ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 25, 26
Киелі шатырдағы ең маңызды бұйым
Сандық киелі шатырдағы және исраилдіктердің қосындағы ең маңызды бұйым болған. Сандықтың татуластыру қақпағының үстіндегі екі керуб арасындағы бұлт Ехобаның өз халқымен бірге екендігін білдірген. Күнәні өтейтін күні бас діни қызметкер Исраил халқының күнәларын өтеу үшін Ең қасиетті бөлмеге кіріп, қақпақтың алдына бұқа мен текенің қанын бүркіген (М3ж 16:14, 15). Бұл ұлы Бас діни қызметкер Исаның көкке Ехобаның алдына барып, төлем құрбандығының құнын ұсынуын бейнелеген (Ев 9:24—26).
Төлемнің бізге әкелетін игілігіне сай келетін тармақтарды табыңыз:
ТАРМАҚТАР
ИГІЛІГІ
мәңгілік өмір сүру үміті
күнәлардың кешірілуі
таза ар-ұждан
Осы игіліктерді көру үшін не істеуіміз қажет?