Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb16 132-б.—137-б., 1-абз.
  • Алға басуға бел буғандар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алға басуға бел буғандар
  • 2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Тақырыпшалар
  • Сумбадағы қиыншылықтар
  • “Ехоба куәгерлері шеге сияқты”
2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb16 132-б.—137-б., 1-абз.
Индонезияда тыйым салынған кезде бауырластардың кейбірі конгресті қайықта отырып тыңдады

Тыйым салынған кезде бауырластардың кейбірі конгресті қайықта отырып тыңдады

ИНДОНЕЗИЯ

Алға басуға бел буғандар

Ісімізге тыйым салынғанын білгенде, бауырластар бірден әрекетке кірісті. “Құпия қағаздарымызды, әдебиеттерді және филиал қаржысын Джакартаның әр жеріндегі қауіпсіз деген үйлерге апарып қойдық,— дейді Рональд Джака.— Сондай-ақ филиалды құпия жерге көшіріп, бұрынғы ғимараттарды ешкімге білдіртпей сатып жібердік”.

1977—2001 жылдар аралығындағы жариялаушылар мен ізашарлардың санының көрсеткіші

Бауырластардың көбісі қорқынышқа бой алдырмай, белсенді болып қалды. Тыйым салынардан бұрын олар ауыр сынақтардан өткен еді, сондықтан әрі қарай да Ехобаға арқа сүйеуге дайын болды. Бірақ бұл жағдай кейбіреулер үшін төбесіне жай түскендей болды. Бірнеше ақсақал қорыққандарынан уағызды тоқтататыны жайында құжатқа қол қойды. Тағы біреулері қауым мүшелерінің аттарын айтып берді. Сондықтан филиал қауымдарды нығайту және қысымға беріліп қалған бауырластарға көмектесу үшін рухани толысқан бауырластарды жіберді. Сондай-ақ Индонезияға Басқарушы кеңестің мүшесі Джон Бут келіп, әкелік қамқорлықпен біраз кеңес берді.

Ұлы Бағушы Ехобаның өз халқын қолдап-қуаттап жатқаны айқын болды (Езек. 34:15). Ақсақалдар рухани көмек көрсетуге көбірек күш салды, ал жариялаушылар уағыздаудың жаңа жолдарын тауып, сақтықпен әрекет етті (Мат. 10:16). Көп бауырлас индонезиялық Киелі кітап қоғамынан төменірек бағамен заманауи тілдегі Киелі кітапты сатып алып, адамдарға үйме-үй жүріп ұсынатын да, мүмкін болғанда, абайлап Патшалық туралы хабарды айтатын. Ал басқа бауырластар біздің әдебиеттеріміздің баспасы туралы мәлімет жазылған беттерін алып тастап, оларды қызығушылық танытқан адамдарға тарататын. Жапондықтардың басып алуы тұсындағы ізашарлар сияқты, көп ізашарлар үйме-үй жүретін сатушылар болғансып уағыздайтын.

Маргарет пен Норберт Хауслер

Маргарет пен Норберт Хауслер

1977 жылы Діни істер департаменті тағы бір соққы берді. Олар Ехоба куәгерлерінің миссионерлік визаларын жаңартудан бас тартты. Сондықтан Куәгер миссионерлердің көпшілігі басқа елдерге тағайындалдыa. Солтүстік Сулавесидегі Манадо қаласында әйелі Маргарет екеуі миссионер болып қызмет еткен Норберт Хауслер былай деп есіне алады: “Әуежайға бізбен қоштасуға жүздеген бауырлас келді. Ұшақтың баспалдағымен көтеріліп жатып, бір сәтке тоқтап, артымызға қарағанда, қол бұлғап тұрған қыруар адам бір ауыздан: “Рақмет сендерге! Осында болғандарыңа рақмет!”— дей бастады. Олардың дауыстары әуежайдың ұшу-қону алаңын жаңғыртып жіберді. Ұшаққа кірген соң, біз еңіреп жыладық”.

Сумбадағы қиыншылықтар

Ісімізге тыйым салынғандығы туралы хабар бүкіл топаралға тарады. Индонезияның шіркеулер қауымдастығы өз мүшелерін Куәгерлердің қандай да бір іс-шарасын байқап қалса, билік иелеріне хабарлауға шақырды. Сондықтан көп аралдарда бауырластар ұсталып, тергеуге алына бастады.

Сумба аралындағы Вайнгапу қаласында өңірлік әскердің қолбасшысы 23 бауырласты жергілікті әскери бөлімге шақыртып, сенімінен бас тарту жайлы қағазға қол қоюды талап етті. Бауырластар бұған келіспеді. Сонда қолбасшы оларға келесі күні қайтадан келуді бұйырды. Ал ол жерге барып-келу үшін 14 шақырым жер жаяу жүру керек еді.

Келесі күннің таң сәрісінде қолбасшы бауырластарды бір-бірден алдыға шығарып, қағазға қол қоюды бұйырды. Бауырлас қол қоюдан бас тартқанда, сарбаздар оны тікенді бұталармен сабады. Бір кезде олар шектен шығып, кейбір бауырластарды естен тандырғанша аяусыз ұрып-соқты. Басқа бауырластар кезегін күтіп қарап тұрды. Кейін Мони Кели есімді жас бауырлас алға шығып, қолына қалам алып, жаза бастады. Мұны көрген бауырластардың жүрегі шымыр ете қалды, бірақ қолбасшы ашуға мінді. Сөйтсе, Мони “Мен мәңгі-бақи Ехоба куәгері болып қаламын!” деп жазыпты. Олар Мониді әбден дүре соғып, ақырында ол ауруханаға түсті. Әйтсе де ол адалдығын сақтады.

Қолбасшы 11 күн бойы бауырластарды мінсіздігінен тайдыруға тырысты. Оларды шыжыған күннің астында күні бойы тұруға мәжбүрледі. Сосын бірнеше шақырым еңбектеп жүруді және ауыр жүк арқалап ұзақ жүгіруді бұйырды. Тамақтарына мылтықтың ұшындағы найзаны тақап тұрып, туды дәріптеуді талап етті. Бірақ олар бәрібір бас тартты. Сонда оларды тағы да сарбаздарына сабатты.

Бауырластар күнде таңертең әскери бөлімге бара жатып, оларды тағы қандай сынақтар күтіп тұрғанын ойлайтын. Олар жол-жөнекей бірге дұға айтып, бір-бірін адалдық сақтауға талпындыратын. Ал кешкісін үсті-бастары жырым-жырым болып, қансырап, үйлеріне сүйретіліп бара жатқанда, Ехобаға адал болып қалғандарына қуанатын.

Бауырластардың қиыншылықтары туралы хабар филиалға жеткен бойы олар Вайнгапудағы қолбасшыға, Тимордағы өңірлік әскер қолбасшысына, Балидегі әскери бөлімнің қолбасшысына, Джакартадағы жоғарғы әскербасына және басқа да үкімет басындағы беделді адамдарға наразылық білдіріп хаттар жіберді. Өзінің өрескел әрекеттері бүкіл Индонезияға жария болып жатқанына ұялып, Вайнгапудағы қолбасшы бауырластарды қудалауды доғарды.

“Ехоба куәгерлері шеге сияқты”

Кейінгі жылдары бүкіл Индонезияда сансыз көп бауырлас қамауға, тергеуге алынды және соққыға жығылды. “Бір аймақта көп бауырластың алдыңғы тістерін сындырған,— деп есіне алады миссионер Билл Перри.— Олар алдыңғы тістері бар бауырласты көргенде, “Сен жаңадан келгенсің бе, әлде беріліп қалғансың ба?” деп қалжыңдап сұрайтын. Бастарына көп қиыншылық түссе де, бауырластар Ехобаға қуанышпен және зор құлшыныспен қызмет ете берді”.

“Түрмеде мен Ехобаға көбірек арқа сүйеуді үйрендім және рухани күйім нығая түсті”

13 жылдың ішінде 93 бауырлас екі айдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Алайда сынақтар олардың Ехобаға адал болып қалуға деген шешімін нығайта түсті. Мысалы, сегіз ай қамауда отырып шыққан Муса Раде жергілікті бауырластарды қызметтерін доғармауға талпындырды. “Түрмеде мен Ехобаға көбірек арқа сүйеуді үйрендім және рухани күйім нығая түсті”,— деді ол. Сол кезде көп адам былай дейтін: “Ехоба куәгерлері шеге сияқты. Оларды қаққан сайын, тереңдеп, қатая береді”.

Молукк аралындағы Амбон қаласына уағыздауға бара жатқан қайықтағы жариялаушылар

Молукк аралындағы Амбон қаласына уағыздауға бара жатқан жариялаушылар

a Көп уақыт миссионер болған Питер Вандерхеген мен Лен Дейвис зейнетке шығатын жастан асқандықтан, ал Мериан Тамбунан (қыз кезіндегі тегі Стюва) индонезиялыққа күйеуге шыққандықтан, Индонезияда қалуға рұқсат алды. Осы үш миссионер тыйым салынған кезде рухани белсенді болып қала берді әрі қызметте мол жеміс әкелді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу