МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехобаға арналған сый
Біз қалай “Ехобаға арнап... сый бере” аламыз? (Ш1ж 29:5, 9, 14). Төменде Ехоба куәгерлерінің жергілікті және дүниежүзілік ісін қолдау үшін ерікті түрде садақа жасаудың бірнеше жолы келтірілген.
ОНЛАЙН ТҮРДЕ ЖІБЕРІЛГЕН НЕ САДАҚА ЖӘШІКТЕРІНЕ САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ІСКЕ:
филиал ғимараттары мен қашықтағы аударма кеңселерін соғу мен пайдалану
теократиялық мектептерді өткізу
арнайы толық уақытты қызметшілерге көмек
апаттан зардап шеккендерге көмек
баспа мен видео өнімдерін, сандық форматтағы басылымдарды шығару
ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ:
Патшалық сарайының коммуналдық қызметтері мен күтіп ұстау шаралары іспетті қауымның шығындары
Төмендегі істер үшін филиалға қаржы жіберуге қатысты қауымның қабылдаған қарарлары:
Дүниежүзілік Патшалық сарайлары мен Конгресс сарайларының құрылысына
Дүниежүзі бойынша қол ұшын беру шарасына
өзге дүниежүзілік істерге
КОНГРЕСТЕРГЕ
Аймақтық конгресте түскен садақалар дүниежүзілік іске жұмсалады. Демек, аймақтық, арнайы және халықаралық конгрестердің шығындары дүниежүзілік іске түскен садақамен өтеледі.
Аудандық конгрестерде түскен садақалар конгресс өткізілетін орындарды жалдауға, күтіп ұстауға және ауданның өзге де шығындарына жұмсалады. Ал артылып қалған қаржыны аудан дүниежүзілік іске жібере алады.