Зерттеу әдістері
Маңыздысынан бастаңыз
Бәрімізде де жеке зерттеуге бөлетін уақыт шектеулі. Ендеше, сол уақытты барынша тиімді пайдалану үшін не істесе болады? Біріншіден, асықпаңыз. Бірнеше бетті судыратып оқып шыққаннан гөрі, аз болса да тыңғылықты зерттеген жақсы.
Екіншіден, не зерттейтініңізді маңыздылық реті бойынша жоспарлаңыз (Ефес. 5:15, 16). Мысалы, мынадай кезекпен:
Киелі кітапты күнбе-күн оқыңыз (Зәб. 1:2). Жұмыс дәптеріндегі апта сайын оқитын Киелі кітап тарауларынан бастасаңыз болады.
“Күзет мұнарасының” осы аптада талқыланатын мақаласына және жұмыс дәптеріне алдын ала дайындалыңыз. Түсініктеме дайындап қойыңыз (Зәб. 22:22).
Уақытыңызға қарай, көпшілікке арналған журналдарды, видеолар мен jw.org сайтындағы басқа да мәліметтерді көріп, оқып жүруге тырысыңыз.
Өзіңізге қызық тақырыпта ізденіңіз. Мысалы, сізді мазалайтын мәселені, сұрақты немесе Киелі кітапта қозғалатын әрі жақсырақ түсінгіңіз келетін бір тақырыпты зерттесеңіз болады.