Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb19 ақпан 8-б.
  • Табандылықпен күте беріңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Табандылықпен күте беріңіз
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Ұқсас мәлімет
  • Еш нәрсе бізді сыйымыздан айырып жүрмесін
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Ехобаның ұйымына жақын болыңыз
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Табандылық жүлдеге жеткізеді
    Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Қиындықтарды еңсеруге Ехоба көмектеседі
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
mwb19 ақпан 8-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Табандылықпен күте беріңіз

Құдай Патшалығының келуін ұзақ уақыттан бері күтіп жүрсіз бе? Сіз қиындықтарға жылдар бойы табандылықпен төзіп келе жатқан шығарсыз (Рм 8:25). Кейбір бауырластарымыз жеккөрушілік пен қиянат көріп жүр, басқалары түрмеге жабылған, тіпті кейбірінің өмірі қыл үстінде. Созылмалы ауруға ұшыраған, қарттықтың зардабын тартып жүрген бауырластарымыз да аз емес.

Қандай қиындыққа кезіксек те, Құдай Патшалығын қуана күтуімізге не көмектеседі? Сеніміміз күшті болып қала беру үшін Киелі кітапты күн сайын үзбей оқып, терең ойлануымыз қажет. Бар назарымызды үмітімізге тіккеніміз жөн (Қ2х 4:16—18; Ев 12:2). Ехобаға жалбарына дұға етейік және киелі рух арқылы күш беруін өтінейік (Лқ 11:10, 13; Ев 5:7). Қамқор Әкеміз “шыдамдылықпен және қуанышпен төзуімізге” көмектеседі (Қл 1:11).

“БІЗ “ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ЖҮГІРУІМІЗ” ҚАЖЕТ. СЫЙ АЛАТЫНЫМЫЗҒА СЕНІМДІ БОЛАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Джейми мен әйелі қызметте жүр

    Өмірде қандай “кездейсоқ жағдайлар” болуы мүмкін? (Уғ 9:11)

  • Джейми инсульт алғаннан кейін, Карл бауырлас оған бір тармақ көрсетіп жатыр

    Қиындық кезінде дұғаның қандай пайдасы бар?

  • Джейми мен Карл бір ерлі-зайыптыға бақташылық сапар жасауда

    Ехобаға бұрынғыдай қызмет ете алмай қалсақ, неге әлі де қолымыздан келіп тұрған істер жайлы ойлануымыз керек?

  • Джейми өзін жұмақта қайтадан жүгіріп жүргенін елестетіп жатыр

    Алдағы сыйдан көз жазып қалмаңыз

    Сый алатыныңызға деген сеніміңізді жоғалтпауға не көмектеседі?

Қиындық көріп жүргендерге және олардың отбасына қалай қолдау көрсете аласыз?

  • Оларға мейіріммен сөйлеңіз және оларды өзгелермен салыстырмаңыз

  • Құлақ қойып тыңдаңыз

  • Олар үшін және олармен бірге дұға етіңіз

  • Тамақ әзірлеп беріңіз не үй шаруасына жәрдемдесіңіз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу