МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Оқиға ішіне еніңіз
Киелі кітаптан бір үзінді оқығанда, сол оқиғаның ішіне еніп кетіңіз. Бұл үшін оқиғаның мәнмәтіні, кейіпкерлері жайлы біліңіз және олардың әрекеттеріне не түрткі болғанын ойлап көріңіз. Ой-қиялыңызды іске қосып, дауыстарды естіңіз, иістерді сезіңіз, айналаны елестетіңіз және кейіпкерлердің сезімін сезініп көріңіз.
“КИЕЛІ КІТАП ОҚУ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛСЫН” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІҢ ҮЗІНДІСІН КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Жүсіп пен бауырларының арақатынасын қиындатқан не болуы мүмкін?
Жүсіптің бауырларының кейде қызбалыққа салынуына не себеп болуы мүмкін?
Жүсіптің әкесі Жақып туралы Жазбалардан не білуге болады?
Кикілжіңді шешуге қатысты Жақып ұлдарына қандай жақсы өнеге көрсетті?
Бұл бейнероликтен өзіңізге қандай ой түртіп алдыңыз?