Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp24 № 1 14—15 бет.
  • Дұрыс па, бұрыс па? Жасау керек таңдау

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Дұрыс па, бұрыс па? Жасау керек таңдау
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2024
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның халқы әділдікті сүйеді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Кімнің нормаларына сенім артуға болады?
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Дұрыс па, бұрыс па? Киелі кітап — сенімді ақыл-кеңестің көзі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2024
  • Ехобаның моральдық нормаларын ұстанайық
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2024
wp24 № 1 14—15 бет.
Алдыңғы мақалалардағы жас жігіт таудың шыңына жеткен соң айналасына қарап, қуанып тұр.

Дұрыс па, бұрыс па? Жасау керек таңдау

Бақытты болу-болмауымыз қандай моральдық нормалармен өмір сүретінімізге байланысты. Ехоба Құдай да мұны біледі. Сондықтан ол біздің оның нормаларымен өмір сүргенімізді қалайды.

Ехоба бізді алаңсыз, бақытты өмір сүрсе екен дейді.

“Мен Құдайларың Ехобамын. Мен сендерге пайдалыны үйретемін, Жүрулерің тиіс жолмен жетелеймін. Өсиеттеріме ден қойсаңдар ғой, шіркін! Сендердегі тыныштық өзендей, әділдіктерің теңіз толқындарындай болар еді” (Ишая 48:17, 18).

Жаратушымыз болғандықтан, Құдай қалай өмір сүру керектігімізді бізден жақсы біледі. Ол бізді өзінің ақыл-кеңесіне құлақ асуға шақырады, себебі олар өзіміз үшін пайдалы. Құдайдың айтқанын істейтін болсақ, “дұрыс істедім бе, жоқ па” деп уайымдап жатпаймыз. Егер Құдай көрсеткен жолмен жүрер болсақ, ешқашан қателеспейміз, қайта, тыныштық пен бақытқа кенелеміз.

Ехоба бізден мүмкін емес нәрсені талап етпейді.

“Мен сендерге бұйырып отырған осы Заңды орындау тым қиын емес, ол қол жетпестей алыста да емес” (Мұсаның 5-жазбасы 30:11).

Құдайдың моральдық нормаларымен өмір сүру үшін бізге ойымыз бен жүріс-тұрысымызды өзгерту керек болуы мүмкін. Бірақ Ехоба бізден тым көп нәрсені талап етпейді. Қанша дегенмен ол біздің Жаратушымыз ғой, біздің шама-шарқымызды жақсы біледі. Ехобаны жақыннан таныған сайын оның өсиеттерін орындау қиын емес екенін түсінеміз (Жоханның 1-хаты 5:3).

Екі Куәгер “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабының көмегімен бір әйелмен зерттеу сабағын өткізіп отыр.

Ехоба оның моральдық нормаларымен өмір сүремін дейтіндерге көмектесуді уәде етеді.

“Мен, Құдайың Ехоба, оң қолыңнан ұстап тұрмын, Саған: — Еш қорықпа! Мен саған көмектесемін!— деймін” (Ишая 41:13).

Құдайдың моральдық нормаларымен өмір сүру қолымыздан келеді. Себебі Құдайдың өзі бізге көмектеседі. Бұл үшін ол бізге талпыныс, үміт беретін өз Сөзі Киелі кітапты берді.

Төрткіл дүниеде тұратын миллиондаған адам Киелі кітап нормаларымен өмір сүріп, өмірлерін жақсартқан. Неге сізге де Киелі кітапта жазылған жақсы ақыл-кеңестерді оқып көрмеске? Бұл үшін Киелі кітапқа негізделген “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасымен танысып көріңіз. Оны jw.org сайтынан тегін жүктей аласыз. Онда келесідей қызықты сабақтар бар:

  • Киелі жазбалар өміріңізді көркейте алады

  • Киелі жазбалар нұрлы үміт сыйлайды

  • Киелі жазбаларға сенуге бола ма?

Құдай Сөзі Киелі кітапты зерттей келе, оның ешқашан ескірмейтініне, “әрқашан, тіпті мәңгі сенім артуға тұрарлық” екеніне көз жеткізесіз (Зәбүр 111:8). Киелі кітаптағы моральдық нормалармен өмір сүру — ең жақсы өмір жолы. Бірақ басында айтып кеткендей, Құдай ешкімді өз нормаларымен өмір сүруге күштемейді (Мұсаның 5-жазбасы 30:19, 20; Ешуа 24:15). Таңдау өз қолымызда!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу