ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 21, 22
“Ехобаның қалауы болсын”
Пауыл киелі рухтың Иерусалимге бағыттап жатқанын сезді. Алайда ол жерде оны көптеген қиындықтар күтіп тұрған еді (Е.і 20:22, 23). Бауырластар игі ниетпен Пауылдан Иерусалимге бармауды өтінгенде, ол: “Бұларың не? Неге жылап, мені алған бетімнен қайтармақсыңдар?”— деді (Е.і 21:13). Біз де Ехобаға жанқиярлықпен қызмет етуге бекінген бауырластарымызды ешқашан райларынан қайтарғымыз келмес еді.