МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Адамға қайта бару
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Патшалық туралы хабарға қызығушылық білдіргендердің көбісі Құдай туралы шындықты білгісі келеді (Иш 55:6). Оларға Құдай жайлы көбірек білуге көмектесу үшін қайта-қайта баруымыз керек. Әр адамның жағдайы әртүрлі болғандықтан, олардың қызығушылығын арттырудың жолы да әртүрлі. Алайда әр адамға барарда жақсылап дайындалып, не туралы сөйлесетінімізді ойластырып алсақ, сондай-ақ онымен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауды мақсат етсек, қызметіміз әлдеқайда жемісті болады.
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Адамға мүмкіндігінше тезірек, мысалы, бірнеше күннің ішінде оралуға тырысыңыз (Мт 13:19).
Достықпейіл танытып, ілтипатты болыңыз. Өзіңізді еркін ұстаңыз.
Адаммен жылы амандасыңыз. Сөйлескенде, оның есімін айтуға тырысыңыз. Келген мақсатыңызды есіне салыңыз: бәлкім, сұрағына жауап беруді, соңғы шыққан журналды я сайтымызды көрсетуді уәде еткен шығарсыз. Я болмаса бейнероликті не Киелі кітап зерттеу сабағының қалай өтетінін көрсетуді айтқан боларсыз. Ал оны басқа тақырып қызықтырып жатса, сол туралы сөйлесуге дайын болыңыз (Фп 2:4).
Оның жүрегіне себілген шындық дәнін суару үшін Жазбалардағы ойлармен бөлісіңіз, мүмкін болса, әдебиеттер әкеліңіз (Қ1х 3:6). Адаммен жылы қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз.
Қайта баруға негіз қалаңыз