МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Балаларды Құдай жолымен тәрбиелеу”
Ата-аналар балаларын жақсы тәрбиелеу үшін көктегі Әкелері Ехобадан не үйрене алады? “Балаларды Құдай жолымен тәрбиелеу” деген бейнероликті ойнатып, кейін Абилио мен Улла Аморим жайлы төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Абилио мен Улланың балалық шағы оларды өз балаларын тәрбиелеуге қалай дайындады?
Балалары кішкентай кездеріндегі қандай жағымды сәттерді естеріне алды?
Абилио мен Улла Мұсаның 5-жазбасы 6:6, 7-дегі кеңесті қалай қолданды?
Неліктен олар балаларына не істеу керектігін айтып қана қоя салмаған?
Олар балаларына өз болашақтарын таңдауға қалай көмектесті?
Балаларын әрдайым толық уақытты қызметке талпындырған олар қандай құрбандықтарға баруға дайын болды?