылғанын және оларды өмірімізде қалай қолдануға тырысатынымыз жайлы айтсақ болады. Егер әлдекім кейбір заңдарды алып тастау керек не өзгерту қажет деп жатса, қандай да бір жақты құптамаймыз, оның да ойын өзгертуге тырысып бақпаймыз.

Естіп-білгендеріңізді Киелі кітаптағы “дұрыс ілімнің үлгісімен” салыстырыңыз

10. Саяси ақпараттар көргенде не оқығанда, бейтарап екенімізге қалай көз жеткізе аламыз?

10 Бұқаралық ақпарат құралдары. Кейде жаңалықтарда бір мәселеге қатысты тек біреудің жағын қолдайтын мәліметтер беріліп жатады. Бұл әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттің қадағалауында болған елдерде жиі кездеседі. Ақпарат агенттіктері не тілшілер біржақты көзқарас ұстанып жатса, біз де солар сияқты ойлап кетуден сақ болуымыз керек. Мәселен, өзімізді былай деп тексеріп көрсек болады: “Қандай да бір тілшінің саяси пікірімен келісетіндіктен оны тыңдауды ұнатамын ба?” Бұл орайда бейтараптық сақтай алу үшін біржақты көзқарас ұстанатын саяси ақпараттарды көруден не оқудан аулақ болуымыз керек. Оның орнына, ешкімді жақтамайтын бейтарап ақпарат көздеріне жүгінгеніміз абзал. Қалай болған күнде де, естіп-білгендерімізді үнемі Киелі кітаптағы “дұрыс ілімнің үлгісімен” салыстырып отыруымыз қажет (Тімөтеге 2-хат 1:13).

11. Дүние-мүлкімізге қатты бауыр басатын болсақ, бейтараптық сақтау қалай қиын болуы мүмкін?

11 Дүниеқұмарлық. Дүние-мүлкімізге қатты бауыр басып қалсақ, сынақ кезінде бейтараптық сақтау қиын болуы мүмкін. 1970 жылдары Малавидегі көптеген Куәгерлер саяси партияға қосылмағаны үшін бар дүниесінен айырылған еді. Өкінішке орай, солардың арасында жайлы өмірлерін қимағандар да болды. Рут есімді бауырлас былай деп есіне алады: “Кейбір бауырластар бізбен бірге жер аударылғанмен, кейінірек саяси партияға қосылып, үйлеріне оралды. Өйткені олар босқындар лагеріндегі жайсыз өмірге шыдағысы келмеді”. Алайда Құдай халқының басым көпшілігі қаржы жағынан тапшылық көрсе де, қолда барынан айырылып қалса да, бейтараптық сақтап келеді (Еврейлерге 10:34).

12, 13. а) Ехоба бүкіл адамзатқа қалай қарайды? ә) Бойымызда ел-жұртымызға деген орынсыз мақтаныш бар-жоғын қалай анықтай аламыз?

12 Мақтаныш. Адамдарға өз нәсілін, ұлтын, руын, мәдениетін, қаласы мен елін айтып мақтану тән. Бірақ Ехоба бір адамды не халықты екіншісінен жоғары қоймайды. Оның көз алдында бәріміз бірдейміз. Рас, ол бізді әртүрлі етіп жаратқан, мұндай сан алуан ерекшеліктерге біз тамсанып, қуанамыз. Әрине, Ехоба бізге мәдениетімізден бас тарт демейді. Десе де өзімізді өзгелерден артық санағанымызды қаламайды (Римдіктерге 10:12).

13 Ел-жұртымызды айтып мақтану — жүрегімізде ұлтшылдық сезімі бар екендігінің белгісі. Мұндайда бейтараптық сақтау өте қиын болуы мүмкін. Бірінші ғасырда да осыған ұқсас жағдай орын алған. Кейбір еврей бауырластар грек жесірлеріне алалаушылық танытқан (Елшілердің істері 6:1). Бойымызға орынсыз мақтаныш ұялағанын қалай біле аламыз? Егер басқа жақтан келген бауырлас бір мәселеге қатысты ұсыныс айтса, бірден “қойшы, өзіміздікі әлдеқайда жақсы ғой” деп ойлап, бас тартамыз ба? Егер солай болса, “кішіпейілділікпен басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар” деген маңызды кеңесті қаперімізде ұстайық (Філіпіліктерге 2:3).

ЕХОБАНЫҢ КӨМЕГІ

14. Бізге дұға қалай көмектеседі және мұны Киелі кітаптағы қандай оқиға растайды?

14 Бейтараптық сақтауға дайын болудың үшінші жолы — Ехобаға арқа сүйеу. Оған дұға етіп, киелі рух сұраңыз. Сонда үкіметтің тарапынан әділетсіздікке кезіккенде, шыдамдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді таныта аласыз. Сондай-ақ бейтараптық сақтауды қиындатуы мүмкін жағдайды көре білу үшін және сол кезде дұрыс әрекет ете алу үшін даналық сұраңыз (Жақып 1:5). Ехобаға адал болғаныңыз үшін түрмеге жабылуыңыз не басқалай да жазалануыңыз мүмкін. Сондай кездері неліктен бейтараптық сақтайтыныңызды өзгелерге анық түсіндіре алу үшін батылдық сұрап дұға етіңіз. Ехоба кез келген қиындыққа төзуге көмектесетініне еш күмәнданбасаңыз да болады (Елшілердің істері 4:27—31 оқыңыз).

Бейтараптық сақтауға көмектесетін және жұмақты суреттейтін тармақтарды жаттап алыңыз

15. Бейтараптық сақтауға Киелі кітап қалай көмектеседі? (“Құдай Сөзі олардың шешімін нығайтты” деген қоршауды да қараңыз.)

15 Ехоба бізді Киелі кітап арқылы нығайтады. Сынақ кезінде бейтараптық сақтауға көмектесетін тармақтар жайлы ой жүгіртіңіз. Осындай тармақтарды қазір жаттап алуға тырысыңыз, сонда Киелі кітапсыз қалған кезде мұның зор пайдасын көресіз. Сонымен қатар Киелі кітап Құдайдың болашаққа қатысты уәделеріне деген үмітіңізді де нығайтады. Ал мұндай үміт қуғын-сүргінге төтеп беру үшін аса маңызды (Римдіктерге 8:25). Жұмақта қатты көргіңіз келетін баталарды суреттейтін тармақтарды жаттап алып, өзіңіздің соларға қол жеткізіп, мәз-мейрам болып жүргеніңізді елестетіңіз.

ЕХОБАНЫҢ АДАЛ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ КӨМЕГІ

16, 17. Бейтараптық сақтаған Құдайдың адал қызметшілерінің үлгісінен неге үйрене аламыз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)

16 Бейтараптық сақтауға көмектесетін төртінші нәрсе — Ехобаның адал қызметшілерінің үлгісі жайлы ойлану. Киелі кітап заманында батылдық танытқан, дана шешім қабылдап, бейтараптық сақтаған адамдар көп болған. Мысалы, Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоны алсақ, олар Бабыл мемлекетін бейнелеген мүсінге табынудан бас тартқан (Даниял 3:16—18 оқыңыз). Олардың үлгісі бүгінде көптеген Куәгерлерге өздері тұратын елдің туына табынудан бас тартуға батылдық беруде. Иса осы дүниедегі саяси не әлеуметтік қақтығыстардан аулақ болған. Ол өзінің көрсеткен үлгісі шәкірттеріне зор көмек болатынын білген. Сондықтан оларға: “Батыл болыңдар! Мен осы дүниені жеңіп шықтым!”— деген (Жохан 16:33).

17 Біздің күнімізде де сынақ кезінде бейтараптық сақтаған Куәгерлер аз емес. Олардың кейбірі азапталып, түрмеге қамалған, тіпті Ехобаға адалдық сақтағаны үшін өлім құшқан. Олардың үлгісі бізге батыл болуға көмектеседі. Түркиялық Барыш есімді бауырлас былай дейді: “Франц Райтер деген жас бауырлас Гитлердің әскеріне қосылмағаны үшін өлім жазасына кесілген еді. Өлер түні анасына жазған хатынан оның ғаламат сенім көрсеткені және Ехобаға толық үміт артқаны көрінеді. Осындай қиындыққа мен де кезіксем, оның үлгісіне еліктегім келеді”[1] (26-беттегі сілтемені қараңыз).

18, 19. а) Бейтараптық сақтауға қауымыңыздағы бауырластар қалай көмектесе алады? ә) Сіз не істеуге бел будыңыз?

18 Қауымыңыздағы бауырластар да сізге бейтараптық сақтауға көмектесе алады. Бейтараптығыңыз сынға алынып жатса, ақсақалдарға айтыңыз. Олар сізге Киелі кітапқа негізделген жақсы кеңестер береді. Қауымдағы бауырластар қиындығыңыз жайлы білсе, сізге жігер бере алады. Олардан өзіңіз үшін дұға етуді өтініңіз. Алайда біз де өз тарапымыздан бауырластарға қолдау көрсетіп, олар үшін дұға етуіміз қажет (Матай 7:12). Қазіргі таңда түрмеде отырған бауырластардың тізімін jw.org сайтынан таба аласыз[2] (26-беттегі сілтемені қараңыз). Тізімнен бірнеше есімді таңдап, Ехобадан сол бауырластарға батыл болып, адалдық сақтауға көмектесуін сұраңыз (Ефестіктерге 6:19, 20).

19 Осы дүниенің соңы таяған сайын, бейтараптық мәселесінде үкіметтердің бізге көрсететін қысымы үдейе түссе, бұған таңғалмаймыз. Сондықтан да жікке бөлінген осы дүниеде бейтараптық сақтауға қазірден бастап дайын болуымыз керек!

^ [1] (17-абзац) “Ехоба куәгерлері — Құдай Патшалығын жариялаушылар” (ор.) кітабының 662-бетін және “Құдай Патшалығы билік етуде!” (ор.) кітабының 14-тарауындағы “Ол өле-өлгенше Құдайды мадақтап өтті” деген қоршауды қараңыз.

^ [2] (18-абзац) “Ехоба куәгерлерін сенімі үшін түрмеге қамаған елдер” (ор.) деп аталатын мақаланы қараңыз. Ол үшін “НОВОСТИ/ЮРИДИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ” деген жерге кіріңіз.

Құдай сөзі олардың шешімін нығайтты

“Нақыл сөздер 27:11, Матай 26:52 және Жохан 13:35-тегі сөздер жайлы ой жүгірткенім әскери қызметтен бас тартуға деген шешімімді нығайтты. Сондай-ақ осы тармақтардың арқасында қиын жағдайда жантыныштығын сақтай алдым” (Андрей, Украина).

“Ишая 2:4 сынақ кезінде бейтараптық сақтауыма көмектесті. Мен көз алдыма жаңа дүниедегі бейбіт өмірді елестеттім. Сол кезде адамдар қолдарына қару алып, бір-біріне қастандық жасамайды” (Уилмер, Колумбия).

КЕЙБІР ТІРКЕСТЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ:

  • Осы дүниеде бейтараптық сақтау: Біз Құдай Патшалығына адал болғандықтан, осы дүниенің саясаты мен соғыстарына қатыспаймыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу