Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb13 174—177 бет.
  • Жүз жыл бұрын 1913

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жүз жыл бұрын 1913
  • 2013 Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Жүз жыл бұрын. 1914
    2014 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Уағыздау әдістері. Ізгі хабарды тарату үшін түрлі әдістерді қолданамыз
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • Олардың қазіргі заман тарихы мен өріс алуы
    Ехоба куәгерлері. Олар кімдер? Олар неге сенеді?
  • Олар жалған діннің құрсауынан босады
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
2013 Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb13 174—177 бет.
[174, 175-беттердегі сурет]

Жүз жыл бұрын 1913

“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫНЫҢ” 1913 жылғы 1 қаңтарындағы санында американдық журналист Герберт Кофманның әйгілі сөздері келтірілді: “Бүгінде “мүмкін емес” деген сөз ескіден қалған ұғым... Бұрында арман болған нәрселердің бәрі дерлік бүгінде шынайы”. Иә, адамдар 1913 жылы болашаққа үлкен үмітпен қарады.

[174-беттегі сурет]

Адамзаттың болашаққа сеніммен қарауының бір себебі технологияның дамуы болды. Мысалы, Құрама Штаттардағы “Форд” автокөлік компаниясы Хайленд-Парк қаласында (Мичиган) жаңа зауыт ашты. Көліктердің құны күрт төмендеп кеткені сонша, олар миллиондаған адамдарға қолжетімді дүниеге айналды. Бағаның осылайша құлауы қалай мүмкін болды? Жаңадан ашылған әлгі зауыт конвейермен жұмыс істейтін. Бұл жетістіктің арқасында Форд компаниясы өздерінің атақты “Форд Т” көлік үлгісін бұрынғыға қарағанда өте аз уақыт аралығында және азырақ шығынмен жинап шығара алды.

Алайда Ехобаның халқы басқа себептермен болашаққа үмітпен қарады. “Киелі кітап зерттеушілері” 1914 жыл адамзат тарихындағы ерекше жыл болатынын алдын ала айтып келді әрі олар бұл жылдан көп нәрсе күтті. Олардың белсенділігі сол жыл жақындаған сайын арта берді.

[177-беттегі таблица]

Ашықхат: Пастор Расселдің трансконтиненталдық саяхаты

1913 жылдың маусымында АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында (Миссури) өткен бір күндік конгресс бірқатар конгрестердің алғашқысы болды. Келесі төрт апта бойы арнайы жалданған пойыз қуанышқа толы 200-ден астам бауырласты Құрама Штаттардың батысында және Канадада өткен конгрестерге тасыды. Әр конгресте жаңадан келгендерге қосымша мәлімет сұрауға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде мыңдаған адам бұл мүмкіндікті қолданды және қызығушылық білдіргендер кейінірек “Киелі кітап зерттеушілермен” байланыса алды.

1913 жылы Бруклиндегі бас басқарма “Жаратылыстың фотодрамасын” жасап шығаруға кірісті. Бұл сегіз сағаттық бағдарламада түрлі түсті шыны слайдтар мен жылжымалы бейнелер Киелі кітапқа негізделген баяндамалар мен музыканың сүйемелдеуімен көрсетілетін. “Киелі кітап зерттеушілері” бұл “Фотодрама” арқылы ізгі хабарды миллиондаған адамға жеткізгілері келді. Сол кезде белсенді жариялаушылардың саны шамамен 5100 ғана болса да, олардың мақсаты бұл бағдарламаны “мүмкіндігінше бүкіл дүниежүзіне таныстыру” еді.

1914 жылы не болады? Жұрт “Фотодраманы” қалай қабылдайды? Күзде, басқа ұлттар дәурені аяқталғанда, қандай жайттар орын алмақ? “Киелі кітап зерттеушілері” Ехобаның қолдайтынына сенім арта отырып, осы сұрақтардың жауабын тағатсыздана күтті.

Кейінірек Бірінші дүниежүзілік соғыс деп аталған Ұлы соғыс адамзатты болашаққа деген сенімінен айырмақ еді. Сол кезде технологиялық жетістіктер адамдар кезігетін қиындықтардың шешімі бола алмады. Келер 1914 жыл “Киелі кітап зерттеушілеріне” және бүкіл әлемге үлкен өзгеріс алып келу керек еді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу