ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 27, 28
Пауылдың Римге жол тартуы
Пауыл қамауда отырғанына қарамай, сенімімен бөлісе берді. Кемеде болғанда ол қасындағы кісілер мен өзге де жолаушыларға уағыздады. Ал кеме апатынан аман қалып, Мальта аралына келгенде де, өзі сауықтырған адамдарға уағыздағанында дау жоқ. Римге жеткеннен кейін үш күннен соң, Пауыл куәлік ету үшін сондағы яһуди жетекшілерін шақырып алды. Екі жыл үй қамауында отырғанда да, ол келім-кетімнің бәріне уағыз айтты.
Мүмкіндігіңіз шектеулі болғанына қарамастан, ізгі хабарды уағыздау үшін не істей аласыз?