ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ҚОЛОСТЫҚТАРҒА 1—4
Ескіні тастап, жаңаны киіп алайық
Шындықты білгенде, мінез-құлқыңыз бен болмысыңызды жақсарту үшін көптеген өзгерістер жасаған шығарсыз. Сол кезде Ехоба сіздің талпынысыңызды көріп, қатты қуанды (Езк 33:11). Десе де ескі болмысымыз қайтадан қыр көрсетпес үшін, әрі жаңа болмысқа тән қасиеттерді таныта беру үшін үздіксіз күш салуымыз қажет. Өзгеретін жақтарыңызды байқау үшін келесі сұрақтар жайлы ойланып көріңіз:
Мені ренжіткен адамға әлі де өкпе сақтап жүрмін бе?
Шаршап не асығып тұрсам да, шыдамдылық танытамын ба?
Азғын ойлар келсе, санамнан бірден қуамын ба?
Ұлты не нәсілі басқа адамдарға жақтырмай қараймын ба?
Жақын арада біреуге қатты сөйлеп не өзімді ұстай алмай қалдым ба?