Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb26 мамыр 6—7 бет.
  • 25—31 мамыр

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 25—31 мамыр
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2026)
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2026)
mwb26 мамыр 6—7 бет.

25—31 МАМЫР

ИШАЯ 65, 66

24-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Біз рухани жұмағымызды бағалаймыз

(10 мин.)

Рухани жұмақта жүрген Құдайдың қызметшілерінде аста-төк рухани ас-су бар (Иш 65:13; cl 275-б., 12, 14-абз.)

Рухани жұмағымыздың арқасында біз қиындықтарымызды еңсере аламыз (Иш 65:14—17; w24.04 22-б., 9, 10-абз.)

Рухани жұмақтағы татулық пен қауіпсіздік басқа еш жерде жоқ (Иш 65:25; w24.04 23-б., 13-абз.)


СӨЗ МӘНІ: “Рухани жұмақ” деп рухани ортаны айтамыз, онда біз Ехобаға ғибадат етеміз. Рухани жұмақта біз Ехобамен де, бір-бірімізбен де татумыз.

Коллаж: Бауырластар рухани жұмақтың рақатын көріп жүр. 1. Олар Патшалық сарайында арқа-жарқа болып әңгімелесіп жүр. 2. Патшалық сарайының ауласында жұмыла жұмыс істеп жүр. 3. Темір торда отырған жасы үлкен ер бауырлас өзінен кіші ер бауырласты жігерлендіріп жатыр. Қабырғада бауырластардың жазған хаттары ілініп тұр. 4. Ауруханада жатқан әйел бауырласқа бір ерлі-зайыпты келіп тұр. Әйелі оның қолынан ұстап тұр, ал күйеуі жеміс-жидектер мен хаттар салынған букет ұстап тұр.

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Иш 66:24. Бұл тармақ Марқа 9:47, 48-дегі Исаның жаһаннам туралы айтқан сөздерін түсінуге қалай көмектеседі? (w08 15.6. 27-б., 4, 5-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

(4 мин.) Иш 65:17—25 (th 10-сабақ)

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Адамға бірден Киелі кітап жайлы айтпай, өзіңіздің Ехоба куәгері екеніңізді әңгіме барысында білдіріңіз. (lmd 5-сабақ, 3-тақырыпша)

5. Әңгіме бастау

(2 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. Адам сізбен айтысқысы келеді. (lmd 4-сабақ, 5-тақырыпша)

6. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Буклеттің көмегімен әңгіме бастаңыз. (lmd 1-сабақ, 4-тақырыпша)

7. Нанымдарымызды түсіндіру

(3 мин.) Көрініс. ijwfq 2-мақала. Тақырыбы: “Неге Ехоба куәгерлері өз діні бар адамдарға келе береді?” (th 17-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

80-ән

8. Толық уақытты қызмет жайлы не ойлайсың?

(15 мин.) Талқылау.

Коллаж: “Сен “ізгі хабар үшін” не істейсің?” деген видеодан көріністер. 1. Томохиро Нишимура бауырлас Бетелде кітап түптейтін жерде жұмыс істеп жатыр. 2. Хаппинес Мабо бауырлас аударма кеңсесінде жұмыс істеп отыр. 3. Құрылыс қызметшілері Райнер мен Кезия бауырластармен амандасып жатыр. 4. Джордж Телан бауырлас Бетелдегі Қызмет бөліміндегі бауырластармен жұмыс істеп жатыр. 5. Рамона Уелш бауырлас зерттеу сабағын өткізіп жатыр.

Толық уақытты қызмет етуді бастайын ба, бастамай-ақ қояйын ба деп ойлап жүрсің бе? Бәлкім, толық уақыт қызмет етсем, көп қызықтан құр қалып қаламын деп уайымдайтын шығарсың. Я болмаса “Ехобаға қызмет ететін адамдардың барлығы мәңгі өмір сыйын алатын болса, құрбандыққа барудың не қажеті бар” деп те ойлайтын шығарсың. Алайда Ехоба өзіне арқа сүйейтін жандарды “ешбір игіліктен құралақан қалдырмайтынын” есте ұстағайсың (Зб 84:11, 12). Негізінде, Ехобаға ең жақсымызды бермесек, шынымен де көп нәрседен құр қаламыз.

Ехоба тек жұмақта ғана емес, қазір де батасын көл-көсір етіп береді. “Сен “ізгі хабар үшін” не істейсің?” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

  • Видеодағы толық уақыт қызмет етіп жүрген жастар қандай баталарға кенеліп жүр?

Ал егер толық уақыт қызмет етуге мүмкіндігің болмаса, не істей аласың? Мынаны ұмытпа: Ехоба өзіндегі ең жақсысын беретін адамдарды молынан жарылқайды. Сондықтан Ехобаға қазір қолыңда бар ең жақсыңды бере бер, сонда ол саған “көл-көсір етіп батасын төгеді” (Млх 3:10).

9. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

(30 мин.) lfb 88, 89-тараулар

Қорытынды сөз (3 мин.) | 55-ән және дұға

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу