Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w19 наурыз 29—31 бет.
  • “Ауминіміз” Ехоба үшін бағалы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Ауминіміз” Ехоба үшін бағалы
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БҮКІЛ ХАЛЫҚ “АУМИН” ДЕЙТІН БОЛАДЫ
  • ХАЛЫҚ “АУМИН” ДЕП, ЕХОБАНЫ МАДАҚТАДЫ
  • “АУМИН” ДЕУІМІЗДІҢ МАҢЫЗЫ
  • Исаның Құдай ниетіндегі ерекше рөлі
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдайға дұға арқылы жақында
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • ‘Құдайға өтініштеріңді білдіріңдер!’
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
w19 наурыз 29—31 бет.
Қауымда бауырластар бастарын иіп, дұғаны тыңдап тұр

“Ауминіміз” Ехоба үшін бағалы

ЕХОБА өзіне ғибадат еткенімізді жоғары бағалайды. Ол қызметшілерінің айтқандарын ден қойып тыңдайды. Оны мадақтау үшін істеген кішігірім істеріміздің өзі оның көзінен таса қалмайды (Малх. 3:16). Мысалы, біз жиі айтатын “аумин” деген сөзді алайық. Ехоба үшін осы бір қарапайым сөз бағалы деуге бола ма? Әрине! Неге бағалы екенін білу үшін бұл сөздің не білдіретінін және оның Киелі кітапта қалай қолданылғанын қарастырып өтейік.

БҮКІЛ ХАЛЫҚ “АУМИН” ДЕЙТІН БОЛАДЫ

“Аумин” деген сөз “солай болсын”, “рас” дегенді білдіреді. Бұл сөз “адал болу”, “сенімді болу” дегенді білдіретін еврей сөзімен түбірлес келеді. Кейде ол сот істерінде де қолданылған. Ант бергенде адам “аумин” деуімен айтқандарының рас екенін дәлелдейтін. Сондай-ақ антының салдары қандай болатынын түсініп, онымен келісетінін көрсететін (Мұс. 4-ж. 5:22). Жұрт алдында “аумин” деп айтқаны адамның өз сөзінде тұруға деген шешімін қатайтатын (Нех. 5:13).

Мұсаның 5-жазбасының 27-тарауында ерекше бір оқиға жазылған. Исраилдіктер Уәде етілген жерге кірген соң, Евал мен Гаризим тауларының арасына жиналды. Олар сол жерде дауыстап оқылған Заңды тыңдау керек еді. Халық жай тыңдау үшін ғана емес, Заңды ұстанатындарын жариялау үшін де жиналды. Заңды орындамаған жағдайда оларды қандай жаза күтіп тұрғаны айтылғанда, жұрт бір ауыздан “аумин” деп жауап берді (Мұс. 5-ж. 27:15—26). Жүз мыңдаған ерлер мен әйелдердің, балалардың бар дауыстарымен “аумин” деп жатқандарын көз алдыңызға елестетіп көріңізші! (Ешуа 8:30—35). Сол күні берген анттарын исраилдіктер еш ұмытпаса керек. Олардың уәделерінде тұрғандары Киелі кітаптағы мына сөздерден көрінеді: “Исраил халқы Ешуаның, сондай-ақ одан ұзағырақ жасаған әрі Ехобаның Исраилдің игілігі үшін жасаған барлық істерін көрген ақсақалдардың көзі тірісінде Ехобаға қызмет етіп жүрді” (Ешуа 24:31).

Иса да айтқан сөзінің растығын дәлелдеу үшін “аумин” деп айтқан. Бірақ ол мұны айрықша жолмен істеген. Иса “аумин” дегенді айтылған сөздерге жауап ретінде емес, керісінше, алғы сөз ретінде қолданған. Осылайша айтқалы жатқандары шындық екеніне назар аударғанa. Кейде ол “аумин, аумин” деп қайталап айтқанb. Осылайша Иса сөздерінің бұлтартпас шындық екеніне тыңдаушыларының көзін жеткізген. Иса зор сенімділікпен сөйлей алған, өйткені ол Құдайдың бар уәделерін жүзеге асырмақ еді (Қор. 2-х. 1:20; Аян 3:14).

ХАЛЫҚ “АУМИН” ДЕП, ЕХОБАНЫ МАДАҚТАДЫ

Исраилдіктер Ехобаны мадақтағанда да, дұға еткенде де “аумин” деп айтатын болған (Нех. 8:6; Зәб. 41:13). Жиналған халық дұғадан кейін “аумин” деуімен айтылған дұғаны өз дұғасындай жолдайтынын көрсеткен. Ехобаға осылай бәрі бірге ғибадат еткенде, рухани шара одан сайын байи түскен. Осындай оқиға Дәуіт патшаның тұсында болды. Ол Ехобаның келісім сандығын Иерусалимге әкеліп, осы қуанышты жайттың арты тойға ұласты. Шежірелер 1-жазба 16:8—36 тармақтардан оқитынымыздай, Дәуіттің өлең жолдарымен жазылған жүрек толқытар дұғасын Асап пен оның бауырлары жырлады. Сол сөздерден кейін толқып кеткен халық “аумин” деді де, Ехобаны мадақтады. Олардың бір ауыздан “аумин” дегені сол күннің қуанышын еселей түсті.

I ғасырдағы мәсіхшілер де Ехобаны мадақтағанда “аумин” дейтін болған. Киелі кітапты жазған адамдар да өз хаттарында бұл сөзді жиі қолданған (Рим. 1:25; 16:27; Пет. 1-х. 4:11). Аян кітабында көктегі рухани жаратылыстардың да: “Аумин! Ехобаны мадақтаңдар!”— деп Құдайды даңқтап жатқаны суреттелген (Аян 19:1, 4). Алғашқы мәсіхшілер жиналыстарында дұға айтылғанда да “аумин” дейтін болған (Қор. 1-х. 14:16). Алайда олар бұл сөзді ойланбастан айта бермеген.

“АУМИН” ДЕУІМІЗДІҢ МАҢЫЗЫ

Жоғарыда “аумин” сөзінің қайдан бастау алғанына үңілген соң, дұғадан кейін “аумин” деудің мәні зор екенін түсіндік. Өз дұғамыздан кейін “аумин” дегенде, айтқандарымыз жүрегімізден шыққанын көрсетеміз. Ал көпшіліктің алдында айтылған дұғадан кейін “аумин” деуімізбен, тіпті іштей айтсақ та, дұғадағы сөздерге қосылатынымызды паш етеміз. “Аумин” дегеніміз тағы қай жағынан маңызды екенін көрейік.

Ғибадатымыз жанданады. Ехобаға ғибадат етуге дұғаның соңында “аумин” дегеніміз ғана емес, дұға айтылып жатқанда өзімізді қалай ұстағанымыз да жатады. Дұғаның маңыздылығын терең түсінсек және дұғада айтылғандарды ден қойып тыңдасақ, “ауминіміз” жан дүниемізден шығатын болады.

Ынтымағымыз нығаяды. Көпшілік алдында айтылатын дұғада қауымдағылардың бәрі бір сөздерді жұмыла тыңдайды (Ел. іс. 1:14; 12:5). Бауырластармен бірге бірауыздан “аумин” дегенде, бірлігіміз беки түседі. Дауыстап айтсақ та, іштей айтсақ та, “ауминімізді” естігенде, Ехоба өтінішімізді орындауға одан бетер асық болады.

Әйел бауырлас кездесуді телефон арқылы тыңдап, дұғаға басын иіп қосылып отыр

“Аумин” деген сөзіміз Ехобаға арналған мадақты үстемелейді

Ехобаны мадақтаймыз. Оған ғибадат ету үшін жасап жатқан кішкене істеріміздің өзі Ехобаның көзінен таса қалмайды (Лұқа 21:2, 3). Ол біздің ниетіміз бен жүрегімізді көреді. Кейде қауым кездесуін телефон арқылы тыңдауға тура келсе де, біздің “аумин” деген бірауыз сөзімізді Ехоба елеусіз қалдырмайды. Бұл сөзіміз Ехобаға арналған мадақты үстемелейді.

“Аумин” деген сөзіміздің аса бір салмағы жоқтай көрінгенмен, оның астарында терең мән жатыр екен. Бір энциклопедияда айтылғандай, осы бірауыз сөздің көмегімен Құдайдың қызметшілері жүректерін кернеген сенімдерін, үміттерін, сондай-ақ дұғада айтылғандармен толықтай келісетіндерін паш ете алады. Ендеше, аузымыздан шыққан әрбір “ауминіміз” Ехобаға жағымды болғай! (Зәб. 19:14).

БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА “АУМИН” ДЕУІМІЗ КЕРЕК ПЕ?

“Аумин” деген — жеңіл-желпі қарайтын сөз емес. Сонда әлдебіреу дұғада бір нәрсені қате айтса, “аумин” демеуіміз керек пе? Олай деп кесіп айта алмаймыз. Ехоба біздің сөзден көп сүрінетінімізді біледі, сондықтан мұндай қателіктерге аса мән бере бермейді. Сол үшін тым сыншыл болудың орнына, сөздің астарындағы мағынасына мән беріп, “аумин” деп айтуды ұйғарармыз.

Алайда Ехоба куәгері емес адам дұға айтса, біз дауыстап та, ішімізден де “аумин” деп айтпаймыз. Мысалы, қандай да бір шара өтіп жатқанда, Ехобаны мойындамайтын адам дұға айтуы мүмкін. Я болмаса Ехобаға қызмет етпейтін отағасы отбасының атынан дұға етуді шешуі мүмкін. Осындай жағдайларда қалай әрекет етеміз?

Бұндай жағдайларда ізеттілік сақтап, үндемейміз. “Аумин” деп те айтпаймыз, қолымызды да жаймаймыз. Өйткені бұлай ету дұғаға қосылғанымыздың белгісі болып табылады. Біз іштей өз дұғамызды айтатын шығармыз, бірақ дауыстап “аумин” деп айтпаймыз. Себебі басқалар бізді айтылған дұғаға ортақтасты деп ойлап қалуы мүмкін. Егер жұрт дұға ету үшін отыратын болса, отыру-отырмауды әркім өзі шешеді. Өйткені отыру, бас ию сияқты әрекеттер өздігінен ғибадат ету болып табылмайды. Осындай жағдайларда қалай әрекет ететінін әр мәсіхші өзі шешуі тиіс әрі ешкім оны шешімі үшін айыптай алмайды.

Жоғарыда айтылғандардан “аумин” деп айтқанымыздың Ехоба үшін неліктен маңызды екенін тағы да аңғардық.

a Мысалы, Матай 5:18-де бұл сөз қазақ тілінде “шындығын айтамын” деп берілген.

b Мысалы, Жохан 1:51-де бұл сөздер қазақ тілінде “нағыз шындықты айтамын” деп берілген.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу