ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 6—8
Жаңа құрылған мәсіхшілер қауымының кезіккен сынақтары
Шомылдыру рәсімінен өткен соң, Иерусалимде біраз уақытқа қалуды ұйғарған грекше сөйлейтін жесірлер қауымда алалаушылыққа кезікті. Осындай әділетсіздіктің кесірінен олар сүрініп қалды ма, әлде бұл мәселені Ехобаға қалдырып, оны шыдамдылықпен күтті ме?
Степан таспен атып өлтірілгеннен кейін мәсіхшілерге көрсетілген қуғын-сүргін үдей түсті. Содан Иерусалимдегі мәсіхшілер Яһудея мен Самарияға бытырап кетті. Бұл жағдай олардың қызметтерін бәсеңдетті ме?
Ехобаның арқасында жаңа құрылған мәсіхшілер қауымы табандылық танытып, өркендей берді (Е.і 6:7; 8:4).
ӨЗІҢІЗДЕН БЫЛАЙ ДЕП СҰРАҢЫЗ: Қиындықтарға кезіккенде мен қалай әрекет етемін?