Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w24 тамыз 7-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Ұқсас мәлімет
  • Қауымның татулығы мен тазалығын сақтау
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Кеңесіңіз жүректі қуанта ма?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • “Араларыңда ауыр еңбектеніп жүргендерді қадірлеңдер”
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ақсақалдар, Пауылдың үлгісіне еліктей беріңіздер
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
w24 тамыз 7-б.

Оқырман сауалдары

Салоникалықтарға 2-хат 3:14-тегі “назарға алыңдар” деген нұсқау ақсақалдарға айтылған ба, әлде қауымдағы әрбір мәсіхшіге ме?

Елші Пауыл Салоникадағы мәсіхшілерге былай деп жазған: “Кімде-кім осы хат арқылы айтқандарымызға құлақ аспайтын болса, соны назарға алыңдар” (Сал. 2-х. 3:14). Бұған дейін біз бұл сөздер ақсақалдарға берілген нұсқау деп ойлап келдік. Егер біреу қайта-қайта кеңес берілгеніне қарамастан Киелі кітап принциптерін бұзып жүрсе, оны назарда ұстау үшін ақсақалдар қауымда ескерту баяндамасын айтатын. Содан кейін қауымдағы бауырластар назарға алынған сол адаммен араласпай қоятын.

Алайда бұған қатысты түсінігіміз енді өзгерді. Пауылдың айтқан сөздеріне қарасақ, оның кеңесі қауымдағы әрбір мәсіхшіге қатысты екенін көреміз. Сондықтан бұдан былай ақсақалдарға қауымда ескерту баяндамасын айтудың қажеті жоқ. Бұндай өзгеріске не себеп болды? Қазір Пауылдың айтқан сөздерінің мәнмәтінін қарайық.

Пауыл қауымдағы кейбіреулердің “тәртіп бұзып” жүргенін байқаған. Олар Құдай Сөзіне негізделген кеңеске құлақ аспаған. Өйткені Пауыл осыған дейін келген кезінде оларға: “Еңбек еткісі келмейтін адам ішіп жемесін”,— деген нұсқау берген. Соған қарамастан олар жағдайы келіп тұрса да, өздерін асырау үшін жұмыс істемеген. Сондай-ақ олар өзгелердің ісіне араласып жүрген. Бұндай тәртіп бұзушыларға қауымдағылар қалай қарау керек еді? (Сал. 2-х. 3:6, 10—12).

Пауыл ондай адамдарды “назарға алыңдар” деп кеңес берген. “Назарға алу” деп аударылған грек сөзі адамды байқап, ықпалына берілмеу үшін одан сақ болу дегенді білдіреді. Пауыл бұл нұсқауды тек ақсақалдарға ғана емес, бүкіл қауымға айтқан (Сал. 2-х. 1:1; 3:6). Демек, қауымда бір мәсіхші біреудің Құдай Сөзіндегі кеңестерге құлақ аспай жүргенін байқаса, сол тәртіп бұзушымен араласпауды шеше алатын.

Пауылдың нұсқауы назарға алынған адамға қауымнан аластатылған адамға қарағандай қарау керек дегенді білдірген бе? Жоқ. Пауыл ондай адамға қатысты: “Бауырлас ретінде ақыл-кеңес бере беріңдер”,— деген. Демек, қауымдағы бауырластар назарға алынған адаммен қауым кездесулерінде, қызметте араласа берген. Бірақ отырыстарда, демалыстарда олармен араласпау керек болған. Не үшін? “Өз қылығына ұялу үшін”,— деген Пауыл. Назарға алынғанның арқасында тәртіп бұзған мәсіхші өз ісіне ұялып, жүріс-тұрысын өзгертуі мүмкін еді (Сал. 2-х. 3:14, 15).

Ал бүгіндегі мәсіхшілер Пауылдың кеңесін қалай қолдану керек? Алдымен Пауыл “тәртіп бұзушы” деп кімдерді айтқанын түсініп алуымыз керек. Пауыл ар-ұждандарына не жеке талғамдарына сай бізден басқаша әрекет ететін адамдарға қатысты айтпаған. Оның сөздері бізді ренжітіп қойған адамдарға да қатысты емес. Пауыл Киелі кітапта анық етіп жазылған нұсқауларға әдейі мойынсұнбай жүрген адамдарға қатысты айтқан.

Қауымда осындай бүлікшіл рух танытып жүрген бауырласты байқасақa, онымен отырыстарда, демалыстарда араласамыз ба, жоқ па — оны өзіміз шешеміз. Бұл жеке шешім болғандықтан, ол жайлы үй ішіндегілерден басқа ешкіммен талқылаудың қажеті жоқ. Бірақ біз ол адаммен қауым кездесулерінде не уағызға шыққанда араласа береміз. Ал адам жүріс-тұрысын өзгерткен кезде, онымен қайтадан бұрынғыдай араласа береміз.

a Мысалы, мәсіхші шамасы келіп тұрса да, өзін асырау үшін жұмыс істемей қоюы мүмкін, сенуші емес адаммен кездесіп жүруі мүмкін, я болмаса іріткі салатын әңгімелер не өсек таратып жүрген болуы мүмкін (Қор. 1-х. 7:39; Қор. 2-х. 6:14; Сал. 2-х. 3:11, 12; Тім. 1-х. 5:13). Осындай әрекетін қоймайтын адам “тәртіп бұзушыға” жатады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу