18—24 МАМЫР
ИШАЯ 62—64
44-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)
1. Мейірімді де жанашыр Құмырашы
(10 мин.)
Көріп жатқан қиындығымызға өзіміз кінәлі болсақ та, Ехобаның бізге жаны ашиды (Иш 63:9; cl 253, 254-б., 7—9 абз.)
Ехоба бізді қателігіміздің салдарынан қорғамайды, бірақ ол бізге көмектесуге асық (w23.08 28, 29-б., 8, 9-абз.)
Ехобаның бізді қалыптастыруына жол берсек, оның көзінде бағалы боламыз (Иш 64:8; w13 15.9. 20-б., 15—17 абз.)
2. Рухани асыл тастар
(10 мин.)
Иш 63:10. Бұл тармақтан Ехобаның шыдамдылығы жайлы не білеміз? (it “Мейірімділік”, 11-абз.)
Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?
3. Киелі кітапты оқу
(4 мин.) Иш 64:4—12 (th 12-сабақ)
4. Әңгіме бастау
(3 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. Адамды қандай тақырып қызықтыратынын біліп, қайта кездесуге келісіңіз. (lmd 1-сабақ, 5-тақырыпша)
5. Қызығушылықты арттыру
(4 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Тәлім беру құралдарының ішіндегі бір видеоны талқылаңыз. (lmd 9-сабақ, 4-тақырыпша)
6. Шәкірт дайындау
(5 мин.) lff 254-беттегі “Қауыммен уағыздауға дайынмын ба?” деген қоршау. Зерттеушіңізбен шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болу жайлы сөйлесіңіз. (lmd 12-сабақ, 3-тақырыпша)
115-ән
7. Апат айтып келмейді. Күтпеген жағдайға дайын болыңыз
(15 мин.) Талқылау. Ақсақал жүргізеді. Бар болса, филиалдың және ақсақалдар кеңесінің ескертпелерін де айтып өтіңіз.
Табиғи апаттар, қарулы қақтығыстар мен теракттар кез келген жерде, кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін (Уғ 9:11). Біз тұратын аумақта табиғи апаттар жиі болмаса да, күтпеген жағдайларға дайын болуымыз керек (Н.с 22:3). Сондай жағдайларға қалай дайын бола аласыз?
Адам көп жүретін жерлерде жан-жағыңызда не болып жатқанына, апаттық жағдайда шығатын есіктердің қайда екеніне мән беріңіз.
Апаттық жағдайға арналған дабыл сөмкеңіздіa дайындап қойыңыз. Сондай-ақ үйіңізде апат кезінде қажет болатын заттардың жеткілікті қоры болсын. Бұдан бөлек, қолыңызда эвакуация жоспары мен жақындарыңыздың байланыс мәліметі болғаны жақсы (g17.5 4-б.).
“Апат айтып келмейді. Күтпеген жағдайға дайын болыңыз” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:
Бауырластар апатқа дайындалуға қатысты басында қандай ойда болған?
Олар апатқа дайын болу үшін қандай әрекеттер жасады?
Олардың дайындығына Ехоба қалай батасын берді?
Видеодағы бауырластар нені түсінді?
ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Апатқа дайындығымнан Ехобаны құрметтейтінім көріне ме?”
МАҚСАТ: Осы аптада көпшілік орындарында жүргенде, жақын жердегі апаттық жағдайда шығатын есікті тауып көріңіз.
8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу
(30 мин.) lfb 86-тарау, 13-бөлімнің кіріспесі және 87-тарау
Қорытынды сөз (3 мин.) | және дұға
a “Сізде керектінің бәрі бар ма?” деген қоршауды қараңыз (“Ояныңдар!”, № 5, 2017, 6-б.).