МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Қиындықтарды еңсеруге Ехоба көмектеседі
Осы соңғы күндері біз көптеген қиындықтарды бастан кешудеміз. Қиындықтарымыз кейде еңсере алмастай ауыр болып көрінуі мүмкін. Бірақ Ехобамен достығымызды әрі қарай да нығайта берсек, ол бізге ең ауыр деген қиындықтардың өзін жеңуге көмектеседі (Иш 43:2, 4). Қиындық көргенде Ехобамен достығымызды нығайту үшін не істесек болады?
Дұға ету. Уайымымызды Ехобаға ақтарып айтсақ, ол бізге жантыныштығын сыйлайды және қиындықты жеңуге күш береді (Фп 4:6, 7; Сл1х 5:17).
Қауымға бару. Ехоба қауым арқылы беретін рухани ас-суға және ыстық бауырластыққа біз қиын шақта әсіресе мұқтаж боламыз (Ев 10:24, 25). Егер қауымға дайындалсақ, барсақ, атсалыссақ, Құдай рухының көмегін толықтай көреміз (Аян 2:29).
Уағызға шығу. Уағыздауға барынша тырыссаңыз, оң көзқарас сақтау оңай болады. Сондай-ақ Ехобамен де, бауырластармен де достығыңыз нығая түседі (Қ1х 3:5—10).
“ЕХОБА ӘРДАЙЫМ ЖАНЫҢЫЗДАН ТАБЫЛАДЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Малуға қиын шақта Ехобаға жақын болып қалуға не көмектесті?
Біз де Малу сияқты Зәбүр 34:18-дегі сөздерден қалай жұбаныш тапсақ болады?
Қиындық кезінде Ехоба бізге “адам күшінен асқан күш” беретінін Малудың жағдайы қалай дәлелдейді? (Қ2х 4:7).