ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ҚОРЫНТТЫҚТАРҒА 2-ХАТ 7—10
Жапа шеккендерге көмектесу — қасиетті қызмет
Мәсіхшілердің атқаратын қызметі екіге бөлінеді. Біріншісі — “татуластыру қызметі”, яғни уағыздау мен тәлім беру ісі. Екіншісі — “қасиеттілерге қызмет ету”, яғни апаттан жапа шеккен бауырластарға жәрдемдесу (Қ2х 5:18—20; 8:4). Демек, көмекке зәру бауырластарға қол ұшын беру қасиетті қызметке жатады. Осылайша біз:
бауырластардың қажеттілігін жақсылап қамтамасыз етеміз (Қ2х 9:12а)
зардап шеккендердің әдеттегі рухани істеріне оралуына, мысалы Ехобаға деген ризашылығының белгісі ретінде белсене уағыздауына, себепші боламыз (Қ2х 9:12ә)
Ехобаны дәріптейміз (Қ2х 9:13); көмектесу шарасы — баршаға, тіпті Ехоба куәгерлері жайлы теріс пікірдегі адамдарға да жақсы куәлік