МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Дүниенің ақыры жақындаған сайын берік тұруға бекініңіз
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Жуырда дүниені дүр сілкіндірер оқиғалар болғанда, Ехобаға деген сеніміміз бен батылдығымыз осыған дейін болмаған сынаққа кезігеді. Зор алапат жалған діндер жойылғанда басталады (Мт 24:21; Аян 17:16, 17). Сол бір астан-кестен уақытта біз адамдарға ауыр тиетін үкімді жариялайтын шығармыз (Аян 16:21). Бізге Магог жеріндегі Гог шабуылдайтын болады (Езк 38:10—12, 14—16). Сонда өз халқын құтқару үшін Ехоба Құдіреті шексіз “Құдайдың ұлы күні болатын соғысты” бастайды (Аян 16:14, 16). Алдағы сол оқиғаларды батылдықпен қарсы алу үшін қазіргі шақтағы сенім сынынан сүрінбей өтуіміз қажет.
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Ехобаның биік моральдық нормаларын батыл ұстаныңыз (Иш 5:20)
Бауырластармен бірге ғибадат етуді доғармаңыз (Ев 10:24, 25)
Ехобаның ұйымы беріп жатқан нұсқауларға бірден мойынсұныңыз (Ев 13:17)
Ехоба өз халқын бұрын қалай құтқарғаны турасында ойланып-толғаныңыз (Пт2х 2:9)
Ехобаға дұға етіңіз, оған сенім артыңыз (Зб 112:7, 8)
“БАТЫЛДЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН АЛДАҒЫ ОҚИҒАЛАР (ҮЗІНДІ)” ДЕГЕН БЕЙНЕҚОЙЫЛЫМДЫ КӨРГЕН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Қауымдары екіге бөлініп, басқа қауымдарға қосылғанда, жариялаушылардың бойсұнушылығы қалай сыналды?
Батылдық пен бойсұнушылық қалай байланысты?
Армагеддон келгенде, неге бізге батылдық қажет болады?
Батылдықты қажет ететін алдағы оқиғаларға қазірден бастап дайындалыңыз
Киелі кітаптағы қандай оқиға Ехоба бізді құтқара алатынына деген сенімімізді қайрай түседі? (Ш2ж 20:1—24)