Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb17 желтоқсан 5-б.
  • Апта ішінде өтетін кездесудегі жаңа ерекшелік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Апта ішінде өтетін кездесудегі жаңа ерекшелік
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіхтің салтанатпен Иерусалимге кіруі
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Патша Иерусалимге тайқарға мініп кірді
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • А7-Д Исаның жердегі өмірінің басты оқиғалары. Исаның Иерусалимдегі соңғы қызметі (1-бөлім)
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • “Ауминіміз” Ехоба үшін бағалы
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
mwb17 желтоқсан 5-б.
“Жаңа дүние аудармасының” зерттеуге арналған онлайн басылымындағы Матай жазған Ізгі хабар

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Апта ішінде өтетін кездесудегі жаңа ерекшелік

2018 жылдың қаңтарынан бастап апта ішіндегі кездесуде “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” (nwtsty) зерттеуге арналған онлайн басылымы ана тіліңізге әлі аударылмаған болса да, ондағы зерттеу мәліметтері мен мультимедиа қарастырылатын болады. Бұл мәліметтер кездесулерге деген дайындығыңызды қызық та мағыналы етері анық. Бұдан да маңыздысы, бұл сізді сүйіспеншілігі мол Әкеміз Ехобаға одан сайын жақындата түседі!

ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІ

Бұл жерде Киелі кітап тармақтарын тереңірек түсінуге көмектесетін мәдениетке, географияға және лингвистикаға байланысты қызықты мағлұматтар келтірілген.

Матай 12:20

Сығырайған білте. Тұрмыста қолданылған шамдар қыштан жасалып, кішігірім келетін әрі ішіне зәйтүн майы құйылатын. Зығыр білте сол майға малынып жанып тұратын. Грек тілінен “сығырайған білте” деп аударылған сөз сөнуге шақ қалғандықтан я сөніп қалғандықтан түтеп жанған білтеге нұсқауы мүмкін. Ишая 42:3-те Исаның өте жанашыр болатыны алдын ала айтылған: ол еңсесі езілген қарапайым адамдардың жүрегіндегі өшкелі тұрған үміт ұшқынын ешқашан сөндірмес еді.

Матай 26:13

“Шындығын”. Грекше “амен” деген бұл сөз — еврейдің “аман” сөзінің транслитерациясы, әрі ол “солай болсын, рас” дегенді білдіреді. Иса бұл сөзді қандай да бір жайтты, уәдені я пайғамбарлықты айтар алдында жиі қолданған, осылай сөздерінің мүлтіксіз рас әрі сенімді екендігіне баса назар аударған. “Шындығын”, яки “амен” сөзін Киелі кітапта не басқа да діни әдебиеттерде Исадан басқа ешкім осылай қолданбаған. Жохан жазған Ізгі хабарда Иса осы сөзді (амен, амен) екі рет қайталап қолданған. Ол жерде бұл сөз “нағыз шындық” деп аударылған (Жх 1:51).

МУЛЬТИМЕДИА

Фотосуреттер, көркем суреттер, дыбыссыз видеолар мен анимациялар Киелі кітапта жазылғандарды әртүрлі қырынан көруге көмектеседі.

Бетфаге, Зәйтүн тауы және Иерусалим

Бұл қысқа бейнеролик оқырманды Иерусалимге апаратын жолмен алып жүреді. Жол шығыстан, яғни қазіргі таңдағы Эт-Тур ауылынан (бұл Киелі кітаптағы Бетфагеге сай келеді деп есептеледі) басталып, Зәйтүн тауының бір төбесімен аяқталады. Бетания Бетфагенің шығысында, Зәйтүн тауының шығыс беткейінде орналасқан. Иса мен шәкірттері Иерусалимде болғанда, әдетте Бетанияда түнейтін. Бүгінде Бетанияның орнында Эль-Азарие (Эль-Ейзария) қалашығы орналасқан. Бұл атау араб тілінен “Елазардың жері” деп аударылады. Иса Бетанияда болғанда Марта, Мәриям мен Елазардың үйінде тоқтап жүргені анық (Мт 21:17; Мр 11:11; Лқ 21:37; Жх 11:1). Олардың үйінен шығып, Иерусалимге жол тартқанда, Иса бейнероликте көрсетілген бағытпен жүрсе керек. Б. з. 33 жылы 9 нисанда Иса тайқарға мініп Зәйтүн тауы арқылы Иерусалимге жол тартқанда, сірә, Бетфагеден шығып, Иерусалимге апаратын жолға түссе керек.

Иса, сірә, Бетаниядан Иерусалимге барған жол
  1. Бетаниядан Бетфагеге апаратын жол

  2. Бетфаге

  3. Зәйтүн тауы

  4. Қидрон аңғары

  5. Ғибадатхана аумағы

Өкше сүйегіне қағылған шеге

Адамның шеге қағылған өкше сүйегі

Бұл — ұзындығы 11,5 см темір шеге қағылған адамның өкше сүйегінің дәлме-дәл көшірмесінің фотосуреті. Ал түпнұсқа жәдігердің өзі 1968 жылы Иерусалимнің солтүстігінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған, ал уақыты Рим империясы дәуіріне сай келеді. Бұл жәдігер ертеде адамды ағаш бағанаға шегелеп өлтірген болуы мүмкін екенін археологиялық тұрғыдан дәлелдейді. Рим сарбаздары Исаны бағанаға ілгенде, осыған ұқсас шеге қолданса керек. Жәдігер оссуарий деп аталатын тас табыттан табылған. Кезінде марқұмның денесі шіріген соң, оның қураған сүйегін тас табытқа салып қойған. Бұдан бағанаға шегеленіп өлтірілгендерді кейін жерлеуі мүмкін екені көрінеді (Мт 27:35).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу