МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Кариб аралдарына көрсетілген шұғыл көмек
Бірінші ғасырдағыдай, бүгінгі таңда біз де табиғи апаттан зардап шеккен бауырластарға сүйіспеншілік көрсете аламыз. Бұл — зор мәртебе! (Жх 13:34, 35). Мәсіхшілер Кариб аралдарында тұратын бауырластарға қалай көмек қолын созғанын “Іс жүзіндегі сүйіспеншілік. Апаттан зардап шеккен аралдарға көмектесу шаралары” деген бейнероликтен тамашалаңыз. Кейін мына сұрақтарға жауап беріңіз:
“Ирма” мен “Мария” дауылдары соққанда, Кариб аралдарындағы бауырластар не сезінді?
Ехоба оларға бауырластар арқылы қалай көмектесті?
Бауырластардың ыстық сүйіспеншілігі мен асқан жомарттығы жапа шеккендерге қалай әсер етті?
Кариб аралдарындағы жапа шеккендерге көмектесу шарасына қанша бауырлас атсалысты?
Табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесу үшін әрбіріміз не істей аламыз?
Осындай ұйымның мүшесі болғаныңыз сізді қандай сезімге бөлейді?