ИНДОНЕЗИЯ
Мойынсұнудың арқасында тірі қалдық!
Бласиас да Гомес
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1963
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1995
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Молукк аралдарына кіретін Амбон аралында болған діни қақтығыс кезінде бауырластарға қамқорлық көрсеткен ақсақал.
ҮЙІМНЕН үш шақырымдай жерде, 1999 жылдың 19 қаңтарында мұсылмандар мен христиандардың арасындағы өшпенділік зорлық-зомбылыққа ұласып кетті. Осы жағдайдың кесірінен елді тәртіпсіздік жайладыa.
Отбасымның қамын жасаған соң, мен жариялаушыларға қоңырау шалып, жағдайларын сұрастырдым. Оларға сабырлық сақтап, қауіпті аймақтардан аулақ жүрулері керектігін айттым. Кейіннен оларға ақсақалдар келіп, рухани нығайтты және әрі қарай да кішігірім топ болып кездесулерді өткізе беруге талпындырды.
Филиал бізге қауіпті аймақтарда тұратын жариялаушыларды басқа жерге көшіруге қатысты нұсқау берді. Біз бірнеше отбасына бұл нұсқауды жеткіздік. Үйінен кетуден бас тартқан бір ер бауырлас кейін қарулы топтың қолынан қаза болды. Ал филиалдан келген басшылыққа сай әрекет еткендердің барлығы аман қалды.
a Бұл қақтығыс Молукк аумағының жер-жерінде екі жылдан астам уақыт жалғасып, ондаған мың адамның жер аударуына себепші болды.