МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Сүйіспеншілік — шынайы мәсіхшілерді айрықшалайтын белгі. Шындыққа қуанайық
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Исаға еліктеп, біз Құдайдың ниетіне қатысты шындық туралы куәлік етуіміз керек (Жх 18:37). Бұдан бөлек, өтірік пен әділетсіздік белең алған әлемде өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, біз шындыққа қуануымыз керек, шындықты айтуымыз керек және шынайы нәрселер туралы ойлануымыз керек (Қ1х 13:6; Фп 4:8).
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Ешқашан өсек-аяң тыңдамаңыз және оны таратпаңыз (Сл1х 4:11)
Біреудің бақытсыздығына қуанбаңыз
Жағымды, жігерлендіретін нәрселерге қуана біліңіз
“ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІҢ “ӘДІЛЕТСІЗДІККЕ ЕМЕС, ШЫНДЫҚҚА ҚУАНАЙЫҚ” ДЕГЕН БӨЛІГІН ҚАРАП, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Дебби қалайша “әділетсіздікке қуанды”?
Эллис қалай әңгімені жақсы жаққа бұрды?
Қандай жағымды тақырыптар жайлы әңгімелесуге болады?
Әділетсіздікке емес, шындыққа қуаныңыз