МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жүніс кітабының бізге берер тәлімі мол
Ехоба құнды сабақ алуымыз үшін сенімі берік ер-әйелдердің өмірін Киелі кітап беттерінде жазып қалдырған (Рм 15:4). Жүніс кітабынан не үйренуге болады? “Отбасылық ғибадат: Жүніс Ехобадан мейірімділікке үйренді” бейнеролигін ойнатып болған соң, келесі сұрақтарды қойыңыз:
Бейнероликтегі үш жариялаушы қандай қиындықтарға кезікті?
Жөнге салынғанда я жауапкершілігімізден босатылғанда, Жүніс кітабы қалай жігер бере алады? (С1ж 16:7; Жнс 3:1, 2).
Жүністің оқиғасы аумағымыздағы адамдарға дұрыс көзқарас танытуға қалай көмектесе алады? (Жнс 4:11; Мт 5:7).
Созылмалы ауруға шалдыққанда, Жүністің жағдайы бізге қалай жұбаныш бола алады? (Жнс 2:1, 2, 7, 9).
Осы бейнероликтен Киелі кітап оқу мен ой жүгіртудің маңыздылығы жайлы не білдіңіз?