МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Сұрақтарды тиімді қолдану
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? “Адамның ой-ниеті терең құдықтағы судай” болса, сұрақтар оны тартып шығаратын шелек іспетті (Н.с 20:5). Сұрақтар адамды әңгімеге тартуға көмектеседі. Жақсылап ойластырылған сұрақтар оның жүрегінде не барын түсінуге жол ашады. Иса сұрақтарды шебер қолданған. Одан қалай үлгі алсақ болады?
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Адамның ойын білуге көмектесетін сұрақтар қойыңыз. Иса шәкірттерінің ойын білу үшін бірқатар сұрақ қойған (Мт 16:13—16; be 238-б., 3—5 абз.). Адамның көзқарасын білу үшін қандай сұрақтар қойсаңыз болады?
Жетелеуші сұрақтар. Петірге дұрыс тұжырымға келуге көмектесу үшін, Иса оған сұрақтар қойды және жауаптардың нұсқасын берді (Мт 17:24—26). Әлдекімге дұрыс қорытындыға келу үшін, қандай жетелеуші сұрақтар қойсаңыз болады?
Адамды мақтаңыз. Дін мұғалімі “ақылмен жауап бергенде”, Иса оны мақтады (Мр 12:34). Сұраққа жауап берген адамды қалай мақтай аласыз?
“ИСА ПАЙҒАМБАР АТҚАРҒАН ІСТІ ОРЫНДАЙЫҚ. ТӘЛІМ БЕРЕЙІК” БЕЙНЕРОЛИГІНІҢ БІРІНШІ БӨЛІГІН КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:
Бауырлас мәліметті тура жеткізгенмен, неге бұл тәлім берудің жаман үлгісі?
Неге мәліметті жай ғана түсіндіріп қоя салу жеткіліксіз?
БЕЙНЕРОЛИКТІҢ ЕКІНШІ БӨЛІГІН КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:
Бауырлас сұрақтарды қалай тиімді қолданды?
Осы бейнероликтегі тәлім берудің қандай тәсілдерін қолданғыңыз келеді?
Тәлім беру жолымыз адамдарға қалай әсер етуі мүмкін? (Лқ 24:32)