Зерттеу әдісі
“Рухани әндерді” жаттап алыңыз
“Көңілім құлазып, өзімді түкке тұрғысыз сезінгенде, Ехоба JW Broadcasting®-тегі әндер арқылы еңсемді көтереді”,— дейді АҚШ-та тұратын Лорэн.
“Рухани әндер” қашанда ғибадатымыздың бір бөлігі болған (Қол. 3:16). Бұл әндерді жаттап алсаңыз, ән кітабыңыз не электронды құрылғыңыз болмаған кезде де олардың пайдасын көре аласыз. Төмендегі кеңестер әндерді жаттап алуға көмектеседі:
Әннің сөздерін зейін салып оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыз. Мағынасын түсініп тұрсақ, сол мәліметті есте сақтау жеңіл. Әндердің мәтінін jw.org сайтына кіріп, “Кітапхана” санатындағы “Музыка” деген жерден таба аласыз. Ол жерде бейнебаяндар мен балаларға арналған әндердің де мәтіні бар.
Мәтінді қолмен қағазға түсіріңіз. Осылай әннің сөздері одан бетер миыңызға жазылады (Мұс. 5-ж. 17:18).
Дауыстап айтыңыз. Әндерді қайта-қайта дауыстап оқыңыз не шырқаңыз.
Жатқа айтып көріңіз. Жаттағаныңызды мәтінге қарамай айтып көріңіз. Кейін дұрыс жаттағаныңызды тексеріңіз.