ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 6—8
Құдай қалай айтса, Нұх дәл солай істеді
Қолында заманауи құрал-сайманы мен құрылыс жобасы болмаған Нұхтың отбасын қандай ауқымды іс күтіп тұрғанын ойлап көріңізші.
Бұл өте үлкен кеме болу керек еді. Ұзындығы шамамен — 133 метр, ені — 22 метр, ал биіктігі — 13 метр.
Ағашты шауып, көлемі мен пішінін келтіру үшін кесіп, көтеріп, тиісті орнына қою керек еді.
Алып кеменің іші-сыртын қарамаймен сылау керек еді.
Нұхтың отбасына және жануарларға бір жылға жететін азық-түлік қорын жинау керек еді.
Бұл жобаны аяқтау үшін шамамен 40—50 жылдай уақыт кетсе керек.
Ехобаның тапсырмасын орындау қиынға соқса, осы оқиға жігерімізді қалай қамшылайды?