Іздену әдістері
“Күзет мұнарасының онлайн кітапханасындағы”™ анықтамалықтар
Бұл анықтамалықтардан түрлі тақырыптарды зерттей аласыз. Анықтамалықтарға қазақ тіліндегі “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралы” және басқа тілдердегі “Түсіндірме”, “Киелі жазбаларды түсіну” және “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткіші” кіреді.
Бұл анықтамалықтарды қолдану үшін, “Күзет мұнарасының онлайн кітапханасының” Іздеу жолағына сөз енгізу керек. Жолаққа сөз жаза бастағаныңызда, астынан түрлі ұсыныстар шығып тұрады. Іздеген сөзіңіз анықтамалықта болса, оның жанында “Тақырып” деп жазылып тұрады.
Былай етіп көріңіз: Іздеу жолағына “Ехоба” деп теріңіз (1). Астындағы ұсыныстардың ішінен “Тақырып” деген сөзі барын таңдаңыз (2). Сонда әртүрлі анықтамалықтардан “Ехоба” деген сөзге қатысты мәліметтер шығады.