Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w23 ақпан 31-б.
  • Бауырластар оларды іспен сүйді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бауырластар оларды іспен сүйді
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Ұқсас мәлімет
  • Өмірді өзгертетін нүктелер
    Садақаларыңыз қайда жұмсалады?
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік: Жанары сөнген жандарға уағыздау
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • Зағип әйел дұғасына жауап алды
    Оқиғалар
  • Көзі көрмейтін адамдарға Ехоба жайлы білім алуға көмектес
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
w23 ақпан 31-б.

Марсело, Йомара мен Айвер (солдан оңға қарай) Брайль қарпіндегі “Жаңа дүние аудармасын” ұстап отыр

Бауырластар оларды іспен сүйді

ГВАТЕМАЛАДАҒЫ бір кішкентай ауылда Йомара, Марсело және Айвер деген үш бауыр тұрады. Әпкелері Йомара бірінші болып Киелі кітапты зерттеу сабағын бастайды. Ал артынан екі інісі де қосылады. Бірақ олардың үшеуі де зағип болатын және Брайль қарпін де танымайтын. Сондықтан олармен зерттейтін бауырлас кітапты да, тармақтарды да өзі оқып беретін.

Оларға қиынға соққан тағы бір мәселе қауым кездесулеріне бару еді. Себебі ең жақын деген Патшалық сарайының өзі 40 минуттық жерде орналасқан болатын. Бірақ ер бауырластар оларды қауым кездесулерінің ешқайсысынан қалдырмай, апарып-әкелудің қамын жасады. Ал үшеуі қауым кездесуінде тапсырмалармен шыға бастағанда, қауымдағылар оларға айтатын сөздерін жаттауға көмектесетін.

2019 жылдың мамыр айында олардың ауылында да қауым кездесулері өтетін болды. Сол уақыттары бұл ауылда басқа жерден көшіп келген бір тұрақты ізашар ерлі-зайыпты тұрып жатты. Олар Брайль қарпін білмесе де, осы үш бауырға сол қаріпте оқып-жазуды үйретейік деп бел буады. Сөйтіп, екеуі кітапханаға барып, көзі көрмейтін жандарға Брайль қарпін үйрету туралы әдістемелік құралдарды оқып-зерттейді.

Марсело қауымда жауап беріп жатыр

Йомара, Марсело және Айвер бірнеше-ақ айдың ішінде Брайль қарпімен оқуды меңгеріп алды. Соның арқасында олар рухани жетістіктерге жете бастады. Қазір үшеуі де — тұрақты ізашар. Марсело қызмет көмекшісі болды. Олар бүкіл апта бойы рухани істерді алдына жан салмай атқарады. Олардың жалынды құлшынысы басқаларға да жұғысты болып жатыр.

Бұл үш ағайындының қауымның көрсеткен сүйіспеншілігі мен қолдауына деген алғыстары шексіз. “Алғаш кездескеннен-ақ біз Куәгерлердің шынайы мәсіхшілік сүйіспеншілігіне бөленіп келеміз”,— дейді Йомара. Ал Марсело болса: “Біз осы қауымнан керемет достар таптық. Сондай-ақ бір-бірін бауырдай жақсы көретін дүниежүзілік бауырластықтың мүшесі екенімізге қуаныштымыз”,— деді. Йомара мен інілері жер бетінің жұмаққа айналғанын өз көздерімен көруді аңсайды (Зәб. 37:10, 11; Ишая 35:5).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу