МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехобаның уәделеріне деген сеніміңіз қаншалықты берік?
Ешуа мен Сүлеймен бірауыздан Ехобаның бірде-бір уәдесі орындаусыз қалмағанын айтқан (Еш 23:14; П1ж 8:56). Бұл екі сенімді куәгердің айтқан сөздері сеніміміздің негізін берік ете түседі (Қ2х 13:1; Тт 1:2).
Ешуаның күндерінде Ехоба өз уәделерін қалай орындады? Отбасыңызбен бірге “Құдайдың бір сөзі де орындаусыз қалған жоқ” деген бейнефильмді көріңіз. Сосын келесі сұрақтарды қарастырыңыз: (1) Сеніммен әрекет еткен Рахабқа қалай еліктей аласыз? (Ев 11:31; Жқ 2:24—26). (2) Бойсұнбаушылық қасіретке әкеп соғатыны Аханның жағдайынан қалай көрінеді? (3) Неге гибеондықтар жауынгер болғанына қарамастан, Ешуаны алдап, Исраилмен бейбітшілік келісім жасасты? (4) Аморлықтардың бес патшасы Исраилге қауіп төндіргенде, Ехобаның айтқан сөзі қалай орындалды? (Еш 10:5—14). (5) Құдай Патшалығы мен оның әділдігін бірінші орынға қойғаныңызда, Ехоба сіз үшін қалай әрекет етті? (Мт 6:33).
Ехобаның не істегені, не істеп жатқаны және не істейтіні туралы ойлансақ, оның уәделеріне деген сеніміміз нығая түседі (Рм 8:31, 32).
Сіздің сеніміңіз Ешуанікіндей берік пе?