Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb21 қыркүйек 3—16 бет.
  • Қызметте “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымын қолданыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қызметте “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымын қолданыңыз
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Ұқсас мәлімет
  • “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен зерттеуді қалай өткізуім керек?
    Адамдарды сүйіңіз, шәкірт дайындаңыз
  • Зерттеушілерге шомылдыру рәсімінен өтуге көмектесіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Киелі кітапты зерттеушіге рухани өсуге көмектесіңіз (1-бөлім)
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • “Құдайдан келген қуанышты хабар” кітапшасын қалай қолданамыз?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
mwb21 қыркүйек 3—16 бет.
Ерлі-зайыптылар аялдамада бір кісімен “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасын қолданып әңгімелесіп жатыр.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Қызметте “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымын қолданыңыз

Зерттеу сабағын жүргізуге арналған жаңа кітапша мен кітаптың шыққанына өте ризамыз! Көбірек шәкірттер дайындау үшін жасап жатқан еңбегімізге Ехоба батасын берсін деп дұға етеміз (Мт 28:18—20; Қ1х 3:6—9). Ал бұл жаңа құралдарды қалай қолдану керек?

“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымындағы интерактивті Киелі кітап сабақтары жаңаша тәлім беру әдісімен жүргізіледі. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мына негізгі ережелерді ұстаныңызa:

  • Мәліметті оқып шығып, сұрақтарды талқылаңыздар

  • “Оқыңыз” делінген жазба орындарын оқып, зерттеушіге сол тармақтардың өзіне қандай қатысы бар екенін түсінуге көмектесіңіз

  • Бейнероликтерді көріп, берілген сұрақтар бойынша талқылаңыздар

  • Бір сабақты бір отырғанда өтіп шығуға тырысыңыз

Қызметте адамның қызығушылығын анықтау үшін алғашында кітапшаны қолданыңыз. (“Алғаш барғанда “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасын ұсынудың жолы” деген қоршауды қараңыз.) Адаммен кітапшаны зерттеп болсаңыз және оның әрі қарай да зерттеуге ықыласы болса, кітапқа көшуді ұсынып, зерттеуді 4-сабақтан жалғастырсаңыз болады. Ал егер сіз біреумен “Киелі жазбалардан не білеміз?” кітабымен я “Құдай сүйіспеншілігіне бөленіңіз” кітабымен зерттеп жүрген болсаңыз, “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабына көшіңіз және оны қай жерден бастап зерттейтіндеріңізді шешіңіз.

Дәл сол ерлі-зайыптылар әлгі кісінің үйінде “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен Киелі кітап сабағын өтіп жатыр.

“ҚҰДАЙ СӨЗІ ТАЛҚЫЛАНАТЫН САБАҚТАРҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Зерттеушілер жаңа кітаптан не біледі?

  • Киелі кітапты зерттегісі келетіндерге неліктен осы бейнероликті көрсетуіңіз қажет?

  • Зерттеу барысында зерттеушіні қандай мақсаттар қоюға және қол жеткізуге талпындырғаныңыз дұрыс? (“Әр бөлімге арналған ойбағдар мен мақсаттар” кестесін қараңыз.)

a ЕСКЕРТУ: Зерттеу барысында “Қосымша ізденіңіз” бөлігін қарастыру міндетті болмаса да, дайындық кезінде олардың бәрін оқып, қарап шығуға уақыт бөліңіз. Сонда сіз олардың қайсысы зерттеушіңізге әсіресе керекті болатынын білесіз. Басылымның электронды нұсқасында бейнероликтер мен қосымша мәліметтің сілтемелері бар.

ӘР БӨЛІМГЕ АРНАЛҒАН ОЙБАҒДАР МЕН МАҚСАТТАР

 

САБАҚТАР

ОЙБАҒДАР

ЗЕРТТЕУШІНІҢ МАҚСАТТАРЫ

1

01—12

Киелі жазбалардың сізге қандай пайдасы тиетінін және оның авторын қалай танып-білуге болатынын біліңіз

Зерттеушіні Киелі кітапты оқуға, сабаққа дайындалуға және қауым кездесулеріне қатыса бастауға талпындырыңыз

2

13—33

Құдай Тағала біз үшін не істегенін және оған қандай ғибадат ұнайтынын біліңіз

Зерттеушіні шындық жайлы өзгелерге айтуға және жариялаушы болуға талпындырыңыз

3

34—47

Құдай өз қызметшілерінің қандай болғанын қалайтынын біліңіз

Зерттеушіні өмірін Ехобаға бағыштауға және шомылдыру рәсімінен өтуге талпындырыңыз

4

48—60

Құдайдың сүйіспеншілігінен қалай айырылмауға болатынын біліңіз

Зерттеушіге дұрыс пен бұрысты ажыратуды және рухани қадамдар жасауды үйретіңіз

АЛҒАШ БАРҒАНДА “МӘҢГІ БАҚИ ӨМІРДІҢ РАҚАТЫН КӨРІҢІЗ!” КІТАПШАСЫН ҰСЫНУДЫҢ ЖОЛЫ

Кітапшаның артында буклеттердегідей қызығушылық оятатын сұрақ бар. Былай етіп көріңіз:

  • Сұрақты қойып, жауап нұсқаларын ұсыныңыз.

  • Зәбүр 37:29-да Киелі кітап қалай жауап беретінін оқыңыз.

  • “Мұны білгеніңіздің қандай пайдасы бар?” деген тақырыпшадағы ойларды талқылаңыз. Уақыт болса, сондағы тармақтарды оқып, суретке назар аударыңыз.

  • Кейінгі бөліктегі сұрақтың жауабын білуді ұсыныңыз да, алғашқы сабақты талқылауды бастап кетіңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу