МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағызға арналған кездесуді тиімді өткізудің жолдары
Басқа кездесулер сияқты, уағызға арналған кездесу де — бір-бірімізді сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін жасаған Ехобаның шарасы (Ев 10:24, 25). Бұл кездесу 5—7 минут уақыт аралығында өту керек. Топты бөлу, учаскелерді беру және дұға айту осы уақыттың ішіне кіреді. (Егер бұл кездесу басқа кездесуден кейін өтсе, ол бұдан да қысқа уақытта өту керек.) Уағызға арналған кездесуді жүргізетін бауырлас қызметке шығатын бауырластарға сол күні пайдалы болатын ойларды айту керек. Мысалы, сенбі күнгі уағызға арналған кездесуге келген бауырластар өткен аптадан бері қызметке шықпаған болса, онда оларға адамдармен не туралы сөйлесуге болатыны жайлы айту орынды болар. Бұл кездесуде тағы не қарастыруға болады?
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптеріндегі пікірлесу үлгілері
Жергілікті оқиғаларды не жаңалықта айтылған мәліметті әңгімеге арқау ету
Қарсы пікірге жауап беру
Атеист, эволюцияға сенетін, өзге тілде сөйлейтін не аумағыңызда кең таралмаған дінді ұстанатын адамдармен әңгімелесу
Қызметте тиімді болатын jw.org сайты мен JW Library® қосымшасының функцияларын және Киелі кітаптағы қосымша мәліметтерді көрсету
“Тәлім беру құралдарын” қолданудың жолдары
Телефонмен уағыздау, хат жазу, көпшілік орындарда уағыздау, қайта бару, зерттеу сабағын жүргізу сияқты қызмет түрлеріне қатысу
Қауіпсіздік шаралары, жағдайға бейімделу, ізетті де әдепті болу, дұрыс көзқарас сақтау сияқты жайттарды еске салу
“Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық” кітапшасының сабақтарын не видеоларын қолдану
Қызметтегі серігіңді жігерлендіру және оған көмектесу
Қызметке қатысты тармақты не қызметте болған қызықты оқиғаны талқылау